Инклюзивті білім беру-игі іс



Дата16.10.2023
өлшемі126,7 Kb.
#116463
Байланысты:
республикалық журналға Гулшарад


Инклюзивті білім беру-игі іс



Есенбаева Гулшарад Куанышовна
Педагог-психолог
Байқоңыр қаласы
№272 орта мектебі
оқу ісі жөніндегі орынбасары,
педагог-сарапшы

Қызылорда облысы,Байқоңыр қаласындағы №272 орта мектепте 2020жылдан бері аутистік спектрі бұзылысы бар балаларға арналған инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті жұмыс жасайды.


Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығын орындауға негізделген мектеп басшысының бұйрығына сәйкес мектепте «Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі» жұмыс атқарады.
Оқушыларды ПМПК отырысына жолдау жұмысы барысында ата-аналарға жеке қабылдау, кеңес беру және педагогикалық-психологиялық қолдау қызметі жүйелі жүргізіледі.
2023-2024 оқу жылына оқу бағдарламаларын анықтау және ПМПК тұжырымын алу мақсатында ППҚҚ ұсынымы негізінде ПМПК отырысына 43 оқушы жолданды. Бүгінде мектебіміздегі жалпы ЕББҚ оқушы саны -35
Мемлекет қолдауымен жұмыс кабинеті талапқа сай жабдықталған. Бөлмеге оқушылардың жекелеген ерекшеліктеріне сай арнайы парталар мен жұмсақ отырғыштар қойылған.Бөлме іші 4- аймаққа бөлінген. Олар: оқу аймағы, тынығу аймағы,жаттығу аймағы және әдістемелік аймақ.
ПМПК тұжырымы негізінде оқушыға жеке педагог-ассистент тағайындалған. Оқушылар жекелеген ерекшеліктеріне сай бейімделген жалпы білім беретін оқу бағдарламасы және жеке оқу бағдарламалары бойынша білім алады. Педагог-ассистент мамандардың сүйемелдеуімен сыныптағы сабақтарға қатысады және кесте бойынша психолог, логопед және арнайы маманның жеке және топтық түзету сабақтарына қатысады. Сонымен қатар педагог-ассистент мамандардың жоспарына сай инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінде оқу жаттығу жұмыстарын жасайды. Ал,балалар үшін арнайы жабдықталған жүгіру жолағы, веложаттығу құрылғысы мен батутта ойнау оқушылар үшін ең қызықты сергіту болып табылады.
Мектепте инклюзивті білім беруді ұйымдастыру бойынша педагогтар мен педагог-ассистент мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру да жолға қойылған.
Облыстық, аудандық шараларға қатысу мамандар үшін үлкен әдістемелік көмек әрі тәжірибе алмасу алаңы болып табылады.
Инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінде аясында білім алушы оқушылар мен педагог-ассистент мамандар мерекелер мен атаулы күндер қарсаңында түрлі іс-шаралар жүргізеді.
Мектептегі ерекше білім алуға қажеттілігі бар оқушылармен жүргізілген жұмыстар БАҚ және әлеуметтік желіде жарияланып отырады.
Бүгінгі таңда оқушылар жетістіктері де мақтанарлық. Инклюзивті білім алушы оқушылардың түрлі іс-шараларға , жарыстар мен байқауларға қатысуын қамтамасыз ету нәтижесінде оқушылар көптеген жетістіктерге қол жеткізді.
Оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі қатысқан байқаулар мен сайыстар нәтижелері жетекші мұғалімдер мен педагог-ассистенттердің үздіксіз еңбектерінің нәтижесі.
Мектеп дәлізінде инклюзивті білім беру ісі мен оқушылардың жетістіктеріне арнап тақта әзірленді. Ол жерде инклюзивті білім беру ісі және оқушылардың әр түрлі сайыстар мен фестивальдерден алған марапаттары ілінген.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың мектепке қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп мектеп ауласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған белгі,көмек шақыру құрылғысы,пандус,кіру алаңы,тактильді жолақ,тиісті стандарттан жоғары баспалдақтар орнатылып,сыртқы және ішкі есіктер арқылы обьектіге кедергісіз кіру қолжетімділігі қамтамасыз етілген.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникация нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы әзірленген.Өзіне- өзі қызмет көрсету бұрышында ақпараттық тақта,ғаламтор желісіне қосылған компьютер және принтер орнатылған.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың санитарлық-тұрмыстық жайына қолжетімді жағдай жасау мақсатында дәлізде тактильді жолақтар төселіп,арнайы белгі қойылған. Ұстағыштар кіре берістегі қол жуатын орын мен ішкі бөлмеде де орнатылған.
Ата-аналар мектеп ұжымының еңбегін ерекше бағалап, АЛҒЫС ХАТ арқылы ыстық ықыластарын білдірді.
Инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті өз жұмысын 9 оқушымен бастап,өткен оқу жылын 15 оқушымен аяқтады.

ЕББҚ оқушылары әр кез облыстық ,аудандық білім бөлімі мен әдістемелік кабинет мамандарының қолдауы мен мектеп басшысы ,мектеп әкімшілігінің ерекше назарында.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет