Дін философиясы
Теология (грек theos — қүдай және log — ілім, сөз, акыл,) Құдай туралы дін ілімі, белгілі діннің ілімдерін жүйелеу деген түсінік береді. Қандай бір теологиялық көзқарастың түрлері болмасын олардың бастарын біріктіретін бір тәсіл, иррационалдық көзқарас арқылы жүріп жатады.Теологиялық анықтама бойынша, Қүдай — реалды күш және адам өзінің өмір сүру процесінде онымен қатынас жасайды. Дін дегеніміз — Құдай мен адамның кездесуі деп түсіндіреді. Себебі дін дегеніміз (лат.се: religiaze) — «байланыстыру» сөзі арқылы анықталады дейді. Олардың айтуы бойынша, «дін» деген үғым — Қүдайдан келетін түсінік.
Дін арқылы адам Қүдаймен байналыс жасайды. Теологиялық көзқарас бойынша діннің не екенін былайша анықтайды: теология Қүдай тураль білім болғанымен, теология Қүдайдың болмысын зерттемейді, олҚұдайдың «өсиетін» зерттейді. Ол өсиетті күмәнсіз сенуге, қабылдауғ: шақырады. Сондыктан, теология дегеніміз Қүдай туралы ілім емес, ол Қүдайдың айтып кеткен өсиеттері туралы білім.Материалистік философияда дін жеке адамның және қоғамның өмірінің күрделі рухани қүбылысы есебінде қарастырылады. Оларды топтап көрсетсек, мынадай негізгі аспектілерін көреміз:
— дін дегеніміз — жеке адамның, үжымның, қоғамның рухани өмірінің аймағы;
— әлемді рухани-тэжірибелік түрғыда меңгеру;
— рухани өндіріс аймағы;
— қоғам санасының бір формасы, идеялық жемісі мен формасы.
Ғылыми көзқарас бойынша, дін философияның бөлігі ретінде қарастыруға болатындығы. Дін және философия, әмбебаптық, дүниетанымдық мәселермен айналысуында. Дінді мәдениеттің бөлігі ретінде қарастырамыз. Дін мәдениетке ұксап, адам мәселесін, адамды тәрбиелеу мәселесін өзінің негізгі мәселесі деп есептейді.
Ислам (араб тілінде бас июшілік, құлшылык) — үшінші әлемдік, ең жас дін. Мұсылман қауымдары 120 мемлекетке тарап, 35 мемлекетте мүсылмандар саны басым болып, 28 мемлекетте мемлекеттік дін болып есептеледі. Ислам дінінің негізін салушы Ислам дінінің негізгі ағымдары суннизм және шиизм.
Ислам философиясы – ислам өркениетіне тəн рухани жəне тəжірибелік дүниетаным жүйесі. Ислам өркениеті мен оның философиясы дəстүрлерінің қалыптасып, дамуындағы арабтармен қатар өзге де түрлі халықтар мəдениетінің елеулі үлесі мен атқарған рөліне байланысты бұл құбылысқа анықтама беру кезінде түрлі əдебиеттерде “араб тілді философия”, “араб-мұсылман философиясы”, “араб философиясы”, “исламдық шығыс философиясы” деген тəрізді атаулар жиі қолданылады. Ислам өркениетінің өзіндік сипаты жəне айрықша ерекшелігі – ислам дінімен тікелей байланысты. Ислам философиясы мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құранда тұжырымдалатын “дүниені қабылдау” ауқымында қалыптаса келіп, ислам өркениетінің жалпы мəн-мазмұнын бейнелейді.Ислам философиясы дін,құқық және теориялық ғылымдармен қатар дамыды.Олардың құрамына жаратылыстану,медицина,математика,филология,этика,саясат кіреді.
Ислам философиясының айырықша ерекшелігі-оның пікірталастық сипаты.Сол пікірталас көптеген бағыттардың пайда болуынп мүмкіндік туғызды және діни философиялық ой пікірдің ерте дамуына жол ашты.
Достарыңызбен бөлісу: |