Сайлау жүйесі және сайлау Сайлау жүйесі ұғымы негізінен екі — тар және ауқымды мағынада қолданысқа ие. Кең мағынада айтсақ сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу және ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынаға келсек сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауға қатысқан үміткерлердің немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Қазіргі кезде әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған.
Мажоритарлық жүйе (фр majorite — басым,көпшілік деген сөзінен пайда болған) — сайлаушылардың басым көпшілігі дауысын берген үміткер сайланған болып есептелетін сайлау жүйесі. Ол көптеген АҚШ ,Франция,Ұлыбритания сияқты елдердің президент,парламент депутаттарын сайлау процесінде қолданылады.
Пропорционалды жүйе – саяси партияның белгілі бір жинаған дауыстары мен жеңіп алған мандаттарына байланысты пропорционалдылық принципіне негізделетін сайлау жүйесі. Өкілді органға кандидаттарды тек партиялар ғана ұсына алады. Пропорционалды жүйе тек қана заң шығарушы орган депутаттарын сайлаған кезде ғана қолданылады.
Сайлаудың пропорционалды жүйесі үміткерлердің тізіміне қарай екіге бөлінеді: ашық және жабық. «Ашық тізімде» сайлаудың әдісіне қарай бір немесе бірнеше үміткерге дауыс беруге болады немесе партиялық тізімдегі үміткерлердің реттік орны анықталады. «Жабық тізімде» сайлаушылар тек партиялық тізім бойынша дауыс береді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 95-бабының, 2-тармағына сәйкес, Парламент Мәжілісі депутаттары партиялық реттік орны негізінде сайланады, яғни пропорционалды жүйенің ішінде жабық тізім қолданылады.
Сондай-ақ пропорционалды және мажоритарлы сайлау жүйесінің комплентінен тұратын аралас сайлау жүйесі бар. Аралас сайлау жүйесінде барлық мандаттардың тек бір бөлігі партиялық тізіммен, қалған бөлігі жекелеген үміткерлерге дауыс беру арқылы сайланады. Парламент сайлауы кезінде сайлаушылар жекелеген тұлғаға және партияға екі бөлек дауыс беріп отыра алады. Қазақстанда аралас сайлау жүйесі ең алғаш рет 1999 жылы Парламент Мәжілісі сайлауында қолданылған болатын. Сайлаудың қорытындысы бойынша, партия өкілдеріне 77 орыннан 10 орын берілді. Екінші рет сайлаудың бұл жүйесі 2004 жылы қолданылған болатын.
Партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билікті жүргізуге қатынасуға арналған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағы. Партиялар сайлауға, мемлекеттік органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзіне асыруда қызмет атқарады. Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның негізгі міндеті- азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты қамтамасыз ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын атқарады. Бұрыңғы әлеуметтік - экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерістер керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын.ойларын білдіреді. Соның арқасында қоғамның саяси саласындағы қарама-қайшылықтардың басы шешіледі, әлеуметтік қопарылысқа соқтырарлық өткір, ойда жоқ шиеленістердің болуы мен мүмкіншілігі азаяды. Сонымен қатар партиялар сайлау жүйесін дайындау мен өткізу, өз мүшелерінің санын көбейту, орталық және жергілікті ұйымдардың материалдық ахуалын күшейту, өз еліндегі және шетелдердің мақсаттары жақын партияларымен байланысты күшейтумен үнемі айналысады. Қазақстан мемлекеті партияның кең тараған түрі болып табылады және көппартиялық бағытын ұстанады. Көппартиялық деп мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың түрлі мүдделері мен пікір алуандығын пайдалана отырып басқару түрін айтады. Қазіргі кезде мемлекетімізде бірнеше партиялар кең қанат жаюда. Олардың бағыттары әртүрлі болғанымен, мақсат- мүдделері жағы бір десек те болады.
Осы кездегі саяси партиялар мен партиялық жүйелердің орнығу кезеңі XVI-XVII ғ. Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек XX ғасырдың соңғы жылдарында олар саяси күресте күшейген, басқару жағынан көп тәжірибесі бар әртүрлі әлеуметтік топтардың сыннан өткен нағыз саяси партиясына айналды.
«Партия» деген сөзді латын тілінен баламалағанда «бөлу», «бөлшек» деген мағынаны білдіреді. Ең алғашқы партиялар Ежелгі Грецияда пайда болған болатын. Бірақ олардың саны өте аз, дұрыс ұйымдаспаған еді. Сондықтан мұндай шағын топтардың айтарлықтай мазмұны болмаған болатын.