Ж. Аймауытов: «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер», деген екен. Мұғалім уақытты өткізу үшін әдістер қолданбайды, сабақ мақсатына жету үшін әр жүрекке бір сәуле жағу үшін әд



Дата03.02.2023
өлшемі18,48 Kb.
#64993
түріСабақ

Ж.Аймауытов: «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер», деген екен. Мұғалім уақытты өткізу үшін әдістер қолданбайды, сабақ мақсатына жету үшін әр жүрекке бір сәуле жағу үшін әдістер қолданады.
Білім беру саласында оқушылардың танымдық білімін қалыптастырумен қатар білік-дағдыларын дамыту да тең дәрежеде қарастыру қажеттілігі танылып отыр. Білім берудің жаңа мазмұны бойынша сабақ үрдісінде берілетін теориялық білімді оқушылардың өмірде қолдана білуіне жан-жақты басымдық берілген.
Менің ойымша, сабақты зерттеу - оқыту мен оқу сапасын жақсарту мен тәжірибелерді жүзеге асыру, бірлесіп зерттеу жүргізу, өзара көмек беру және ақпарат алмасу алаңы.
«Мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырға қалай дайындайды?» деген мәні зор мәселе көтеріліп отырғаны аян. Яғни, біздің ендігі мақсатымыз - алдымыздағы оқушыларымыздың білімі мен дағдысын дамыта отырып, өзін-өзі таныған жеке тұлға ретінде қалыптастыру.
Менің педагогикалық қызметімдегі сабақ беру үрдісім, өз өзімді бағалау мен болашақта кәсіби тәжірибемдегі жоспарларым және оқушылардың зертеушілік қабілеттерін дамыту, ғылыми жобалар әзірлеуге дайындау мақсатында өткізілген сабақтарға зерттеу жүргізудегі тәжірибем сипатталған.
Осы мақсатты жүзеге асыру жолында мен Ұзынсу мектебінде сабақты зерттеу (Lesson study ) әдісі 4 жыл бойында қолданысқа еніп кетті. Сабақты зерттеудің үш түрі бары анық: бірыңғай тақырыпқа байланысты, оқыту дағдыларын дамыту, мұғалімдердің бақылау дағдыларын дамыту.
Жалпы зерттеу тақырыбым: Диалогтік оқыту әдісі арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Мақсаты: оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, жаңа әдіс
тәсілдерді қолдана отырып сөздік қорын молайту.
Нәтиже: оқушылар өздігінен білім алу қабілеттері дамиды, диалогқа түседі, өз ойларын еркін жеткізе алады.
Жоспарланғандай сабақ өз кезеңдерімен өтті. Алғашқы отырыста-ақ өткізілетін әдіс-тәсілдерін саралап, түсініп, қолдану кезеңдерін талқылап алдық. Әр мұғалім өз сабағын жоспарлап келді, ал біз оның жоспарына тиімді өтетін әдіс-тәсілдерді енгізіп отырдық. Сабақ соңынан ол жоспар талданып, енгізген әдіс-тәсілдердің жетістігі мен тиімсіздігі сараланып, келесі сабаққа және басқа да мұғалімдерге ұсыныс жасалып отырды. Сонымен қатар, үш деңгейлі (А,В,С) оқушылар таңдап
алынып, зерттелді. Біздің басты мақсатымыз өзіміздің бақылау дағдымызды дамыту болғандықтан, мұқият қадағалау мен нысананы анық бақылай алуға тырыстық.
Біз де оқушыларымыз сияқты өзімізді-өзіміз бағалап отырдық. Осы әрекет арқылы енгізіліп, қолданылып жатқан әдістердің өз тәжірибемізде дұрыс немесе бұрыс қолданылып жатқанына назар аудардық. Бақылаушының рөлі өте ауыр, жауапты. Сабақты зерттей отырып, өзіміздің зерделей алу қасиетімізді де дамыта отырамыз. Өзіміз байқамайтын қателіктерімізді бақылап, сабақ аламыз. Сабақ кезеңдеріне алынған әдісті біріге таңдап, әр кім өз сабағында қолданды. Мұндай әдіс өте тиімді көрінді, себебі, бірте-бірте өңделе, түзетіле жүргізілген тәсілдер оң нәтиже беріп отырды.
Заманауи мектептегі әр ұстаздың алдына қойған мақсаты - бұл өзінің кәсіби шеберлігін заман талабына сай арттырып отыру. Сол себепті әр ұстаз өз кәсіби шеберлігін әріптестермен тәжірибе алмасу, семинар, тренингтерге қатысу және «Сабақты зерттеу» үрдісін жүзеге асыру арқылы арттырып отырады. «Сабақты зерттеу» үрдісінің түйінді сипаты кретивтілік пен ғылыми дәлдік болып табылады. Креативтілікті оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында бірлесе жұмыс істейтін мұғалімдердің істерінен көруге болады, ал ғылыми дәлдік жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер жинауды көздейді.
Lesson Study әдісі мұғалімнің практикалық білімінің дамуына бағытталған сыныпты зерттеу нысандарының жоғарғы түрі әрі мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсіл болып табылады және бірнеше қадамдардан тұрады. Lesson Study - ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі.Зерттеу сабақтарынан кейін мұғалімдер өздерінің педагогикалық әдістерін жаңартады, өзгертеді. «Сабақты зерттеу» үдерісі барысында оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында бір топ мұғалім бірлесіп оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. Шағын топтарда жұмыс істеу арқылы ұстаздар бірлесе жұмыс жасауға, оқу мақсатын бірлесе талқылауға, сабақты жоспарлауға, сонымен қатар тәжірибеде қалай жүзеге асып жатқанын бақылауға, зерттеу қорытындысын қарастырып, оны жариялау арқылы басқа ұстаздарға бұл үдерістің тиімділігін көруге мүмкіндік береді.
Қорыта келе, аталған жұмыстар мектептер арасында оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған көптеген іс шараларды жоспарлауға, жүзеге асыру және мониторингтерін жүргізу мақсаттарына қол жеткізді. Бірлескен жұмыс нәтижесі мұғалімдердің үздіксіз білім алуына, икемділік пен еркіндіктің болуына, бір шешімге келмейтін проблемаларды талқылауға, қолайлы ортада тәуекелге баруға ықпал ететін реформаның жүргізілуіне, зерттеулер нәтижесінде алынған білім құнды болып саналатын пікірлестер қауымдастығын құруды қамтамассыз етті. Жұмыстар барысында мұғалімдер бір-бірімен ашық, сенімді орта қалыптастыра отырып, көшбасшылыққа жағдай жасалды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет