Инжиниринг және ақпаратттық технологиялар факультеті



бет1/3
Дата20.09.2023
өлшемі184,08 Kb.
#109298
  1   2   3

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ИНЖИНИРИНГ ЖӘНЕ АҚПАРАТТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ



СӨЖ №2
Тақырыбы : Философия және философ қоғам мен адам өмірінде



Пән атауы

Философия

Баға


Ескертпе




Орындаған: Жансерікұлы Әлішер











Алматы, 2023
ЖОСПАР
1.Кіріспе: Философиялық білмнің негізгі сипаттары.


2.Негізгі бөлім: Философияның функциялары.


3.Қорытынды: Философияның адам және қоғам өмірінде атқаратын рөлі.


4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Философия ғылымының мәнін және мақсатын анықтау үшін философия туралы философия тарихында айтылған анықтамаларды қарастырып көрейік, себебі, К.Ясперстің сөзімен айтсақ, философиялық пайымдау дегеніміз философия тарихына үңілу.
Сократ: «Философия — ойлау арқылы ақиқатқа, білімге жету»
Геродот: «Философия — білімді, ақылдылықты сүю»
Аристотел: «Философия — ғылымдар негізі».
Ортағасырдың діни ойшылдары: Августин:«Философия — ақылдылыққа құштарлық» — дейді. Аквинат: «Философия — барлық ақиқаттың негізі болатын ақиқат (Құдай) туралы ілім»- дейді. М. Монтень: «Философияның қайғылы, іш пыстыратын, нәрселерге еш қатысы жоқ. Даналықтың ерекше бір белгісі — ақылдың көмегімен өмірді қуанышты сипатта ғана қабылдау, ол жан жарасын жеңілдетеді, ауруды жеңуге көмектеседі» — дейді. Т. Гоббс:«Философия адамның ақыл-ойы, ол жаратушы тәңірдің барлық істерін зерттеуші, осы істердің ретін, себептерін, салдарын анықтауға көмектеседі» дейді. Декарт: «Философия – даналық, адам танып-біле алатын заттар туралы егжей-тегжейлі, жан-жақты білім»-дейді. Фихте:«Ғылыми даму барысында оның шеңберінен шығып кеткенімен, философия адамның ақыл-ойымен тығыз байланысты»-деген.
Осы анықтауларға сүйеніп, философиялық білім және оның негізгі белгілері туралы тұжырымдар жасасақ:

  1. Философия даналықпен, ақыл-оймен байланысты. Философия терминінің өзі грек тілінен аударғанда phileo — сүйемін, sophia— даналық дегенді, басқаш айтсақ, даналыққа құштарлы дегенді білдіреді.

  2. Философияның басы — таңдану. Сократ «Менің білетінім — мен ештеңе білмеймін» дегендей, таңданған адам заттың, құбылыстың себебіне тереңдеп үңіледі, философиялық пайымдау жасауға ұмтылады.

  3. Философиялық білімге еркіндік, тәуелсіздіктән.

Адам философиялық білім жинауға өз еркімен ұмтылады. Тәуелділік философияны көркейтпейді. Кеңетік кезеңдегі философияның мазмұны бұл пікіріміздің жақсы мысалы.

  1. Философия ақылды ойлау мәдениетінқалыптастырады. Бұл — байыпты, ғылыми, толерантты, еркін, творчестволық ойлау.

  2. Философия жауабын табу қиын, тез арада шешу мүмкін емес, күрделі мәселелерді зерттеумен айналысады. Мысалы, адам өмірінің мәні мәселесі, табиғат, қоғам, және адамның арақатынасы мәселесі мәңгілік мәселелер болып саналады.

Философияның анықтамасы: Философия — бар болып отырғанды (сущее) тұтас, элементтері бірі-бірімен тыгыз байланысты түрде қарастыратын, оның даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Осы бар болып отырғанның арасындағы басты элемент — Адам, сондықтан ол философияның ең басты зерттеу объектісі. М.Әуезов: «Философия…- кең ақыл, терең қиял шығарған, адамның жанын тәрбиелейтін, жүрегін ағартып, адамшылығын арттырып, ақтылыкқа сүйрейді. Философия:

  1. адамның қайдан жаралғанын шешпек;

  2. адамның жанын, ішкі халін тексермек;

  3. адамның дүниеге келген мақсатын тексермек.

Философия адамшылық жолындағы қараңғы қалтарыстарда қолға ұстаған шамшырақ» дейді.
Бұл ойларды неміс философы И.Канттың сөздерімен толықтыруға болады:

  1. Мен не біле аламын?

  2. Мен не істеуім керек?

  3. Мен не нәрсеге үміттене аламын?

  4. Адам дегеніміз не?

Бірінші сұраққа метафизика жауап береді, екіншісіне мораль, үшіншісіне — дін, төртіншісіне — антропология. Бірақ осының бәрін антропологияда жинақтауға болады, себебі алдыңғы үш сұрақ соңғыға кіреді. …Адамға аса қажет білім болса, ол мен оқытып отырған, адамға дүниеден өз орнын табуға көмектесетін ғылым және одан адам болу үшін не істеуді үйренуге болады».



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет