«Тіл тағдыры – ел тағдыры» (пікірталас)
23.11.2011Редакция Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті
№10 кәсіптік лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Исмайлова Гүлстан Бүгінгі пікірталасты жоспарламас бұрын алдыма мынадай мақсат қойдым:
Осы тақырып бойынша оқушының ойын оятып, пікірін айтқызуға қандай мүмкіндіктер жасау керек?
Пікірталастың маңыздылығы не болмақ?
Әдістер таңдау арқылы ой қозғап, пікір айтуға бағыттауды көөздедім.
Мағынаны тану. Өздігінше ізденіп ақпараттарға жауап іздейді, тілді дамыту туралы өз бағытын баяндайды.
Топта жұмыс істеу.
Тілдің ұлттық болашағы үшін маңыздылығын түсіну.
Пікір айту. Жаңа ойлар айту. Сұраққа жауап іздейді, тұжырымға келеді. Ойларын көпшілікке ұсынады. Өзін-өзі тануға талпыну.
Стратегиялар. Оқушыларды топтастыру. Оқушыларға тіл парызынан мағлұмат беру. Пікірталасқа тарту. Пікірталас барысында өз пікіріне сенімді жауап беру қабілетіне ерекше назар аударылады.
Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін оқушыларға ұсынылатын сұрақтар.
Тіл тағдыры – ел тағдыры.
Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңының орындалуына көңіліңіз тола ма? (өз пікірің)
Қазақстан азаматына орыс, ағылшын тілін білудің қажеттілігін бар ма?
Қазақ алфавиті ретінде латын алфавитін енгізуге қалай қарайсың?
Б А Р Ы С Ы
Әр топтан бір-бір оқушы «Тіл тағдыры ел тағдыры» деген тақырыпта өздері жазған пікірлерін оқып жеткізеді.
Екеуі өзі жазған ой пікірлерін қорғайды. Оқушылардың сұрақтарына жауап береді.
Тілдің өмір – ұлттың өмірі. Тілсіз ұлт болмайды. Негізгі идеяны тану. Тілімізді дамыту үшін өз тілімізде қолданылып жүрген сөздердің мағынасын толық түсінуіміз керек.
ПІКІРТАЛАСҚА ТАРТУ
Тілдерді қолдану мен дамыту туралы Президент Жарлығымен таныстыра отырып, Қазақстанды мекендейтін 130 – дан астам ұлттар мен ұлыстардың тілдерін дамыту мен қолдану.
Барлық оқушыларға қазақ тілі, ағылшын тілі мен орыс тілінің бүгінгі жағдайы мен болашағын болжау. (пікірлесу)
Қазақ тілінің бүгінгі жағдайына көңіліңіз тола ма?
Қазақ тілінің Отаны – Қазақстан.
Қазақ тілінің дамуының кенжелеп келе жатқанына кім кінәлі?
Қазақстан Республикасының Конститутциясындағы тіл туралы бапқа өзгеріс жасауға қалай қарайсыңдар.
Сөйлеу барысында айтылған пікірлерді нақтылап дәлелдеу арқылы қорытамын.
Примеры резолюций
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Пікір айту. Жаңа ойлар айту. Сұраққа жауап іздейді, тұжырымға келеді. Ойларын көпшілікке ұсынады.
Біздің топ келесі резолюцияны ұсынады.
Біздің үкімет мемлекеттік тілдің дамуына назар аударып жатыр.Қазақстанда мемлекеттік дамып жатыр,оған дәлел
Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы қабылданды
Біздің топ осы резолюцияны қабылдауды сұрайды
Премьер министр Үкімет мүшесі