Қызылша және қызымықтың зерханалық диагностика принциптері



Дата15.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#122556
Байланысты:
Қызылша және қызымықтың зерханалық диагностика принциптері


Тақырыбы
Орындаған: Акимкулов Дастан
Қызылша және қызымықтың зерханалық диагностика принциптері
Қызымық вирусы
Қызымық (латынша:rubrum-красный-қызыл)-қысқа мерзім
-ді дене қызбасымен,майда-дақты экзантемамен (бөртпе шығумен), генерализацияланған лимфоаденопатиямен және жүкті әйелдерде ұрықтың зақымдануымен сипатталатын вирустық жедел жұқпалы ауру.
Таксономиясы:
Тұқымдасы: Togaviridae
Туыстастығы: Rubivirus
Морфологиясы;
Жетілген вириондар сфера пішінді,диаметрі 60-70 нм.
Геномы(+) РНҚ-ның сегменттелмеген молекуласынан
тұрады.Суперкапсидінің липидті қабықшасының құрамында
тікенекше тәрізді E1 және E2 гликопротеидтер бар(жасуша
мен жанасқанда рецептор қызметін атқарады). Капсидінің
симметриясы куб типті болады. Төзімділігі-Қызымық вирусы эфирдің,детергенттердің әсеріне сезімтал. Сыртқы ортада тұрақты емес. Қайнатқанда вирус 2-минутта белсенділігін жояды.Төменгі температурада мұздатқанда өзінің белсенділігін жылдар бойы сақтайды.Органикалық еріткіштердің, УК сәуленің, күн сәулесінің, хлорқұрамды ерітінділердің және формалиннің әсерінен тез бұзылып жойылады.
Антигендері
    • 1.Ішкі антигені-нуклеокапсидтік,КБР-мен анықталады
    • 2.Сыртқы антигені-Суперкапсидтік антиген,БР,ГАТР-мен анықталады.
    • Серотипі-біреу.

Эпидемиологиясы:
Инфекция көзі(резервуары)-клиникалық белгілері айқын немесе симптомсыз жұқтырған адамдар. Вирус ауалы-тамшылы,транспланцентарлы (анасынан ұрыққа)
жолмен, және де инфицирленген заттармен жанасқанда жұғады. Қызымықпен негізінде 1-ден 7 жасқа дейінгі балалар ауырады, ересектер сирек жағдайда бұл ауруға шалдығуы мүмкін. Бөртпе шыққаннан бастап 7 күнге дейін науқас балалардың және де қызымықтың туыла біткен түрімен дүниеге келген нәрсетелердің (сыртқы ортаға 2 жыл бойы вирус бөліп шығарады) инфекция жұқтыру қауіптілігі сақталады. Вирус организмнен сыртқы ортаға мұрын-жұтқыншақ секретімен, несеп және нәжіс (инфицирленгеннен соң 7-8 күннен кейін) арқылы бөлініп шығады.
Зерттелетін заттар:
Қан,мұрын-жұтқыншақ шайындасы,ликвор, ұрық тіндерінен алынған сынамалар
Вирусты бөліп алу(индикациялау)
Ауыспалы жасуша дақылдарына жұқтыру арқылы
Идентификациялау
БР,ГАТР,РИФ
Емдеу
симтоматикалық
Серологиялық диагноз қою
КБР,ГАТР,БР,ИФТ,ПТР
Микобиологиялық диагноз қою
Алдын алу:
Спецификалық профилактика мақсатында әртүрлі вакциналар қолданады.
1.Моновакциналар 2.Ассоциацияланған вакциналар
Meruvax-2,Рудивакс,Эрвевакс
паротит,приорикс
Қызылша вирусы
Қызылша-дене қызбасымен,жоғарғы тыныс алу
жолдарының және көздің шырышты қабаттары
ның катаралдық қабынумен және де теріде түйін
шекті-дақты бөртпелер шығуымен сипатталатын жедел
жұқпалы ауру. Қызылшв вирусын 1954 жылы Д.Эндерс
және Т.Пибле бөліп алған.
Таксаномиясы:
Тұқымдастығы: Paramyxoviridae
Туыстастығы: Morbillivirus
Морфологиясы:
Морфологиясы жалпы парамикровирустарға ұқсас.Вирионның диаметрі 150-250 нм. Вирус геномы-
бір жіпшелі,фрагменттелмеген,минус-жіпті РНҚ.Ақуыздары: нуклеокапсидтік NP, матриксттік M, беткейлік гемаггютинин (Н) эәне қосу-біріктіру ақуызы(F) фермент-гемолизин. Қызылша вирусының гемаглютинациялық және гемолитикалық белсенділігі бар, құрамында нейроаминидаза жоқ. Серотиптері анықталмаған.Негізгі антигендері: Н (гемагглютинин), F пептид және нуклеокапсид (NP).Гемагглютининге және F ақуызға қарсы пайда болған антиденелер инфицирленген жасушаларға бағытталған цитотоксикалық әсер етеді.
Дақылдандыру жолдары:
Адамдардың эмбрионынан және маймылдардың бүйрегінен дайындалған біріншілік жасуша дақылдарына, ауыспалы HeLa,Vera жасуша дақылдарына жұқтырып өсіп өндіреді.ЦПӘ симпласттар пайда болуымен көрініс береді, және де цитоплазмалық, ядроішілік қосындылар пайда болады. F ақуыз жасушалардың бір-бірімен қосылып-бірігуін тудырады.
Эпидемиологиясы:
Қызылшамен тек қана адамдар ауырады. Тәжірибелік жағдайда қызылша ауруының белгілерін зерттеу үшін маймылдарды пайдаланады. Қызылша әлемнің барлық өңірлерінде кездесетін, кең таралған антропонозды жұқпалы ауру. Әр түрлі жастағы адамдар, көбінесе 4-5 жастағы балалар ауырады. Инфекция көзі-ауру адам.Негізгі жұғу жолы ауалы-тамшылы, сирек жағдайда жанасу(контакт) арқылы жұғуы ықтимал. Мазасыздану (продромальды) кезеңінде және бөртпе пайда болған кездің 1 күнінде айналасындағыларға науқастың ауру жұқтыру қаупі өте зор,бөртпе пайда болғаннан соң 5 күн өткен соң науқас жұқпалы емес.
Қызымық пен қызылшаның иммунитетке әсері:
Қызылша: Ауырып тұрғаннан кейін тұрақты, өмірбақилық гуморальдық иммунитет дамиды. Плацента арқылы JgG түрінде берілктін енжар иммунитет нәресте туылғаннан кейін 6 ай бойы аурудан қорғайды.
Қызымық: Аурудан айыққаннан кейін тұрақты (гуморальдық) иммунитет қалыптасады.Антигемагглютининдер және вирус бейтараптаушы антиденелер өмір бақи сақталады, ал комплемент байланыстырушы антиденелер организмде бірнеше ай бойы айналымда болады, сондықтан оларды анықтау қызымыққа жақын арада шалдыққанын көрсетеді. Вирус бейтараптаушы антиденелер және антигемагглютиндер титрінің жоғарғы дәрежеде болуы макроорганизмнің қабылдамаушылық көрсеткіші болып табылады.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет