Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі, ғылым ретінде дамуының негізгі кезеңдері
Орындаған: Әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану мамандығының І курс студенті
Инклюзивті білім беру балалардың әр түрлі дене, психикалық, зияткерлік, мәдени- этникалық, тілдік және өзге де ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейтін оқыту түрі.
1991 жылдан бастап Ресейде «Мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялау» жобасын іске асыру басталды. Жобаның нәтижесінде он бір аймақта мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялап оқытудың экспериментальды алаңдары құрылды. Бұл елде мүгедек балаларды оқытудың инклюзивті білім беруден басқа да нұсқалалары бар: арнайы мектептер мен интернаттар, коррекциялық мектептер, интернат-үйлер, үйден оқыту және қашықтықтан оқыту.
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі
Швецияда ерекше қажеттілікке мұқтаж балалар қарапайым сыныптарға орналастырылған және балалар онда қажетті қолдау алуда. Әр сыныпта арнайы педагогтың, ассистенттің көмегімен немесе көмекші арнаулы құралдарды қолдану арқылы білім беріледі. Есту, көру қабілеттері бұзылған, ойлауында артта қалушылығы бар балалар ауытқулары бойынша бөлінген арнайы мектептерде білім алады және онда 21–23 жасқа дейін оқи алады. Ойлауы артта қалған балаларға арналған арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептердің ғимараттарына сыныптарды біріктіру жолымен орналасқан
Америка Құрама Штаттарын қарастырсақ, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту жалпы және арнайы оқытуды біріктіру ұсыныстарынан тұрады.Оның 3 негізгі жолдары бар: «негізгі бағыт», «жалпы білім инициативасы», «енгізу». Алайда,бұл арнайы білім беру алаңында үлкен дау тудыруда. Мысалы, негізгі бағыт- мүмкіндігі шектеулі балаларды негізгі мектептерде оқытуды көздейді. Екінші жолы жалпы білім беру инициативасы-дамуында ауытқуы бар оқушыларға білім беру шарттарына фундаментальды өзгеріс енгізуді ұсына отырып, жоғарыда аталған негізгі бағыттан ары қарай дами түскен. Өз кезегінде осы сала мамандары дефектологтар мен негізгі мектептің басшылары жалпы білім беру инициативасын мақұлдаса, кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің мұғалімдері ауытқуы бар балаларға жалпы білім беру инициативасының әсер ету мүмкіндіктерін түсіну үшін қосымша сынақтар мен зерттеулер қажет дейді. Үшінші жолы енгізу моделі, ол балаларды ауытқу түріне тәуелсіз, тұрған жері бойынша жалпы білім беру үрдісін енгізуді көздейді. Осындай балаларға мамандар тобы жеке оқыту бағдарламасын құрады, сол бойынша оқушының жетістігі бағаланады