11.5.2.2 - жоғары жиілікті электромагниттік тербелістердің модуляциясы мен детекторлеуді сипаттау;
11.5.2.3 - амплитудалық (АМ) және жиіліктік (FM) модуляцияны ажырату;
11.5.2.4 – детекторлы радиоқабылдағыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға радионың пайда болуын, радиобайланыстың жүзеге асырылуын, радиобайланыс принциптерін ұғындыру арқылы, күн өткен сайын дамып келе жатқан байланыс құралдары туралы танымдық-практикалқ түсініктерін дамыту.
Өткен сабақта біз электромагниттік толқындардың жұтылуы мен шығарылуын түсіндірген болатынбыз. Өткен тақырып бойынша сұрақтар. (1 тапсырма) 1.Бір ортадан екінші ортаға өткенде электромагниттік толқын бағытының өзгеруін қалай түсіндіруге болады?
2.Толқындардың интерференциясы дегеніміз не?
3.Қандай толқын поляризацияланған толқын деп аталады?
4.Қандай шарт орындалғанда электромагниттік толқынның дифракция құбылысы айқын байқалады.
Ұялы телефон арқылы қалай сөйлесеміз? Ұялы телефон арқылы айтылған хабарлама қалайша бір қаладан екінші қаладағы телефонға жылдам жеткізіледі? Теледидардағы тікелей эфирді басқа қаладан қалайша сол мезетте көреміз? Міне, бүгінгі тақырыпта осы сұрақтар жайында білетін боласың.
Телефон арқылы дыбыстық хабарлама төмендегі схема арқылы түрленеді, яғни дыбыстық хабарлама микрофон арқылы электр сигналына түрленеді, электр сигналы жоғары жиілікті тербеліспен қосылып модуляцияланады. Модуляция және детекторлау дегеніміз не?
Модуляция дегеніміз – тасымалдауға қажет ақпаратты тасымалдаушы сигналға амплитудасын немесе жиілігін өзгерту арқылы енгізу процесі. Модуляцияның әртүрлі түрлері бар.
Детекторлау жоғары жиілікті модуляцияланған электромагниттік толқыннан дыбыс сигналын бөліп алу құбылысы.
Амплитудалық модуляция Тасымалдаушы толқынның амплитудасының аудио сигналдың орын ауыстыруына қатысты өзгеруін амплитудалық модуляция деп атайды. Амплитудалық модуляция кезінде жиілік өзгермейді.
Жиіліктік модуляция Тасымалдаушы толқынның жиілігі аудио сигналдың орын ауыстыруына қатысты өзгеруін жиіліктік модуляция деп атайды. Жиіліктік модуляция кезінде амплитуда тұрақты болады.
Радиобайланыстың дамуының ең маңызды кезеңі 1906 жылы америкалық инженер Д. Форесттің үш электродты шамды – триодты ойлап табуымен байланысты. Триод негізінде 1913 жылы өшпейтін электрлік тербелістердің шамды генераторы жасалынды. Соның нәтижесінде электромагниттік толқын арқылы енді музыканы, сөзді, яғни дыбысты қашықтықта тарату жүзеге асырылды. Оны радиотелефондық байланыс деп атады.
Радиотолқындардың қолданылуы. Кез келген электромагниттік сәулелер сияқты радиотолқындар да өздері түскен беттен кері шағыла алады. Радиобайланыс үшін радиотолқындарды пайдаланады. Радиотолқындар арқылы объектіні тауып, оның тұрған орнын дәл анықтау радиолокация деп аталады. Радиолокация арқылы нысанның қозғалу жылдамдығын және одан бақылаушыға дейінгі арақашықтықты табуға болады. Радиолокациялық қондырғы – радиолокатор немесе радар – хабарлаушы және қабылдаушы бөліктерден тұрады. Радиолокаторлар ұшақтар мен кемелердің орнын анықтау, ауа райы қызметіне т.с.с. пайдаланылады.
Радиобайланыс принципі төмендегі схема бойынша жүзеге асырылады.
Тербелмелі контурдың индуктивтілігі L=1,6мГн, электр сыйымдылығы С=0,04мкФ,ал конденсатордағы ең үлкен кернеу Um=200В.Контурды идеал деп есептеп,ондағы ток күшінің максимал мәнін анықтаңдар.
Дескриптор
- шартын жазады
-формуласын қолданады
-ХБЖ келтіреді
-Контурды идеал деп есептеп,ондағы ток күшінің максимал мәнін анықтайды