Инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз



Дата02.12.2022
өлшемі24,78 Kb.
#54453
Байланысты:
Эпидемиология Емтихан сұрақтары



1

1

1

Инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз.



1

1

2

Эпидемиялық процестің І буынына бағытталған шараларды сипаттап жазыңыз.

1

1

3

Вакциналарды суықтату тізбегіне толық сипаттама беріңіз

1

1

4

Инфекциялық аурулардың берілу механизмдерін толық сипаттап жазыңыз.



1

1

5

Эпидемиологиялық бөлімнің негізгі міндеттерін атаңыз



1

2

1

Вирусты А және Е гепатиттерінің этиологиялық және клиникалық ерекшеліктерін түсіндіріңіз.



1

2

2

Тырысқақ ошағында індетке қарсы шараларды ұйымдастырыңыз.



1

2

3

Вирусты А гепатитінің алдын алу шараларын түсіндіріңіз.



1

2

4

Менингококты инфекцияның эпидемиологиясын сипаттау арқылы түсіндіріңіз.



1

2

5

Қызылша ошағындағы алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.



1

3

1

28 сәуірде 19 жастағы қыз іш сүзегімен ауырған, медициналық көмекке бармаған, үйінде өзі емделмеген.Науқас үй иесіне тамақ дайындауға, үй жинауға көмектесіп жүрген. 19 мамырда үй иесі ауырған, 22 мамырда оның баласы ауырған. Бір аптадан кейін қыздың қасындағы досы ауырған. Зертханалық тексеру кезінде ауырған үшеуінде де іш сүзегінің бірдей фаготиптері анықталған.

  1. Инфекция көзін, таралу жолдарын анықтаңыз.

  2. Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.




1

3

2

Жапон теңізінен портқа кеме келген. Кемеден «кемеде тырысқаққа ұқсас 3 ауру анықталды» - деген радио хабарландыру келіп түскен. Кеме жолда бір портқа кірген, онда су алған. Кемеде 48 команда қызметкері, 38 жолаушы бар. Кемеде дәрігер, изолятор, антибиотиктер, дезинфекциялық заттар бар.

  1. Тырысқақ ауруының таралу себебін анықтаңыз.

  2. Алдын алу шараларын жоспарлаңыз.




1

3

3

5 жасар балаға « Дифтерия» - диагнозы қойылған. Бала анасымен коммуналдық пәтерде тұрады. Анасы – төменгі сыныптар оқытушысы – 10 күн бұрын баспамен ауырған, дәрігерге бармаған, емделмеген, жұмысын жалғастыра берген. Көрші бөлмеде 4 адамнан тұратын басқа жанұя тұрады, оның ішінде сүт сатушысы және 2 жасар бала – бақшаға баратын бала. Бала егулерін жасына сәйкес толық алған.

  1. Инфекция көзін анықтаңыз.

  2. Алдын алу шараларын жоспарлаңыз.




1

3

4

Наурыз – тамыз аралығында ауылды жерде гепатитпен 33 бала ауырған. Эпидемиологиялық тексеру кезінде бұл балаларға 14 қаңтарда Манту сынамасы жасалынғаны анықталған. 17 қаңтарда БЦЖ вакцинасы егілген. Медициналық құжаттарды тексергенде 12-14 қаңтарда 118 балаға Манту сынамасы жасалғаны, оның ішінде 2-еуі бұрын вирусты В гепатитпен ауырғаны, медициналық құралдар дұрыс залалсызданбағаны анықталған.

  1. Ауру себебін анықтаңыз.

  2. Алдын алу шараларын жоспарлаңыз.




1

3

5

Науқас С.,36 жаста, ауруының 4-ші күні түсті.Қарағанда өте қозғыш, ашушаң, түкірігін шашыратады. Есі анық. Т-37,8. Жарыққа кенет қорқумен пайда болған, мойын, қол бұлшықетінің созылыңқы кернеулігімен қатты тырысу ұсатамсы болды, беті көгеріп, тыныс алуы қиындап, қолдары дірілдеп, көп сілекей шығарды. Ағзалар бойынша қарау мүмкін болмады. Ауырғанынан 1 ай бұрын өлген түлкінің терісін сыпырған.

  1. Диагноз қойып, инфекция көзін анықтаңыз.

  2. Алдын алу шараларын жоспарлаңыз.




2

1

1

Дәрігер – эпидемиологтың қызметтік міндеттерін атаңыз.



2

1

2

Вакцина енгізуге медициналық қарсы көрсеткіштерді атаңыз.



2

1

3

Туберкулезге қарсы вакцина, оның алыну жолын, вакцинация жүргізу кезеңдерін сипаттап жазыңыз.



2

1

4

Вакцина егу бөлмесіне және вакцинаны қолдануға қойылатын талаптарды жазыңыз.



2

1

5

Дезинфекцияның сапасын бағалау әдістерін сипаттап жазыңыз.



2

2

1

Іш сүзегі ошағында індетке қарсы шараларды ұйымдастырыңыз.



2

2

2

Сальмонеллез ошағында алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз



2

2

3

Қызылша және қызамық инфекцияларының клиникалық және этиологиялық айырмашылықтарын көрсетіңіз.



2

2

4

Дифтерия ошағында мұрын - жұтқыншақтан бактериологиялық тексеруге сынама алу әдісін түсіндіріңіз.



2

2

5

Вирусты гепатиттердің алдын алу шараларын және індетке қарсы шараларды ұйымдастырыңыз.



2

3

1

Р. Азаматтың 7 адамнан тұратын жанұясында бір апта ішінде 3 адам іш сүзегімен ауырған. Ауырғандар 10,12,14 жаста. Шағымдары: әлсіздік, қалтырау, бас ауру, тамаққа тәбеттің болмауы, дене қызуы – 38-390С. Науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған, диагноз «іш сүзегі» - деп қойылған. Эпидемиологиялық тексеру кезінде бұл жанұяның сүтті бір сатушыдан сатып алатыны анықталған. Сүт сатушыны тексергенде іш сүзегінің қоздырғыштары табылған, фаготиптері ауырған балалардың фаготиптерімен бірдей.
1. Инфекция көзін, таралу жолдарын анықтаңыз.
2. Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.

2

3

2

40 жасар К. Азамат ботулизммен ауырған. 3 қаңтар және 4 қаңтарда тағы 8 адам ауырған. Барлық аудандар бір мерекелік кеште бірге тамақтанған. Барлығы 12 адам болған, олар торт, балмұздақ, балық, үйде консервіленген компот пен баклажан жеген. Консервілер бөлме температурасында сақталған.

  1. Аурудың себебін анықтаңыз.

  2. Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.


2

3

3

Балалар емханасының жалпы қабылдау бөлімінде қызылша ауруы анықталған. Ауырған баламен бірге 20 бала кезек күтіп отырған, олардың 5-і қызылшамен бұрын ауырған, 11-і егулердің 2,5-3 жыл аралығында толық алған, 4- қызылшамен ауырмаған, вакцина егілмеген, оның 2-і 1 жаста, екеуі -3-4 жаста.

  1. Алдын алу шараларын жоспарлаңыз.

  2. Емханада балаларды қабылдау тәртібі дұрыс па? Жауабын негіздеңіз.


2

3

4

Науқас. Ф., 32 жаста, клиникаға аурудың 8-ші күні түсті. Бірінші күннен бастап әлсіздік, тәбетінің төмендеуін, дене температурасының аздап жоғарлауын, тері қышуы, оқ жақ қабырға астының тұйық ауырсынуын байқаған. Аурудың 7-ші күні склерасының сарғайғанын байқаған, зәр түсі өзгерген, 2 күннен кейін сарғаю айқын болған. Объективті: Жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Терісі сарғайған түсті. Бауыры 1,5-2 см, аздап ауырсынады. Нәжісі – ахолия. Сіздің диагнозыңыз:

  1. Сіздің қоятын диагнозыңыз.

  2. Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз


2

3

5

11 қарашада 14 сағат 30 мин бір портқа радиохабарландыру келіп түскен. Хабарландыру сағат 21-де портқа келетін «Nord» кемесінде обаға күдікті науқас анықталғандығы көрсетілген. Бұл кеме 8 қараша күні Азия мемлекеттерінің бірінен шыққан.

  1. Аурудың себебін анықтаңыз.

  2. Індетке қарсы шараларды жоспарлаңыз.


3

1

1

Иммунитет түрлерін сипаттап жазыңыз



3

1

2

Қазақстан Республикасында алдын ала вакцина егуге жататын халық топтарын атаңыз.

3

1

3

Инфекциялық аурулардың берілу факторларын атап, сипаттап жазыңыз.

3

1

4

Тасымалдаушылықтың түрлерін атап, анықтама беріңіз.



3

1

5

Инфекциялық аурулардың жіктелу түрлерін сипаттаңыз.

3

2

1

Парентеральді вирусты гепатитте биологиялық сұйықтықтармен жұмыс істеу кезіндегі сақтандыру шараларын ұйымдастырыңыз.



3

2

2

Күйдіргі ошағында індетке қарсы шараларды ұйымдастырыңыз.



3

2

3

Безгекпен күресу және алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.



3

2

4

Скарлатина ошағында алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.



3

2

5

Менингококкты инфекция ошағында атқарылатын індетке қарсы шараларды ұйымдастырыңыз.



3

3

1

Жазда саяхатшылар лагерінде сальмонеллез ауруының өршуі анықталған. Лагерде барлығы 200 адам 8 топқа бөлінген, бір асханада тамақтанған. Тек бір топтың саяхатшылары түскі тамақтан 3 – 4 сағаттан кейін ауырған. Олар сол күні түскі тамаққа кешігіп келген, сағат 13-те тамақанудың орнына 17 – де тамақтанған. Түскі тамақ асқанада сақталған, топ келгенде тек жылытып берген.

  1. Өршудің себебін анықтаңыз.

  2. Ошақты жою шараларын жоспарлаңыз.




3

3

2

1,5 жасар балада полиомиелиттің салдану түрі анықталған. Бала 2 ай бұрын ата-анасымен шет елден келген, әкесі онда жұмыс істеген. Баланың егу туралы құжаттары жоқ, ата-анасы білмейді. Бала 1 ай бала бақшаға барған. Әкесі – инженер, анасы – жұмыссыз. Жанұя жеке пәтерде тұрады.

  1. Аурудың себебін анықтаңыз.

  2. Алдын алу шараларын жоспарлаңыз.




3

3

3

Бала бақшада таңертеңгі қабылдау кезінде 4 жасар балада жоғары температура, майда бөрітпелер табылған. Скарлатина диагнозы қойылған. Бала үйіне қайтарылған. Әкесі машинист, анасы мейірбике, ағасы 1 сынып оқушысы, скарлатинамен ауырмаған.

  1. Инфекция көзін анықтаңыз.

  2. Алдын алу шараларын жоспарлаңыз.




3

3

4

Жұмысшылар ауылында желтоқсан –с әуір аралығында 74 адамға вирусты А гепатит диагнозы қойылған. Өткен жылы 12 Вирусты А гепатит ауруы тіркелген, олардың 5-і созылмалы формадағы науқастар. Ауырғандардың 57-і су қоймасының суын қолданған. Су қоймасының жанында қоқыстар мен қалдықтар үйілген. Судың сапасы нашар.

  1. Аурудың себебін анықтаңыз.

  2. Алдын алу шараларын жоспарлаңыз.


3

3

5

12 желтоқсан күні дәрігерге 9 жасар бала келген, бірнеше күннен бері жөтелдің күшейе түскеніне шағымданған. Ауырғанына қарамай мектепте оқуын жалғастыра берген. Дәрігер тексеру барысында «ларинготрахеит» деген диагноз қойған. 19 желтоқсанда қайта тексеруге келгенде балаға «көкжөтел» диагнозы қойылған. Мектепте көкжөтел ауруы тіркелмеген, бірақ тексеру барысында сол сыныптың 3 оқушысының жөтеліп жүргендігі анықталған. Біреуі қараша айынан бері жөтеледі, екеуі 15-17 желтоқсаннан бері жөтеледі. Ауырған бала АКДС вакцинасын жасына сәйкес толық алған, соңғы егулерін 2,5 жыл бұрын алған. Жанұясында: анасы балабақшада мейірбике, қарындасы 5 жаста, бала бақшаға барады, көкжөтелмен бұрын ауырмаған, егулерін толық алған.

  1. Инфекция көзін анықтаңыз.

  2. Ошақты жою шараларын ұйымдастырыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет