Иммунология – Ғылым ретінде иммунитет анықтамасы. Иммунологияның даму тарихы. Қазіргі замандағы медициналық иммунология. Иммуниттет анықтамасы


-ші сурет.В-лимфоциттердің антигенге тәуелді дифференциялануы үрдісі кезіндегі клонды-сұрыптау теориясы



бет7/11
Дата14.10.2023
өлшемі150 Kb.
#114498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1-ші сурет.В-лимфоциттердің антигенге тәуелді дифференциялануы үрдісі кезіндегі клонды-сұрыптау теориясы
Иммундық арнайылық феноменіне қатысты гипотездік құрылымдар инструктивтік теорияларда көрсетілген.
Инструктивтік теориясы бойынша арнайы иммундық серпілістер қалыптасуында антигендер бастапқы орын алады, яғни антиген антиденедетүзілуінде матрица болып табылады.Осы екі теорияға сәйкес барлық иммуноглобулиндерде бірдей аминқышқылды қалдықтарының тізбектері бар, яғни ағзада барлық антиденелер бастамасы бірдей. Антиденелер әртүрлі антигендермен жанасқан кезде, антиген молекуласының пішініне сәйкестеніп үшіншілік құрылымы өзгереді.Қазіргі уақытта бұл теориялар тек қана тарихи мағлұмат болып қалды.Молекулалық биология және биохимияның мәліметтеріне қарама-қөарсы келеді, яғни нәруыздардың арнайылығы хромосомада орналасқан ДНК нуклеотидтерінің тізбектерінде қадағалануымен, ал молекуласының үшіншілік құрылымы оның біріншілік құрылымымен анықталатындығына және де сыртқы орта факторлардың әсерінен қызметін жоғалтпай, еркін өзгермеуімен негізделген.
Т-лимфоциттер.Бұл жасушалардың осылай аталуы олардың соңғы дамуы мен клон қалыптасуының негізгі кезеңдері тимуста өтеді.Иммундық жүйенің ең көп жасушалар популяциясы, қандағы және лимфа түйіндеріндегі барлық лимфоциттердің 80%құрап, ағзаның барлық тіндерінде кездеседі.Бұл жасуша түрі жасушалық жауаптың негізгі қатысушысы.
Бөтенекті жасушаны тану Т-лимфоциттер бетінде орналасқан Т-жасушалық рецепторлар (ТЖР) арқылы жүзеге асады.Т-лимфоциттер бос антигенді емес, ағзаның жасушалар бетінде орналасқан арнайы молекулалар – негізгі гистосәйкестік комплекс молекулаларымен (МНС –ағыл.Major Histocompatibility Complex) байланысқан «өзгерген өзінікін» - антигеннің фрагментін таниды.МНС молекуласы «өзінің»эталоны болып саналады, ал эталоннан ауытқығанның бәрің Т-лимфоцит рецепторлары таниды.Тану нәтижесінде Т-жасушалар белсенденіп эффекторлары (киллер) және реттеуші (екі түрі хелпер-Тх1, Тх2 және супрессор) жасушаларға дифференцияланады.
В-лимфоциттер – лимфоциттер популяциясының екінші негізгі бөлігін құрайды.Бұл жасушалардың негізгі эффекторлық қызметі-гуморалдық иммундық жауапты қалыптастыру, яғни ағзаға енген антигенднрді байланыстырып, бейтараптайтын антиденелерді түзеді.
В-лимфоциттердің пісіп-жетілуі сүйек кемігінде өтеді, оның бетінде антигендерге орналасқан иммуноглобулиндік рецепторлар түзіледі.В-лимфоциттің антигенді танушы рецепторлары В-жасушщалық рецепторлар (ВЖР) деп белгіленеді.Оның негізгі ретінде,
В-лимфоциттердің плазмалық мембранасында орналасқан иммуноглобулин молекулаларыболып табылады (беткей иммуноглобулиндерді slg – surface Lg деп белгілейді).Бір В-лимфоцит бетінде 200-500 мың бірдей арнайылықтағы рецептор молекулалар бар.Т-лимфоциттерден айырмашылығы, В-лдимфоциттер бос антигенді тікелей таниды.В-лимфоциттердің антигенмен байланысу нәтижесінде антигенге тәуелді дифференциялануы екі бағытта жүреді:антиденетүзетін плазмалық жасушалар мен зерде В-жасушалардың түзілуі.
Плазмалық жасушалар – антигенмен жанасқаннан кейін жетілген В-жасушалардан түзілетін, қысқа өмір сүретін эффекторлы антиденетүзуші жасушалар.Плазмоциттердің сыртқы мембранасында антигендерге арналған рецепторлар болмайды.Бұл жасушалар В-лимфоциттердің дифференциялануының соңғы пісіп-жетілу кезеңі болып табылады.бір плазмалық жасушаның иммуноглобулинді түзу қарқындығы 1млн. Молекула/сағ. Жетеді.Белсенді антидене бөлу кезеңі біткен соң, плазмоциттер тіршілігін жояды.
Табиғи киллерлер немесе NK-жасушалары.Осы жасушалардың аталу себебі,(ағыл natural killer – табиғи киллер)арнайы иммундық жауапқа тән, олар белгілді бір нысана жасушалармен алдын ала жанаспай және антигенге тәуелді дифференциялануының кезеңін өтпей, оныыдыратады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет