Исламның таралу ерекшеліктерін және оның қалыптасуының мәдени бастауларын сыни тұрғыдан бағалай білу



Дата27.11.2023
өлшемі15,08 Kb.
#130166

Исламның таралу ерекшеліктерін және оның қалыптасуының мәдени бастауларын сыни тұрғыдан бағалай білу.

Ислам діні – дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Ол біздің заманымыздың VII ғасырында арабия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде құл иеленушілік идеологиясы ретінде дүниеге келді. Тарихи деректерге, әдеби аңыздарға сүйенсек, Ислам діні Арабиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы – Меккеде шықты. Арабия елі бірқатар бай елдердің орталығы болды. Олар: Рим, Византия, Египет, Иран және басқа елдер бір-бірімен сауда қатынасын жасаған кезде Арабия жерін басып өтетін. Осыған байланысты Араб феодалдары жер келері боуымен бірге, құл жұмсаудан, құл сатудан орасан зор табыс түсіріп отырды.

Исламның алғашқы кезеңінде бейбіт жолмен дінге бет бұрмаған елдерге исламды таратудың бір жолы қарулы күрес болды. Дін тарату жолындағы соғыстардың Орта Азия жерінде де көптеп жүргізілгенін біздің тарих тұрмақ, араб-парсы тарихи деректері де жоққа шығармайды. Өзіміз мектеп оқулығынан білетін Мауараннахрда дін жорықтарын жүргізген араб қолбасшысы Қутайба ибн Муслимнің мазары қазіргі Өзбекстан жерінде әлі тұр. Қазақ даласында қаншама араб әскербасыларының қабірі қалды.

Жаңа келген дін қаншалықты озық әрі өркениетті болса да, ешбір халық мың жыл ұстанған ата-баба дінінен айнып, оған бірден бойұсына қоймайтыны белгілі. Исламға дейінгі дәуірде жоғары дәрежеде ұйымдасқан әкімшілік-басқару жүйесі, жауынгерлік өнерді терең меңгерген әскері, тас кітаптарға тарихын таңбалаған жазу мәдениеті болған, адамгершілікті ту еткен мол рухани мұраға, жарты әлемді жаулап, «бастыны еңкейтіп, тізеліні бүктірген» даңқты тарихқа ие түркі жұрты жаңа дінге қарсылықсыз бас иді деу қисынға келмейді. Бойұсыну болмаған жерде қақтығыс міндетті түрде болады. Қазақ жерінде де, әсіресе қазіргі Өзбекстанмен шектес өңірлерде талай қарулы қақтығыс болды. Қарумен бағындыра алмаған тұста бітімге тоқтап, бейбіт дін тарату келісіміне келген оқиғалар да орын алды. Мұның барлығы рухани шежірелерде де, кешегі кеңестік тарих оқулықтарында да тәптіштеп жазылған болатын. Кеңестік биліктің дінге көзқарасы теріс болғанымен, тарихи фактілердің бұрмалауға көне бермейтіні баршаға белгілі.



Оңтүстік өңірге орныққаннан кейін қазақ даласының қалған өлкелеріне исламның таралуы бейбіт жүзеге асты деуге болады. Байырғы тәңірлік сенім мен жаңа ислам дінін бірқұдайлық қағидалары мен имандылық ұстанымдары біріктірді. Ислам діні мен тәңірлік сенімнің астасуы ғасырлар бойы жүрді. Нәтижесінде дүниенің бір түкпірінен тау асып, тас басып жеткен ислам діні ұлтымыздың жан дүниесімен, рухани құндылықтарымен, табиғи сенімдерімен терең үйлесім тауып, бірте-бірте біздің мәдениетімізді құрушы, болмысымызды қалыптастырушы дінге айналды.

Исламның таралу ерекшеліктері мен оның қалыптастыруының мәдени бастауларын сынап, білу арқылы мұсылмандар дінінің негізгі принциптерін, құдіретін және оның орындауын түсіну, оларды өмірде қалай қолдану керектігін біледі. Исламның таралу ерекшеліктері мен қалыптастыруы өмірде дінге сенімділікті және өзгермейтін мәдениетті көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет