«инженерлік геодезия» пәні Тәжірибелік жұмыс. Жер пішіні жəне оның өлшемдері туралы


План, карта жəне профиль туралы түсінік



бет3/3
Дата29.04.2022
өлшемі0.8 Mb.
#32777
1   2   3
План, карта жəне профиль туралы түсінік
  • План деп кішігірім жер бөлігінің масштабпен сызылған
  • бейнесін айтады. Планда жер бетінің қисықтығы (дөңестігі) еске
  • алынбайды, яғни жер беті жазықтық ретінде қабылданады.
  • Жер бетінің үлкен аймақтарын немесе барлық жер бетін қағаз
  • бетіне кескіндеу, яғни картасын жасау үшін, алдымен оның кіші
  • бөліктерінің планын жасайды. Əрі қарай графикалық жолмен тор
  • көз құрады да, оған жер бетіндегі құрылымдардың сұлбасын жəне
  • жер бедерін салады. Осындай ретті əдіспен жер бетінің үлкен
  • аймағын қағазға түсіру (бейнелеу) карта деп аталады.
    • 6 слайд
    • Жергілікті аймақты картаға түсіргенде карта беті жазықтыққа
    • емес, сфералық бетке сəулеленеді. Нəтижесінде карта бетіне
    • түсірілген жер сұлбасының, құрылымдардың толық геометриялық
    • ұқсастығы сақталмайды, жəне де олардың тұрақты масштабы
    • болмайды, себебі сфералық бетке жазықтықты жиырылымсыз
    • жəне оның үзілмелі тұстарын жазып кескіндеу мүмкін емес. Осы
    • кемшіліктер карта мен планның басты айырмашылығын көрсе-
    • теді. Планның кез келген тұсында масштаб тұрақты болады.
    • Сонымен карта дегеніміз – Жер бетінің барлық немесе оның
    • аумақты тұсының деңгейлік дөңестігін есепке ала отырып,
    • кішірейтілген, қағазға түсірілген кескіні (бейнесі).
    • 9 слайд
    • 10 слайд
    • Барлық карталар қайда қолданылатынына байланысты жал пы
    • географиялық жəне арнаулы болып екіге бөлінеді.
    • Жалпы географиялық карталар масштабтарына жəне то-
    • лықтықтарына байланысты шолу (масштабы 1:1 000 000 кіші)
    • жəне топографиялық болып бөлінеді. Карталар шартты түрде ірі
    • масштабты (масштабы 1:100 000 жəне одан ірі), орташа мас-
    • штабты (1:1 000 000 масштабқа дейін) жəне ұсақ масштабты
    • (масштабы 1:1 000 000 одан ұсақ) болып бөлінеді.
    • Арнаулы карталардың топографиялық карталардан айырма-
    • шылығы, мұнда кейбір табиғи құрылымдар түбегейлі түсіріледі
    • (өзен құйылымдары, автожолдар, құнарлы жер қыртысы, өсімдік
    • түрлері, т.т.).
    • Қолданылуына байланысты карталар сан алуан болады:
    • оқулық, жолаушылық, теңіз картасы жəне т.т.).
    • Профиль дегеніміз – жер бетінің тік жазықтықтағы тік қимасы.
    • Мысалы, 2-суреттегі топографиялық планнан АВ бағытының
    • профилін салу үшін, кез келген ab сызығын жүргізіп, оның үстіне
    • пландағы горизонтальдардың осы АВ сызығымен қиылысқан
    • 1-7 нүктелерін салады. Əрі қарай осы нүктелердің биіктігін,
    • белгілі бір масштабта ab сызығына перпендикуляр етіп салады.
    • Перпендикулярлардың ұшар бастарын бір-бірімен қоссақ, осы
    • бағыттың профилі пайда болады.
    • 11 слайд
    • Профил салу инженерлік ізденіс, авто жəне темір жолдарды,
    • каналдарды, мелиораторлық жəне гидротехникалық құрылыс тар-
    • ды салуда жəне т.б. жұмыстарда кеңінен қолданылады.
    • Бақылау сұрақтары:
    • 1. Геодезия ғылымы немен шұғылданады?
    • 2. Жердің пішіні қандай?
    • 3. Триангуляциялық тор дегеніміз не?
    • 4. План мен картаның айырмашылықтарын атаңыз.
    • 5. Профиль дегеніміз не?
    • 10 слайд


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3




    ©emirsaba.org 2022
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет