Интерактивті тақтаның шығу тарихы



бет1/5
Дата08.10.2024
өлшемі27,91 Kb.
#147213
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Интерактивті тақтаның шығу тарихы


Интерактивті тақтаның шығу тарихы

  1. Интерактивті тақтаны қолданудың алғышарты

  2. Алғашқы электронды интерактивті тақталар

  3. Білім берудегі электронды интерактивті тақталар

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 - бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір оқытушының алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа технологияны меңгеру. Ал білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру. Осы сауалға жауапты Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауынан табуға болады. ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегі міндеттерді шешу керектігін атап өтті: компьютерлік техниканы, интернет, коммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электронды оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. Жаңа технологияны меңгеру оқушының интеллектуальдық, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.


Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда есептеу техникасының өте жылдам дамып, оны ғылымның кез-келген салаларына қолданып, одан нақтылы нәтижелер алуымызға байланысты ғылым мен білімді одан әрі терең меңгеруде ақпарттық технологияларды қолданғанымыз аса маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет