Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері Есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік ережесі



Дата07.12.2022
өлшемі25,51 Kb.
#55495

Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері


Есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік ережесі
Есептеуіш техника кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау оқушылар мен мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады
Аталған міндетті орындауда оқушы төмендегідей:

  1. Жалпы ережелерді;

  2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы;

  3. Жұмыс жасау кезіндегі;

  4. Апаттық жағдайдағы;

  5. Жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс.

Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей:
Компьютерді тоққа қосатын сымдарға , қос тілді розеткілерге, штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.

  • Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;

  • Компьютердің жанына портфельдер , сумкалар, кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс.

  • Пернелік тақта үстіне артық заттар қоюға болмайды ;

  • Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға жанындағы құрбыларын аландатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға

тыйым салынады.

  • Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды.

Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.
 Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:
Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек ;
Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлінуі керек.
Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.
Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:
§ ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;
§ Сыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі;
§ Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ көз жаттығуларын орындауға ьолады;
§ Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді білуі қажет.
§ Көз жаттығуларын білу міндетті.
Апаттық жағдайдағы ттехника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:

  • Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйік иісі шықса немесе өзге дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек;

  • От сөндіруде көмек көрсету қажет;

  • Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетуді білуі керек;

  • Компьютерлік сыныпта өртті сумен сөндіруге болмайтынын білуі керек. Оған құм және т.б. өрт сөндіргіш құрал- жабдықтарын пайдалануға болады;

  • Электр тогының әсерімен зақымданған адамды су қолмен ұстауға

болмайтындығын білу қажет. Оны әртүрлі материалдарды
(электр тогы сымынан басқа ) пайдалану арқылы босатып алуға болады.
Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегі техника қауіпсіздігі ережесінің талаптары:

  • Мұғалімнің нұсқауы бойынша аппаратты өшіру;

  • Жұмыс орнын ретке келтіру.

  • Жұмыс орнындағы тіркеу журналына белгі қою.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет