Ішкі секрециялық бездер зат алмасу процесіне қатысады, адам ағзасының тіршілігіне ықпалын тигізеді. Олардың өнімі тікелей қан тамырлары арқылы қанға сіңеді де, қанмен бүкіл денеге тарап, мүшелердің қызметіне әсер етеді



Дата15.11.2023
өлшемі270,01 Kb.
#122399
Байланысты:
СРСП 2


1Ішкі секрециялық бездер зат алмасу процесіне қатысады, адам ағзасының тіршілігіне ықпалын тигізеді. Олардың өнімі тікелей қан тамырлары арқылы қанға сіңеді де, қанмен бүкіл денеге тарап, мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік, айырша (тимус), ұйқы (қарын асты) безі, бүйрек үсті, жыныс бездері жатады.
Ішкі секреция бездеріне секреторлық құрылым тән. Олардың мөлшері үлкен болмайды, бірақ қанмен мол жабдықталады. Безде қан тамырлары орасан көп капиллярлар торын құрайды. Сондықтан без бөлген өнімдер қанға тез сіңеді.
2Ішкі секрециялық бездердің ӛнімі гормон - ӛте белсенді химиялық зат. Ол ішкі секрециялық безде түзіліп қанға немесе лимфаға сіңіп, мүшелер мен мүшелер жүйесіне, тіпті күллі организмге әсер етеді. Гормондардың қасиеттері: а) олар ӛте белсенді, тым аз мӛлшерде әсер ете алады;
ә) әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспегенде екінші бездің гормоны немесе басқа бір белсенді химиялық зат оның қызметін атқара алмайды;
б) ұлпаларға, мүшелерге ӛзінің пайда болатын жерінен дистантты, яғни қашық тұрып, алыстан әсер етеді. Ішкі секрециялық бездердің қызметі ӛзара тығыз байланысты. Олар бір-бірінің қызметіне белсенді түрде тікелей де, жүйке жүйесі арқылы жанама да әсер етеді. Мұндай ӛзара байланыстың нәтижесінде олардың қызметі жүйке жүйесі арқылы кері байланыс жолымен реттеліп отырады да, денедегі гормондар мӛлшері тұрақты мӛлшер қалпында сақталады. Егер бұл байланыс бұзылса, организмде түрлі зат алмасуға байланысты аурулар пайда болады Гормондардың ӛндірілуі нашарлағанда гипосекреция (грек. гипо – аз, тӛмен) және күшейгенде гиперсекреция (грек. гипер – артық, жоғары, шегінен тыс) байқалады.
Гипофиз үш бӛлшектен тұрады. Аденогипофиз (алдыңғы бӛлік) басқа эндокринді бездердің қызметтерін реттейтін тропты гормондар, сондай-ақ ақуыздың синтезі мен майдың ыдырауына қатысатын соматотропин (бойдың ӛсуінің гормоны) гормондарын бӛліп шығарады





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет