Байланысты: Баланы мектепке дайындауда балабақша мен отбасының байланысы
Баланы мектепке дайындауда балабақша мен отбасының байланысы Баланы мектепке дайындауда балабақша мен отбасының сабақтастығы және формалары. Баланы мектепке дайындауда отбасының тигізер әсері.Ата–аналар менжүргізілетін
педагогикалық жұмыстар. Баланы мектепке дайындауда балабақша мен отбасының бірізділігі. Ата – аналармен жүргізілетін жұмыстар формалары
Баланы мектепке әзірлеу оның киімін ғана дайындаудан тұрмайды. Ата-аналардың өз балалардың психологиясын қаншалықты дәрежеде білетінін ол кісілер баланы алғаш мектепке келген кезден-ақ байқауға болады.
Ата-аналардың көпшілігі бала мектепке дайын деген нық сенімде болады. Оған олардың «Менің балам бәрін біледі», «Менің баламның оқу құралдары түгел», «Менің балам оқиды, жазады, санайды» деген мадақтау сөздер куә. Әрине, ата-ананың баланы мақтағаны, бағалағаны жақсы-ақ. Бірақ кейде бастауыш сынып мұғалімдерінің әке-шешесі мақтаған бала мүлде басқа қырынан көріп жататыны бар. Оның себебі, біздің ойымызша баланың мектепке психологиялық жағынан даяр блмауында. Бастауыш мектеп психологы ретінде мұндай психологиялық жағынан дайын емес балаларды бірнеше топқа бөліп қарар едік.
1. Мектепке, мұғалімдерге, жалпы айналадағы балаларға жатырқай қарайтындар. Бұларға сабақ үстінде үйге кетем деп жылайтын, сабақта отырғысы келмейтін, тыңдауға зауқы жоқ балалар жатады.
2. Танымдық деңгейлері төмен топ. Бұл топқа жататындардың оқу әрекетін ұғуы, түсініп қабылдауы нашар. Кей жағдайда балалар тарапынан жазып, оқып, санай білмейтіндер де кездеседі. Оған ата-аналардың баланың танымдық деңгейіне мән бермеуі себепші.
3. Тез шаршайтындар, яғни денсаулығы нашар балалар.
4. Психикасы баяу және психикалық дамуында кідірісі бар балалар. Бұл топтағы балалардың еске сақтауы, ойлауы, сөйлеуі, зейін қоюы баяу.
5. Өте тынымсыз, қозғалғыш балалар. Бұл балалардың сабақта өзін-өзі ұстауы қиынырақ.
6. Психикасы бұзылған балалар отбасының әлеуметтік, психологиялық жағдайы, үйдегі тынышсыздық, дау-жанжалдар – бала психологиясының дұрыс қаоыптасуына кері әсерін тигізетін факторлар.