Қызметтік қарым−қатынастың этикалық нормалары жалпы адами нормаларға және тәртіп ережелеріне негізденеді



Дата02.06.2023
өлшемі13,8 Kb.
#97922

Қызметтік қарым−қатынастың этикалық нормалары жалпы адами нормаларға және тәртіп ережелеріне негізденеді. Клиенттердің, қызметкерлердің және басшылықтың кәсіби немесе жеке ісіне байланысты Халықтың алдында әшкерлеуге жол берілмейді. Бұл жала мен тіл тигізуге тең. Қызметкерлердің жеке басының мүдделері әріптестері, контрагенттер мен мекеме қызметкерлерінің қарым−қатынасқа әсер етпеуі керек.
Қызметтік міндеттерді орындау, клиенттермен жұмыс жасау барысында, сондай−ақ, даулы жағдайларды шешуде қарым−қатынасты ерекше этикалық және кәсіби негізде құрған қажет.
Мүдделердің потенциалды дау−дамайларын шешуде сонымен қатар қызметкерлердің, клиенттердің және үшінші тұлғалардың мүдделерін қорғау мақсатында ашық қарастырылуы керек.
Халықаралық этикет ережелеріндегідей: әртүрлі формада бір−біріне қайырлы таң, күн, кеш, денсаулық, еңбекте табыс, жақсылық пен амандық тілеуді құптайды. Ережеге сай ер адамдар үшін бұл – дәстүрлі – қол алысу немесе бас изеу секілді символдық жестер. Қол алысқанда қолды еркін, сенімді жестпен берген жөн. Қол алысу ұзаққа созылмауы тиіс. Алғашқы болып кішілер үлкендерге қол созуы керек, ерлер− әйелдерге бірінші амандасып, ер адамның жасы үлкендеу болса әйелдер ерлермен амандасады. Бұл ережеден шығарылатын қорытынды: бөлмеге кірген кісі мейлі ол әйел адам болсын, мейлі ер адам болсын, отырғандармен бірінші болып амандасады. Ал кетіп бара жатқан адам отырғандармен бірінші болып қош айтысады.Өз сөздеріңізді байқап сөйлеңіз, қарым−қатынаста сақ болыңыз. Сіздің айналаңызда өзіңіздің әріптестеріңіз жұмыс жасап жүргенін ұмытпаңыз. Олардың да еңбектерін сыйлаған жөн. Жиналыстар мен отырыстар жүргізген кезде қызметкерлер іскери этиканы сақтаған жөн. Жиналыстар мен отырыстарға дер кезінде кешікпей келіп, күн тәртібіндегі мәселелермен алдын ала танысулары керек. Өзіңізбен бірге қажетті материалдар, алдын ала даярланған сұрақтар мен түсініктемелер қолыңызда болғаны жөн.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет