Ислам негіздеріндегі бауырластық



Дата12.12.2022
өлшемі18,21 Kb.
#56617
Байланысты:
Мақала


М.Е.Көпжасаров
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы қ., Қазақстан
mukhammadkopzhassar@gmail.com
Ислам негіздеріндегі бауырластық
Расында да Ислам адамдар арасын түрлі жолдармен біріктіреді. Солардың бірі Аллаһ үшін жақсы көру. Муминдердің бір-бірін жақсы көрулері –Алла Тағала разы болатын жақсы қасиеттердің бірі. Сондай–ақ,екі дүниедеде бақытты болу осы шынайы махаббатқа тікелей байланысты. Адамзаттың ардақтысы болған Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген. «Қиямет күні Аллаһ Тағала былай деп бұйырады: Менің әміріме мойынсұнып, бір-бірін жақсы көрген пенделерім қайда? Оларды Аршымның көлеңкесінен басқа ешбір көлеңке болмайтын осы күні өз көлеңкеме паналатайын».
Әрине шынайы бауыр болудың ерен үлгісін саңлақ сахабаларымыздың көрсеткені баршамызға мәлім. Оның қарапайым мысалы Аңсарлық сахабалардың Алла Тағаланың дінін ұстану және тарату үшін отандарын тастап келген мухажир бауырларына құшақтарын ашып үйлерінен жай беріп, оларға барлық жағынан көмек беруімен шынайы бауыр болудың ерен үлгісін көрсетті.
Бұл мақала ислам дінінің келуімен адамдар арасындағы қарым қатынастың елеулі дәрежеде өзгеруін , шынайы дін бауыры

болудың қай заманда болсада маңыздылығын көрсетеді.



Кіріспе
Бұл мақалада ислам негіздеріндегі бауырластықты негізге ала отырып,оның маңыздылығы мен өзектілігіне талдау жасалады.
Негізгі бөлім
Ең алдымен Ислам діні мұсылмандарды бір-бірімен бауырлас болуға бұиырған. Бұл бауырластық туыстардың арасындағы байланыстанда күштірек. Ол адамның кім екені, қайдан шыққаны, нәсілі, немесе тілі ,байлығы да маңызды емес. Бұл бауырластықта ешқандай жеке адамның мүддесі көзделмейді , ол тек Алла разылығы үшін жасалады. Бұл басқа діндер айтатын бауырластықтан өзгеше бауырластық.
Құранда Хұжрат сүресінің оныншы аятында «Расында, мүміндер –бір-біріне шынайы бауыр. Олай болса(жүз шайысып, ат құирығын кесіскен)бауырларыңның арасын жарастырыңдар. Және Алладан қорқыңдар.Мүмкін игілікке бөленерсіңдер»,деді.
Мұсылман бауыры үшін не істеу керек екенін көрсететін көптеген хадистер бар мысалы:»Егер кім сендерден өз бауырын Алла үшін жақсы көрсе , оған жақсы көретінін айтсын» (Әбу Дәуіт). Оны Алла үшін сыйлайтынын айтып, жақсы қарым қатынас жасауға шақырады. Жалпы адамдар арасында Алланың разылығын қалайтын ізгі жандар жетерлік. Олардың жақсылары сонша, өзінің қымбат уақытын , маңызды шаруасын екінші орынға қойып, басқа адамның қажеті үшін тіпті малын сарп етіп , тамағын беріп, үйінен еш қымсынбай тұру үшін орын береді.
Келесі бір хадисте Алла Тағаланың көлеңкесінен басқа ешқандай көлеңке болмайтын қиямет күнінде Алла разылығы үшін бір-бірін жақсы көретін және сол мақсатта кездесіп, сол мақсатта айырылысатын дін бауырдың Арштың көлеңкесінде паналатылатындықтарыайтылған .Әрине кімде болса қиямет күнінің қиын қыстау сәтінде Алланың рахымына бөленгісі келетіні хақ. Ал сол қиын қыстау сәтте Арштың көлеңкесіне бұл дүниеде шынайы бауыр болғандар ғана ие болмақ.
Хакім Абайдың мынандай бір өлең жолдарын айтпай кетпеске болмас:
Біріңді қазақ,бірдіңдос,
Көрмесең істің бәрі бос.
Ақиқатында асыл дініміз бауырмалдық пен кең пейілдік , бейбітшілік пен тақуалық ,игі қарым қатынас пен көркем мінез сияқты ізгі істердің бәрін өз ішіне қамтыған. Өкініштісі қазіргі таңда адамдар арасында достық, бауырмалдық мінездерден гөрі алауыздықтың , көре алмаушылытың және де күндестіктің байқалатыны іштей қынжылтады. Кейде болмашы бір дүниеге бола бауырлардың өз ара қырқысып жатқандарын көреміз осылайша бауырларымен қарым-қатынасты үзіп жатады. Ал Асыл дінімізде мұсылманның мұсылман бауырына үш күннен артық ренжісуіне тиым салынады.
Елімізде халықтың діни сауаттылығын арттырып ,атадан қалған асыл дініміздің құндылықтарын бойымызға сіңіріп, іске асыра білсек қана халқымыздың бір-біріне бауырмашылдығы арта түсері ақиқат.
Қорытынды
Қорытындылай келе айтар болсақ, асыл дініміз шынайы бауырмал болудың үлгісін көрсетті. Ендігі бізге қалған мәселе бауырмалдықтың ақ туын желбірете отыра асыл дінімізді келер ұрпаққа насихаттау. Ал бұл жолда ауыз біршіліктің алар орны әр қашан да жоғары болмақ. « Жолдасы көптің олжасы көп» дегендей басына түскен ауыртпалықты бауырлары бөлісетін болса, қиындықты оңай жеңеді.
Алла тағала бір-бірімізге шынайы бауыр болып , қияметтің сын сағатында Арштың көлеңкесіне ие болған мүміндерден етсін.

Библиографиялық тізім
[1] Хужурат сүресі , 10 аят
[2]Әбу Дауд хадистер жинағы
[3]Имам Табарани «Кабир» кітабында
[http://www.ihsan.kz]
[4]Имам Бухари сахих жинағы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет