Қысқа мерзімді сабақ жоспары



Дата23.05.2022
өлшемі243,29 Kb.
#35380
түріСабақ
Байланысты:
негіздер қмж


Қысқа мерзімді сабақ жоспары





Пән:Химия

Мектеп:№78 ЖББОМГ

Күні:19.04.2022

Мұғалімнің аты-жөні: Кайратова Д.К.

Сынып: 8А

Қатысқандар саны
Қатыспағандар саны:

28
0

Сабақ тақырыбы

Негіздер. Негіздердің қасиеттері Зертханалық жұмыс №8

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

  • 8.3.4.9 - негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін білу және түсіну; -олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

Сабақ мақсаттары

  • Барлығы:негіздер мен сілтілер арасындағы айырмашылықты түсіну;

  • Көбісі:негіздердің химиялық қасиеттері туралы білімін қолдана отырып, реакция теңдеулерін жазу;

  • Кейбіреуі:негіздердің және амфотерлі негіздердің химиялық қасиеттері туралы білімін қолдана отырып, реакция теңдеулерін жазу.

Тілдік мақсаттар



Оқушылар негіздерді атайды, олардың қасиеттерін болжайды.
Пәнге қатысты лексика мен термионология:
негіз, сілті, амфотерлі негіз

Пәнаралық
байланыстар

Пән

Кезең

Физика

Практикалық жұмыс

АКТ қолдану
дағдылары

Презентацияны қолдану

Бастапқы білім



Қарапайым химиялық реакциялар(7.2A) Қайтымды реакциялар (8.3B) Еру және ерітінділер

Жоспар




Сабақтың кезеңі

Педагогтың іс-әрекеті

Оқушының іс-әректі

Бағалау

Ресурстар

Сабақ
басы

10 мин


Ұжымдық ортаны қалыптастыру.
1.Оқушылармен амандасу
2.Сабаққа қатысымдарын түгендеу
Психологиялық жағымды ахуал туғызу «Блиц кездесу» оқушылар жұптасып бір-бірлеріне жақсы қасиеттерін айтады.
3.Үй жұмысын тексеру
№1 есеп

Массасы 6,2 г натрий оксиді қанша грамм күкірт қышқылымен қалдықсыз әрекеттеседі?


№2 есеп
Зат мөлшері 0,1 моль алюминий тұз қышқылымен әрекеттескенде, нәтижесінде бөлінетін сутектің мөлшері қанша болады? Қанша грамм алюминий хлориді түзіледі?





Оқушылар бір-біріне жақсы қасиеттерін айтады.






Сабақ ортасы
10 мин
3 мин

2 мин
5 мин


5 мин



Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақ.
«ДЖЕКСО» стратегиясы арқылы оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беріледі.
Оқушыларға металл валенттілігі бойынша негіздердің формулаларын құрастыру тапсырылады. калий,магний, алюминий(ІІІ),Сu(І, ІІ) Осыдан оқушылар "Негіз дегеніміз әрбір металл атомы бір немесе бірнеше гидроксотоп пен байланысқан күрделі зат" деген ұғымды түсінеді.Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.
Тапсырмалар:
1
Мына берілген қосылыстардың ішінен заттарды үш топқа бөліп кестенің ішіне жазады,алдыңғы сабақтағы білімдерін пайдаланып оксидтермен қышқылдарды бөліп жазады,қалған қосылыстардың негіз екенін анықтайды,анықтамасын береді. CuO, H2SO4, KOH, H3PO4, Al(OH)3, SO3, H3PO4, Ni(OH)2, NaOH, Pd(OH)2,Сu(OH)2,Ba(OH)2, Zn(OH)2,Cr(OH)3, Na2O, HCI, H2SO4, MgO, CO2,Be(OH)2, K2O.

Оксидтер

Қышқылдар

Негіздер












Дескриптор:
-Оксидтерді жіктеп жазады;
-Қышқылдарды жіктеп жазады;
-Негіздерді жіктеп жазады.

2


Төменде көрсетілген заттардың қайсысы NaOH-пен реакцияға түседі? Мүмкін болатын 2 реакция теңдеулерін жаз: CuO, H2SO4, Cu(NO3)2 , KOH, HPO3, FeCl2, PbS, Al(OH)3, Cr(NO3)3, SO3, H3PO4, Cr(NO3)3


Есептер:
1
Массасы 50 г 16%-дық сілті ерітіндісін дайындау үшін қанша грамм сілті алу керек?



2


Массасы 78 г калий сумен әрекеттескенде калий гидроксидінің қандай массасы және қанша мөлшері түзіледі?




Оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді.

Оқушылар берілген тапсырманы орындайды.


Оқушылар есептерді шығарады.






Смайлик





Презентация,интерактивті тақта, оқулық.
Жұмыс дәптері,Менделеев кестесі,оқулық,нтерактивті тақта,таратпа материалдар.




Сабақтың соңы
5 мин

Рефлексия
Кері байланыс: «Ауа-райы» әдісі арқылы кері байланыс жасаймын.(шуақты-түсінікті,бұлтты-түсінбеген тұстарым бар,жаңбырлы-түсіну қиындау).
Үй жұмысы:
№3 есеп

Оқуышларға сабақ басында күннің,бұлттың және жаңбырдың карточкалары беріледі.Осы арқылы мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін байқай алады.

Сабаққа қатысуы барысында баллдық жүйемен бағаланады.

Рефлексия қағазы
Күннің,бұлттың және жаңбырдың карточкалары
(шуақты-түсінікті,бұлтты-түсінбеген тұстарым бар,жаңбырлы-түсіну қиындау).

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?




Пәнаралық байланыстар
Тіршілік қызметі қауіпсіздігі
АТК байланыстар
Құндылықтармен байланыстар



Кейбір оқушылар нұсқауларды нақты сақтайтын болады. Жұптық жұмыс тәжірибені орындау кезіндегі қателерді болдырмауға көмектеседі.




Бағалау – оқушылардың білімін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Формативті бағалау сабақ басында практикалық жұмысты орындағанда жүзеге асады. Сәтті орындалған тәжірибелердің көп бөлігі оқушылардың нұсқауларды нақты сақтау ептілігінің көрсеткіші болады.
Сипаттамаларын оқи отырып, нәруыздың қызметін дәл анықтағанда жүзеге асады.
Оқушылар бір-бірін бағалайды, сұрақтар қою арқылы және сол сұрақтарға жауап беру арқылы.

Ой толғаныс


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылар бүгін нені білді?
Оқыту ахуалы қандай болды?
Жоспарланған саралау тиімді болды ма?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жиынтық баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:


2:


Сабақты жақсартуға ықпал еткен екі аспекті (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет