Иммунды жүйе — барлық лимфоидтыорганизмдер мен организмдегі торшалар жинағы. Ерекше иммундық қорғаныс механизмдеріне жауапты. Иммундық жүйе организмнің жұқпалы ауруларға және табиғи жай заттардың зиянды әсеріне қарсы тұру қабілеттілігін қамтамасыз етеді, қызметті қалпынан өзгергенде адам ауруларға тез ұшырайды. Иммунитет - организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұру, бөтен заттарды, вирустарды, бактерияларды танып зиянсыздандыру қасиеті. Адамда екі түрлі иммунитеті болады: Тума иммунды жүйе
Бейімделген иммунды жүйе
Тума иммунды жүйе негінде бөтен бөлшектерге қарсы организмде ең бірінші қорғаныш реакциялары қалыптасады. Тума иммунды жүйе бөтен заттың немесе бөлшектің түріне ерекшелігін көрсетпейді. Иммундық жүйенің қызметі:
организмнің бөгде заттар мен бөлшектерге қарсы тұру қабілеттілігін күшейтеді;
ауыстырып отырғызған мүшеге қарсы организмнің жауабын қалыптастырады;
басқа қызметтер атқарады.
Иммундық жүйенің мүшелері басқа мүшелермен өзара әрекеттеседі. Иммунды жүйенің шеткі мушелеріне - бадамша бездер, лимфа бездері, көкбауыр, соқырішек және т. б. жатады. Жұтқыншақтың сілемейлі қабығында 6 бадамша без шоғырланған. Оларды жұтқыншақ лимфа сақинасы деп те атайды. Ол арада жұп таңдай, жұп түтікті, сыңар жұтқыншақ және сыңар тіл, бадамша бездері орналаскан. Бұл бадамша бездер организмге тамақпен түскен зиянды микробтарды жоюға қатысады. Лимфа бездері көбіне ірі қантамырлардың маңында болады. Адам организмінде 460-қа жуық лимфа бездері бар. Олар шоғырланып жатады.