Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы


Факультет деканы                                     Әбдуов М.І.    14.10.2010    4-тапсырма



Pdf көрінісі
бет41/52
Дата07.03.2022
өлшемі1,31 Mb.
#27183
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   52
 
Факультет деканы                                     Әбдуов М.І. 
 
14.10.2010 
 
4-тапсырма: 
Өз  өмірбаяндарыңызды  жазып,  стилистикалық  талдаулар 
жасаңыздар. 
 
5. Ғылыми мәтіндерді стилистикалық талдау 
 
Сұрақнама: 
1. Ғылыми стиль дегеніміз не? 
2. 
Ғылыми 
стильдің 
лексика-фразеологиялық, 
грамматикалық құралдарын анықтаудың жолдары қандай? 
3.  Ғылыми  стильге  тән  стилистикалық  коннотация 
беретін тілдік бірліктерді атап көрсет. 
4.  Ғылыми стильдің негізгі сөздік  қоры  болып  табылатын 
терминдерге сипаттама беріңіз. 
1-тапсырма: 
1.  Берілген  мәтіннен  ғылыми  стильдің  негізгі  белгілерін 
тауып, ондағы термин сөздердің жасалу жолдарын түсіндіріңіз. 
 
Сұрыптаудың  екі  әдісі  белгілі.  Олар:  жаппай  және  жеке 
сұрыптау. 
Жаппай  сұрыптауды  көбінесе  айқас  тозаңданатын 
өсімдіктермен  жұмыс  жүргізуде  пайдаланады.  Бұл  кезде 
егістіктегі  өсімдіктердің  бір  немесе  бірнеше  қажетті  
сыртқы,  яғни  фенотиптік  белгілері  бойынша  үлкен  бір  тобын 
таңдап  бөліп  алып,  келесі  жылы  қайта  отырғызады.  Көрінген 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


 
105 
белгісі    бар  өсімдіктер  тобын  тағы  бөліп,  осылайша  бірнеше 
ұрпақ бойы қайталап жаппай  сұрыптау жүргізу арқылы дұрыс 
нәтижеге қол жеткізуге болады. Бірақ бұл әдістің кемшілігі  – 
алынған  жаңа  іріктемелердің  генотиптері  әркелкі  болуы 
мүмкін. Мұндай жағдайда келесі  ұрпақтарда  ажырау жүріп, 
іріктеменің  құдылығы  төмендейді.  Сондықтан  уақыт  өткен 
сайын сұрыптауды қайталап отыру қажет.  
Жеке  сұрыптау  өсімдіктердің  таза  салаларын  алу 
мақсатында  жүргізіледі.  Ол  үшін  бірнеше  қайтара  өздігінен 
тозаңдандыру  жүргізіп,  әрдайым  тиімді  белгісі  көрінген  жеке 
дараны  бөліп  алып  өсіреді.  Мұндай  өсімдіктен  алынған  ұрпақ 
барлық  гендері  бйынша  бірте-бірте  гомозиготалы  жағдайға 
көшеді,  яғни  генотиптері  біркелкі  таза  салалар  (линиялар) 
пайда  болады  (Тіршіліктану,  10-11  сыныптарға  арналған 
оқулықтан). 
2-тапсырма: 
Мәтіннің ғылыми стильде жазылғандығын дәлелдеңіз. 
 
Жарық жылдамдығын алғаш рет 1676 жылы дат ғалымы 
О.Ремер  өлшеді. Ремер астроном болған, оның өлшеген жарық 
жолы – өте ұзақ болды, табысқа жетуіне де себепші болған да 
сл  еді.  Ол  жол  –  күн  жүйесіндегі  планеталардың  ара 
қашықтығы. 
Ремер  күн  жүйесіндегі  ең  үлкен  Юпитер  планетасы 
серіктерінің  тұтылуын  бақылады.  Юпитердің  жерден 
өзгешелігі сол, оның он серігі бар. Ремер олардың ең жақынын – 
Ио  серігін  бақылады.  Ол  Ионың  Юпитер  алдынан  қалай 
өткенін, содан кейін оның көлеңкесіне кіріп, көзден қалай ғайып 
болғанын көрді. Содан соң ол лезде жарқ еткен шам тәрізденіп, 
қайта көрінді. Осы екі от алудың уақыт аралығы 42 сағат 28 
минутқа тең болып шықты. Сөйтіп, бұл «ай» әрбір тең уақыт 
аралығында  Жерге  сигнал  жіберіп  тұратын,  үлкен  аспан 
сағаты болып шықты (Физика-астрономия оқулығынан). 
 
 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


106 
3-тапсырма: 
Термин сөздер мен атау сөздерге 10 мысалдан келтіріңіздер. 
Олардың  айырмашылығы  неде?  Қай  стильге  тән  қолданыстар 
екендігін анықтаңыздар. 
4-тапсырма: 
Төмендегі  мәтін  үзіндісінен  ғылым  тілі  лексикасын 
құрайтын сөздерді (жалпы қолданыстағы сөздер, жалпы ғылыми 
сөздер, терминдік қабаттар) анықтаңыздар. 
Нейтрон  мен  ядроның  әсерлесу  қимасының 
σ(ε) 
энергетикалық  спектріне  резонанстық  сипат  тән.  Әр 
резонансқа массалық саны А+1-не тең (А – бастапқы ядроның 
массалық  саны)  құранды  ядроның  қозған  күйі  және  қозу 
энергиясы сәйкес  келеді. Қозу энергиясы нейтронның ядродағы 
байланыс  энергиясы  ε
байл
  мен  ε
0
.А/  (А+1)  шамасының 
қосындысына  тең,  мұдағы  ε
0
  қиманың  резонанстық  мәніне 
сәйкес  келетін  нейтронның  кинетикалық  энергиясы.  Резонанс 
маңында құранды ядроның эффективтік қимасы Брейт-Вигнер 
формуласымен сипатталады: σ
к
=πλ
2
n
  g  Γ

Γ / [ (ε + ε
0
)
2
+  Γ
2
/4],
мұндағы λ
n
n
 – нейтронның де-Бройль толқынының ұзындығы; g
– бастапқы  және  құранды  ядролардың  спиніне  және
жұптылығына  тәуелді  статистикалық  фактор,  Γ  – 
резонанстың  толық  ені.  Соңғы  шама  қозған  күйдің  өмір  сүру 
уақытына  τ  =  h/  Γ  қатынасымен  байланысқан.  Әр  түрлі 
ядролар үшін τ ~10
-14 
-10
-18
  c.  Құранды  ядроның  белгілі  ранамен 
ыдырау 
ықтималдығы 
сол 
арнаның 
 
парциалдық 
еніменанықталады.  Күйдің  толық  ені  арналардың  парциалдық 
ендерінің  қосындысына  тең:  Γ=  Γ
n
+  Γ
γ 
+  Γ

+...,  ал  i  анасы 
бойынша  құранды  ядроның  ылырау  қимасы  σ
i

k
·  Γ
i
/  Γ 
шамасымен  анықталады.  Тәжірибе  арқылы  σ
к
(ε)  және  σ
i
(ε) 
тәуелділіктерін  зерттеу  қозған  күйдегі  ядроның  энергиясын, 
толық  және  үлестік  ендерін,  спинін,  жұптылығын  анықтауға 
мүмкіндік  береді.  Бұл  шамаларды  өлшеу  үшін  нейтрондық 
спектрометрлер  қолданылады.  Нейтрондық  спектроскопия 
заттардың  элементтік,  изотоптық  құрамын  анықтауда 
маңызды рөл атқарады.  
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


 
107 
(Қадыров  Н.  Нейтрондық  спектроскопия.  –Қазақстан. 
Ұлттық Энциклопедия. –Алматы, 2005.-728б.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет