Қызылорда қаласы, 2021 ж
Қашықтан оқыту – заман талабы
(қиындықтар мен жаңа мүмкіндіктер)
Қазақстандағы пандемия жағдайында еліміздің мектеп оқушылары қашықтан оқыту режиміне көшті. Әрине мұндай жағдай ата-аналарға, оқушыларға, мұғалімдерге оңай болған жоқ. Мектепке баланы жіберіп, мұғалімге сенім артқан ата-аналар жауапкершілікті толыққанды сезінді.
Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар
Онлайн(синхронды) режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.
Оффлайн (асинхронды) режимдегі оқыту дегеніміз - интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.
Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.
Ендеше осы қашықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктеріне қысқаша тоқталып өтейік.
Артықшылықтары:
Кез-келген уақытта білім алу мүмкіндігі.
Қашықтан оқытылатын оқушы материалды меңгеруге қашан және қай уақытта кірісетінін өздігінше шеше алады.
Өз қалауыңыз бойынша білім алу мүмкіндігі
Оқушыларға қатарластарымнан артта қаламын деп қобалжудың қажеті жоқ. Сіз әрқашан күрделі мәселелерді зерттеуге қайта орала аласыз, бірнеше рет видео дәрістерді көре аласыз, мұғаліммен хат алмасып және оны қайта оқи аласыз, өзіңізге белгілі тақырыптарды өткізіп жібере аласыз. Ең бастысы жақсы нәтиже көрсету
Кез-келген жерде білім алу мүмкіндігі
Достарыңызбен бөлісу: |