Тыныс алу Тыныс алу деп - мүшелер мен қоршаған орта арасындағы газ алмасуды айтады.
Тыныс алу тірі ағзаларға тән қасиет. Тыныс алу нәтижесінде барлық тірі ағзалардың тіршілігіне қажетті энергия бөлініп шығады.
Жер бетінде тіршілік ететін ағзалардың барлығы тыныс алу кезінде оттегін қабылдап, ыдырау өнімдері (Н2 О; СО2) ағзадан сыртқа шығарылады.
Адам оттексіз бір минут та тіршілік ете алмайды.
Тірі ағза үздіксіз тыныс алады.
Ағзаның әрбір жасушасының жұмысы (бұлшықеттердің жиырылуы, тердің, сілекейдің бөлінуі, қозудың берілуі) үшін энергияны қажет етеді. Ал энергия ағзалық заттардың тотығуы мен ыдырауынан босап шығады. Тотығуға оттегі қажет. Ағзада оттегінің қоры болмайды. Ағза тыныс алғанда оттегін қабылдайды.
Тыныс алу Аэробты (Оттекті) Анаэробты (Оттексіз) Аэробтар (грекше: аer –ауа) дегеніміз – өмір сүруі үшін оттегін қажет ететін ағзалар. Оларға жануарлар, адам, өсімдік, кейбір бактериялар жатады.
Аэробтар Анаэробтар (грекше: а – бей, аer – ауа, яғни – ауасыз) дегеніміз – тіршілігі үшін оттегін қажет етпейтін организмдер. Бұған паразиттер (ішек және бауыр құрттары), бактериялар жатады.
Анаэробтар Аэробты тыныс алу Глюкоза + оттегі көмірқышқыл газы +су + энергия С6Н12О6 О2 СО2 Н2О 36 АТФ