Қызылша ( корь) -жалпы аурудың жағдайының бұзылумен,жоғары тыныс жолдарының қабынумен және денеге теңбіл,терінің үстіне көтеріліп бөртпе шығумен сипатталатын жұқпалы ауру. Негізгі қоздырғышы фильтрленуші вирус



Дата05.12.2023
өлшемі13,32 Kb.
#134627

Қызылша
Қызылша ( корь) –жалпы аурудың жағдайының бұзылумен,жоғары тыныс жолдарының қабынумен және денеге теңбіл,терінің үстіне көтеріліп бөртпе шығумен сипатталатын жұқпалы ауру.Негізгі қоздырғышы фильтрленуші вирус. Ауру көзі-ауырған адам,қызылша әсіресе бастапқы кезінде мейілінше жұққыш келеді,4-күн өткен соң науқас қауіпті емес.Қызылша негізінен ауа сілекей жолы арқылы таралады.Қызылшамен ауырған науқаспен 1-бөлмеде болу жұғу қаупін төндіреді. Иммунитет тұрақты өмір бойы сақталады.Қызылшаның негізгі белгілері: бала дене қызуы 38-39С,мұрнынан су ағады,жөтеледі,түшкіреді.Бастапқы кезеңі тұмаумен, ит үргендей жөтелмен, конъюнктивитпен жалпы жағдайының нашарлауымен сипатталады. 2-3 ші күндері таңдайдың шырышты қабатында энантема, ал ұрттың ішкі жағында азу тіс маңайында ақ бөртпе дақтары пайда болады(Бельский -Филатов-Коплик). 3-5 күн өткен соң, ауру денесіне этап пен бөртпе шығады. аз уақытқа температура түскен соң құлақтың сыртында, мойнында, бетте дақты-папулезді бөртпелер пайда болады.Науқас тәбеті төмендейді, ұйқысы бұзылады,көңіл-күйі енжар. Қызылшаның асқынуы: пневмония, ларингит, бронхит, энцефалит сынды ауруларға алып келеді. Қызылшамен ауырғандардың жеңіл немесе орташа түрінде үйде емделеді. Қызылшамен ауырғандарға төсектік режим тағайындалады.Балаға ем барысында бөлме температурасындай сұйық ішу қажет,тамақ жеңіл қорытылатын, ауыз бен тамақты шырыштарын тітіркендірмейтін,жартылай сұйықтау болу тиіс.Қызылшамен ауырғандарды жекелеу ұзақтығы,оның күйіне байланысты,өйткені ауру тек жасырын кезеңінде,бөртпе шығып болғанша ғана жұқпалы. 3 айдан – 2 жасқа дейінгі қызылшамен ауыргандармен қарым қатынаста болған,онымен ауырмаған және белсенді иммуңнизацияланбаған бар балаларға қызылшаға қарсы иммуноглобулин егеді.Вакцинация жасау науқаспен қарым-қатынаста болғаннан 3-4 рет күннен кештетпей жасалған дұрыс.Қызылшаның көбеюіне байланысты қызылшаға қарсы екпе 9 айынан бастап жасалынады.
Алдын-алу: эпидемияға қарсы қолданылатын шаралар.әдейленген іс-шара қызылшаға қарсы вакцинация жасау.Медициналық көрсеткіштері бойынша вакцина егуге болмайтын балаларға гамма-глобулин егіледі.
 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет