Табыс дегеніміз не?



Дата18.05.2023
өлшемі13,23 Kb.
#94689
Байланысты:
Берден Жанель табыс дегеніміз не эссе


Табыс дегеніміз не?
Еңбекте табысты бол – дегенді жиі естиміз. Бірақ біз осы «табыс» дегеннің қандай ұғым екенің, не екенің ойланып көрдік пе? Жалпы табыс деген не? Көп адамдар оны дұрыс түсінбейді. Осыдан үлкен қиындықтар басталады.
Табыс – ол ақша мен жайлы өмір емес. Көп ақшаға ие болған адамның шын бақытты болары екіталай. Көп елдерге саяхаттап, әртүрлі тағамдардың дәмін татып, ең жақсы киімдерді киіп жүруде табысқа жатпайды. Алайда адамдар осындай өмірге жетуді мақсат етіп жатады.
Табыс - бұл өзімшіл болмау. Өзіңді және отбасыңды қолдау үшін табысқа ұмтылған жақсы. Дегенмен, тек мұнымен шектелген адам шынайы табысқа жете алмайды. Біз қоғамда өмір сүргендіктен, ондағы тұлғалар, адамдар сізге әсер ететіні сөзсіз. Егер сіздің достарыңыз, отбасыңыз және жақын адамдарыңыз және жақсы табысыңыз бар делік. Дегенмен, сіз қоғамда өмір сүріп, күн сайын әртүрлі адамдарды кездестіресіз. Ол адам жағымсыз, ақылсыз болуы мүмкін. Шын мәнінде табысты адам қоғамдағы сондай адамдарды байқап, ондай жандардың барына өзін де кінәлі сезінеді. Санасы солай дейді. Егер сіз шын мәнінде табысты болсаңыз қоғамды өзгеруге тырысыңыз, себебі сол арқылы сіз өзіңіздіде өзгерте аласыз.
Адамның өз дарыны мен қабілетін аша алмауы және өзінің қажеттілігін өтей алмауы жеке дамуға үлкен кедергі келтіреді. Сондықтан ешқандай қабілетті қажет етпейтін жұмыстарды істеп, өз уақытын босқа кетіреді. Ондай адамдарда жеке дамуға деген қызығушылық, мотивация қалмайды және адамгершілік, жағары қасиеттерін бірсарынды, ыңғайлы өмірге айырбастайды. Тіпті жұмыстан кейінгі бос уақытты пайдасыз нәрселермен толтырады. Қоғамға қосатын үлесі төмен адамға айналады және оны өзі де түсінеді. Осындай санатқа түспеу үшін әр адам өз қабілеттерің ашып, дамытуы қажет. Сонда ғана ол шынайы табысқа жете алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет