Рентген сәулесінің ерекше қасиеті- ол арқылы ешқандай микроскоппен көруге h кұалғанын көруге болады. Рентген сәулелері арқылы атомдарды 100 млн және одан да көп есе үлкейтіп көруге болады



Дата04.12.2022
өлшемі21,3 Kb.
#54667
Байланысты:
дебат


Бекарыс
Рентген сәулесінің ерекше қасиеті- ол арқылы ешқандай микроскоппен көруге H кұалғанын көруге болады. Рентген сәулелері арқылы атомдарды 100 млн және одан да көп есе үлкейтіп көруге болады. Рентген сәулесінің ашылуының ғылыми зор маңызы бар. Бұл сәулелерді пайдалану біздің өмірімізбен бірге қайнасып кетті. Ғылымның және техниканың кейбір тараулары рентген сәулесін пайдалану нәтижесінде өсіп нығайды. Рентген сәулесінің ерекше қасиеттерінің бірі- оның ағашқа, киімге, адам денесіне, тіпті металдарға өтіп кететіндігінде. Адамның өн-бойына зиян келтірмей, аурудың ішкі органдарын толық тексеріп шығуға осы қасиетінің көмегі мол.
Ақерке
Ал рентген сәулелері көзге бірден көрінбейді. Оны тек аспаптардың көмегімен ғана көруге болады, денеге кіріп сіңгенде ол сәулелер денені басқа затты кейбір нәрселердің көмегімен қараңғы жерде ғана жарық береді(яғни бұны люминисценция дейді).Осыдан барып адамның сүйектері мен ішкі органдарының ауру- сауын көзбен көірп ажыратады. Мұны рентгеноскопия деп атайды.Тірі организімдерді сәулелендіру белгілі бір пайда да келтіре алады. Қатерлі ісіктің (рактың) тез көбейетін клеткалары сәулеленуге, қалыпты клеткалардан гөрі, сезімтал болады. Радиоактивті препараттың у- сәулелерінің рак ісіктерін қайтаруы осыған негізделген. Мұндай мақсаттар үшін, бұрын пайдаланып келген рентген сәулелерінен гөрі, бұлар анағұрлым тиімді.

Меруерт
Археологиялық зерттеулерде көміртегі-14 белсенділігі белгілі бір сүйектердің жасын анықтау үшін қолданылады. Бұл изотоп табиғи түрде атмосферада пайда болады және оны тек тірі заттар қосады.Өсімдіктерді сәулелендіру олардағы мутацияны тудыру және оларды қоршаған орта жағдайларына төзімді ету үшін қолданылады.Радиоактивтілік медициналық материалдарды зарарсыздандыру үшін қолданылады. Ол сонымен қатар тағамды және оның құрамындағы ыдыстарды зарарсыздандыруда қолданылады.Сонымен қатар, радиоактивтілік маталарды өңдеу кезінде, оларды әжімдерге төзімді ететін өңдеуге дейін қолданылады.

Ақниет
Жабыспайтын қасиеттері бар ыдыс-аяқтар метал бетіне жабысып қалмас үшін радиоактивтілікпен өңдейді. Радиоактивті іздегіштер автомобиль қозғалтқыштарының цилиндрлеріндегі мотор майларының тиімділігін анықтау үшін қолданылады.Радиоактивтілік қоршаған ортадан күкірт диоксиді және азот оксидтері сияқты улы газдарды шығаруда қолданылады. Радиоактивті материал жұмыртқа қабығының қалыңдығын өлшеуге, сондай-ақ орамға кіріспес бұрын сынғыш жұмыртқаларды алуға арналған.
Қаптама ретінде қолданылатын полиэтилен материалы да радиоактивтілікке ұшырайды. Радиоактивті өңдеу полиэтиленді қыздыруға және оны жабылған тағамға дұрыс жабыстыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, радиоактивтілік мұнай мен химиялық резервуарлардағы сұйықтық деңгейін, сондай-ақ құрылыс алаңдарындағы топырақ пен материалдардың ылғалдылығы мен тығыздығын анықтау үшін қолданылады. Ол сонымен қатар құймалар мен металл дәнекерлеу кезіндегі кемшіліктерді анықтау үшін қолданылады

Іңкәр
Қатерлі ісік ауруларын емдеуге қолданылады (жаңа әдіс), 4000С – 5000С температура аралығындағы инфрақызыл сәулемен денеге әсер еткенде күйік кезіндегі ауырғандық сезімі басылады, емдеу мерзімі азаяды, тыртық ізі азаяды, жоғары қан қысымы төмендейді, жүрек пен тамыр ауруларын емдеуде, тері ауруларында, денені қалдықтардан тазартуда, целлюлитті емдеуге және т.б.Химиялық белсенділігі жоғары, көзге көрінбейді, өтімділік қабілеті жоғары, микроағзаларды өлтіреді, аз дозада адам ағзасына пайдалы (загар)Ультракүлгін сәуле ағзада кальциийдің түзілуін қамтамасыз ететін Д витаминінің пайда болуын реттейді және қаңқа сүйегінің дұрыс дамуын қамтамасыз етеді.

Самат
Ультракүлгін сәулені емдік мақсатта қолдану барысында белгілі дозада пайдалану көптеген ауру түрлерінде жақсы терапевтикалық эффект береді. Ультракүлгін сәуле ауырғандық сезімін басуға, қабынуғу қарсы, иммунитетті жоғарылатуға және т.б. көмекеседі. Оны қолдану терідегі беткі жарақаттың тез жазылуына және жүйке және сүйек ұлпаларын регенерациялауға септігін
тигізеді. Ультракүлгін сәулені төмендегі ауру түрлеріне қолдануға болады: буын, тыныс алу, әйелдердің жыныс мүшелерінің, жүйке жүйесі, түрлі жараларға және т.б. Алдын алу мақсатында: рахит, сүйе туберкулезі, ағзаның түрлі инфекцияларға қарсылығын нығайтуға.

САМАт--1. Көзге көрінбейді, иісі, дәмі жоқ -2. Бағытын өзгертпей бір бағытта тарайды
Бекарыс--3. Рентген сәулелерінің өтімділік қабілеті күшті. Сәуле шоғы денеден өткенде, денеге түскендегіден интенсивтілігі азаяды. Осы қасиетін медицинада аурудың ішкі мүшелерінің жағдайын көруге, сүйектердің сынықтарын, денеде бөтен дененің пайда болуын анықтау үшін қолданылады.
Меруерт- Егер рентген түтігі мен экран аралығына қолымызды қояр болсақ, онда қол сүйегі сәулені күштірек тоқтатады да, ал бұлшық ет әлсіз тоқтатады, экранда қол қаңқасының көлеңкесі пайда болады. Сол себепті рентген сәулесінің аз энергиясы түскен жердің жарықталынуы әлсіз болады.

Ақерке-Жүктерді тексеруде. Практикалық тұрғыдан алғанда медициналық рентгеноскопиядан айырмашылығы жоқ. Аэропортта, кендендік бақылау бекеттерінде және басқа да жерлерде қолданылады.

Ақниет-Рентгендік дефектоскопия. Құймалардағы ақауларды, рельстердегі сызаттарды табуға, пісірілген жіктердің сапасын анықтауға қолданылады.

Іңкәр-Рентгендік құрылымдық анализ. Кез келген кристалдың атомдары реттелген үш өлшемді болып келеді. Рентген сәулелерін кристал арқылы жібергенде, кристалдың дифракциялық суретін алуға болады Егер кристалды түрлі бұрыштан қарайтын болсақ, оның ішкі құрылымындағы атомдарының қалай орналасқанын білуімізге болады.

Ақерке--Рентгендік микроскопия. Рентген сәулелері жарық сәулесіне қарағанда толқын ұзындығы біршама кіші болып келеді. Сондықтан рентген сәулесінің көмегімен өте кішкене заттарды, атап айтқанда жекелеген атомдарды көруге болады. Рентгендік микроскопияға арнап рентген сәулесін сындыратын арнайы линза жасалған. Рентгендік микроскоп электрондық микроскоптықолданғаннан гөрі қолайлы, себебі, ондағы зерттелетін затты ваккуға орналастырудың қажеті жоқ.

Бекарыыс-Рентгендік спектрлік анализ. Зерттеліп отырған заттың химиялық құрамын білу үшін қолданылады. Зерттеу екі бағытта жүреді: 1) рентген түтігіндегі катодтың орнына зерттеліп отырған затты орналастырады да, пайда болған рентген сәулесін зерттейді; 2) зерттеліп отырған затты рентген сәулесімен сәулелендіреді де заттың жанап өткен немесе шағылысқан сәулені зерттейді.

Меруерт--Рентгендік астрономия. Жұлдыздар тек қана көрінетін жарықты ғана емес, барлық электомагниттік толқындарды, соның ішінде рентген сәулелерін де шағылыстырады. Рентгендік телескоптар – бұл рентгендік микроскоптың кері түрі. Арнайы рентгендік линзаларды құрастырғаннан кейін астрономдарда аспанды зерттеу жұмысы жандана түсті.

Адам денесінде рентген сәулелері сүйекте (тығыздығы салыстырмалы түрде жоғары және кальций атомы көп болғандықтан) жақсы жұтылады. Сүйек арқылы рентген сәулесі өткенде, оның интенсивтілігі әрбір 1,2 см сайын екі есе кемиді. Қан, бұлшық ет, денедегі майлар және асқорту жүйелері рентген сәулесін нашар жұтады. Осы аталғандардың барлығынан да өкпедегі ауа рентген сәулесін нашар жұтады. Сондықтан рентген сәулесіндегі сүйек фотопленкаға мөлдір бейне түсіреді. Ал рентген сәулесін нашар жұтқан мүшелер фотопленкаға қоңырқай бейне түсіреді. Сондықтан дәрігерлер адам денесіндегі өзгерісті бірден тауып ала алады.



Қазіргі таңда рентгендік зерттеу көп жағдайда фотопленкасыз жүргізіледі. Ал адам арқылы өткен сәуле арнайы люминфор арқылы көрінеді. Бұл әдіс сәуленің интенсивтілігін бірнеше есе төмендетеді және сәулені қауіпсіз етеді. Оны флюрография деп атайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет