Қысқа мерзімді жоспар Күні



Дата10.12.2023
өлшемі22,68 Kb.
#135797
түріСабақ


Қысқа мерзімді жоспар




Күні: 06.10.2023

Мұғалімніңаты-жөні:
Боранбаев К.Т.

Сынып: 2

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Қозғалмалы ойындар спорттық элементтермен

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу
мақсаттары

Физикалық белсеңділіктің маңыздылығын танып, сабаққа белсенді қатысу арқылы қозғалыс арқылы ойындар жайлы біледі



Сабақ
мақсаттары

Барлық оқушылар орындау алады:
Қарапайым қозғалыс ойындарын ойнай алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Қарапайым қозғалыс ойындарын орындай отырып командада жұмыс жасай алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Жаттығуларды ережеге сай орындап,басқаларға түсіндіреді

Тілдік
мақсаттар



Оқушылар орындай алады:
Оқушылар тірек-қозғалыс дағдыларының не екенін түсінгендіктерін сипаттай және көрсете алады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен ерминдер: тірек-қозғалыс дағдысы, саппен жүру, асықпай жүгіру, секіру, жүгіру, өткізу, қашықтыққа секіру, керілу, қауыпсіз, тәуекел.
Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер
Талқылауға арналған сұрақтар:
Тағы нені істеп көруге болады? Ең ұнамдысы қайсы?
Не себепті…деп ойлайсыз?
Кеңістікте топпен жүгіргенде неге сақ болу керек екенімізді айта аласың ба?

Бастапқы
білім



Оқушылар алдыңғы дене шынықтыру сабақтарында өткен бөлімдерден және үй ішінде мен даярлық сыныбындағы негізгі қозғалыс қабілеттілігі мен сенімділігін және фундаменталды қозғалыс дағдыларын дамытады деп күтіледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың
басы



Сәлемдесу . сабақ барысын түсіндіру . жүру , орташа қалыпта жүгіру , алаңның оң жағынан сол жағына қарай .
1 . Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.
2. Жеңіл жүгіріске көшу .
3.аяқты артқа , қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру.
4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру екі қол белде
5 .Жылдамдыққа жүгіру
6. қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру.
Ж.Д.Ж. орнында
1.Қол белде, мойын буынын оңға, солға айналдыру.
2.қол иықта , иық буынын алдыға, артқа айналдыру.
3. қолды жоғары соза,шалқаю
4. алдыға еңкею
5.жүрелей отыру , қолды алға соза
6. Қол белде, бел буынын айналдыру оңға, солға.
7. Бір орында секіру жаттығулары оң аяқ, сол аяқ, қос аяқпен



Кең, ашық кеңістік.

Сабақтың
ортасы



№1Тапсырма Дамыту жаттығулары
«Дамыту» ойындарын ойнау
2 Тапсырма
Әр топ секіртпемен жерде өзен жасайды. Өзенді секіріп өтіп, артқа жүгіріп қайтады.
Мұндай жаттығулар жасағаннан кейін сендер өз денелеріңде қандай өзгерістер болғанын байқадыңдар? (Қызудың көтерілуі – маңдайыңды ұстап көр, қаншалықты денең қызыды?
Жүректің соғуы – кеуделеріңнің сол жағынан жүректеріңнің соғуын тыңдаңдар?
Ол қаншалықты тез соғып тұр?
Оқушылар қөптеген қызықты жаттығуларды орындайды: Тірек-қозғалыс дағдыларының көп түрлері (секіру, өткізу, шоқырақтау, секіру, алдау); қол ұстасып жұппен жүгіру; піл/тышкан/ат сияқты жүгіру; ысқырық естіген кезде бағытты өзгерту; тез ырғақпен жүру, асықпай жүгіру конуспен белгіленген жолдан секіру

Кең, ашық кеңістік.

Әр жаттығу үшін үлкен, таза кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық. Мұғалім үшін секундомер (мүмкін болса әр жұпқа). Түрлі түсті конустар мен маркерлер



Сабақтың
соңы

Ойлану: Тірек- қозғалыс дағдысының не екенін бәріміз білеміз бе?
Барлықтарын еденге жатып көздерінді жұмындар. Тау басынан ұшып бара жатқан құсты елестетіңдер (мыс, бүркіт) де өздерінді сол құс деп санандар.Үш рет терең тыныс алығыз да қанаттарынды ауда жазғанда жолдағы бұлттарды үрлеп жіберіңдер, бірақ тыныс алғанда шу шығармандар. Кеудемен емес ішпен тыныс алып көріңдер, сөйтіп шынымен терең дауыссыз тыныс аласыз. Осылайша жұмсақ жолмен мұрынмен тыныс ала алсасындар ма? Ақырындап тізелерінді ішке алып келіп, қырмен жатыңдар да көздерінді ашындар. Содан кейін ақырын отырып бөлмеден шығуға дайын болындар. Жақсы қалыпта отырған оқушылар тізбектің бірінші бастайды. Жақсы отырған оқушалардың иығынан ұстаңыз және оларға аяқ ұшымен барып есіктің алдында тізілсін және сыныпқа қайтсын деп айтыңыз.

Кең, ашық кеңістік.



Саралау – оқушыға мейілінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Оқушылардың сабаққа белсенді қатысуын ұйымдастыру үшін мадақтау сөздер арқылы қолдау көрсетемін.
Топ болып бірлесіп ойнау үшін топ ережесін сақтауларын талап етемін
Қабілетті оқушылардың басқа оқушыларды ұйымдастырып, ойынға тартуына ықпал етемін



Пәнаралық байланыс-Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


  • Үлгере алмайтын, қалып қоятын оқушылар мықты және дарынды балалардың сонынан қайталап ереді

  • Кеңістікте қозғалыс сөздік қорларын кеңейту үшін жаттығып жатқан қабілетті оқушыларға қиынырақ сұрақтар қойылады.

  • Мұғалімнің сырттан жүріп байқауы

  • Балалармен тақырып бойынша әңгімелесу

  • Керек кезінде оқушылар тоқтай ала ма?

  • Оқушылар ойын ойнаған кезде ерекше қимыл қозғалыстарынкөрсете ала ма?

  • бақылау, тыңдау, сұрақтар.

  • Оқушылардың қалай жүгіргендерін бақылау

Оқушылар өз-өздерін бағалау, орындаған тапсырманы талқылайды

  • Жеке оқушылардың физикалық көрсетілімінің сапасы.

  • Сұрақ жауап арқылы топтағы және жеке қарым-қатынас сапасын анықтау

Орындалған істестік тапсырма


Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу
Қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтау
Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?


Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттарына оқушылардың барлығы қол жеткізді деп айта аламын,себебі балалар ойынды ойнау барысында жұппен ,топпен жұмыс жүргізді. Қабілетті оқушылар басқа оқушыларды ойынға ұйымдастырып тарта білді.


Сабақта саралау жұмысы кіші сыныптағы балалар болғандықтан көбінесе мадақтау арқылы жүргізілді.
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды және балалармен жоспардан тыс бірнеше эстафеталық ойындар жүргізілді.
Келесі сабақта оқушылар өте жылдам болғандықтан жоспарланған жұмыстарды жылдам орындайтындықтан ,келесі жолы ойын түрлерін көбірек жоспарлаймын.
Топқа бөлу барысында екі топтық күштерінің біркелкі болуын қадағалаймын

Қорытынды бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)


1: оқушылар жұппен тапсырманы жақсы орындады

2: кері байланыс арқылы оқушылар өз мақсаттарына жеткенін көрсетті


Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы етуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)


1:жүгіруді ,бақылау

2: күшті дамытуға арналған жаттығуларды көбірек беру


Осы сабақ барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?






Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет