Ж. Д. Рапишева, Ж. А. Тұрлыбекова



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата25.04.2022
өлшемі0.7 Mb.
#32236
1   2   3   4   5   6   7
уақытында  келемін.  Менасив  сөйлемдердің  коммуникативтік-интенционалды  мазмұны — сес 

көрсету,  қорқыту:  Əлі  көрешегіңді  көрсетемін!  Ал  экспрессивтер  таза  көңіл-күйді,  түрлі  сезім 

қалпын білдіретін сөйлемдер. 

Таза  лингвистикалық  тұрғыдан  бұл  сөйлеу  актілері  сөйлемдердің  коммуникативтік  негізгі  үш 

типімен  сəйкес  келетіні  байқалады.  Аралас  коммуникативтік  типтегі  сөйлемдер  жанама  сөйлеу 

актілері деп түсініле алады, яғни жекелеген жағдайларда олар түрліше интерпретациялана алады. 

Кейіннен  сөйлеу  актілері  теориясы  тереңдетіле  зерттеліп,  сөйлемдердің  коммуникативтік 

типтерін анықтауда қосымша грамматикалық ажырату белгісі деп санала бастады. 

Барлық сөйлемдер екі қағидат бойынша жіктеле алады: 

1) Сөйлемнің коммуникативтік бағалылығы. 

2) Сөйлем құрылымы. 

Сөйлем  дегеніміз — хабарлаудың  тұтаса  құрылған  бірлігі,  қатысым  барысында  сөйлеуші 

тыңдаушыға белгілі бір ақпарды жеткізеді. 

Синтаксистің  негізгі  нысанының  бірі — сөйлем.  Сөйлем — сөздерден  синтаксистік  модель 

негізінде құрылып, жағдаятқа сəйкес коммуникативтік мақсатқа бағытталған сөйлеу бірлігі. Сөйлем 

де, сөз сияқты, номинативтік бірлік, алайда сөйлем номинативтілігімен қатар, предикативті де, яғни 

кеңістік  пен  мезгілде  болатын  оқиға  дамуын  немесе  жағдайларды  атап,  олардың  объективті 

болмыспен  байланысын,  оның  шын-жалғандығын,  болымды-болымсыздығын  көрсетеді.  Сөйлем  бір 

ғана  сөзден  тұруы  мүмкін,  алайда  бір  сөзден  тұратын  мұндай  сөйлем  айтылымға  айналады,  яғни 

сипатталып отырған құбылыс пен болмыстың арасындағы түрлі қатынастарды көрсетеді: Күн қалай? 



—  Тамаша.  Сөйтіп,  предикативті  бірлік  ретінде  сөйлем  шындық  болмысты  бағалау  қызметін 

атқарады. Сөз дайын тілдік бірлік болса, сөйлем əрдайым жаңадан құрылып отырады, сөйлеуде пайда 

болады.  Сөйлем,  негізінен,  сөйлеу  аясына  жатады,  оны  бұрынғы  грамматикаларда  кездесетін 

сөйлеушінің аяқталған ойды білдіретін сөздер легі деген анықтама да аңғартады. 

Сөйлеу  бірлігі  болғандықтан,  сөйлем  белгілі  бір  интонацияға  ие:  əрбір  сөйлемнің  өзіне  тəн 

интонациялық сипаты бар, оған сөйлеу ағынында бір сөйлемді екіншісінен ажырату үшін, сондай-ақ 

түрлі  коммуникативтік-предикативтік  мағынаны,  мəселен,  сұрау  мағынасын  білдіру  үшін 

қолданылатын  екпіннің,  тонның  өзгеруі  жатады.  Алайда  сөйлеу  дегеннің  өзі  кең  мағынасындағы 

тілдің  бір  қыры  екенін  ескерсек,  ол  жүйе  ретінде  тіл  жəне  оның  қарым-қатынас  барысында  жүзеге 

асырылған өнімі деп түсініледі. 



Ре

по

зи

то

ри

й К

ар

ГУ


Сөйлемнің коммуникативтік типтері жөнінде  

Серия «Филология». № 1(69)/2013 

21 

Коммуникация  бірлігі  ретінде  сөйлем  бір-бірімен  тығыз  байланыста  екі  жақты:  тіл  жүйесінде 



сөйлемдердің типтік модельдері, жалпыланған үлгілері белгілі жəне сөйлеуші өмірде өз сөйлемдерін 

осы  үлгілермен  құрайды.  Нақты  сөйлеуде  пайда  болатын  сөйлемдер  түрлері  шексіз,  ал  тіл 

жүйесіндегі  сөйлемдер  үлгілері  белгілі  болғандықтан,  грамматикада  сол  сөйлемдер  зерттеледі. 

Предикация сөйлем модальділігін білдіре алады. 

Сөйлем  предикациясының  негізі  етістік  жіктелуінен  көрінеді,  яғни  етістіктің  түрлі 

категориялары арқылы сөйлемдегі негізгі предикаттық мағыналар байқалады. 

Лингвистикаға  «валенттілік»  ұғымын  енгізген  француз  лингвисі  Л.Теньер  етістік  предикатты 

етістік валенттілігіне сəйкес құрылатын сөйлем құрылымының өзегі деп санаған; ол етістіктің барлық 

комплементаторы  мен  супплементаторын  сөйлемнің  үдеріске  қатысушы  элементтері,  немесе 

«актанттар», жəне үдеріс жағдайларының элементтері, немесе «сирконстанттар», деп бөледі. Етістік 

баяндауыштан  басқа  да  компоненттер  предикацияны  білдіре  алады,  мысалы,  сөз  тəртібі,  көмекші 

сөздер, интонация. Предикативті семантика етістік арқылы шақтан басқа коммуникация мақсатын да 

көрсете алады (хабарлау — сұрау — бұйрық). 

Сөйлем  дегеніміздің  өзі  тілдің  коммуникативті  бірлігі  болғандықтан,  онда  белгілі  бір 

коммуникативтік  мақсат  болуы  тиіс,  яғни  тыңдаушыға  əсер  етуді  көздеуі  тиіс.  Қолда  бар  жазбаша 

жəне  ауызша  деректерге  сүйене  отырып,  қазіргі  дəстүрлі  грамматика  сөйлемдерді  коммуникативтік 

үш  типке  бөледі:  хабарлы,  сұраулы,  бұйрықты,  ал  лепті  сөйлемнің  коммуникативтік  мəртебесі 

нақтыланбаған. 

Қазіргі  кездегі  зерттеулер  көрсетіп  отырғандай,  сөйлемнің  коммуникативтік  типтері 

тыңдаушының  реакциясына  қарай  сипатталып  отыр.  Тыңдаушының  реакциясын  ескеруді  Ч.Фриз 

көрсеткен  болатын.  Оның  пікірінше,  сөйлем — айтылымның  ең  аз  көлемі,  жəне  қарым-қатынасқа 

түсу  үшін  айтылатын  бұл  бірліктер  тыңдаушының  реакциясына  байланысты  үш  топқа  бөлінеді. 

Бірінші  топты  тыңдаушының  жауап  сөзін  тудыратын  айтылымдар  құрайды  да,  оған  сəлемдесу, 

вокативтер,  сұрақтар  кіреді.  Екінші  топқа  кіретін  айтылымдар  тыңдаушының  нақты  іс-əрекетіне 

түрткі  болады.  Ал  үшінші  топтағы  айтылымдар  осы  ұжымның  назарын  аударту  үшін  айтылатын 

хабар. Ч.Фриздің классификациясы дəстүрлі бөліністі детальді түрде қарастыруға негіз болды. 

Сөйлемдердің коммуникативтік типтерін оппозициялық жұптарда (хабарлы сөйлем — бұйрықты 

сөйлем,  хабарлы  сөйлем — сұраулы  сөйлем)  қарастыратын  болсақ,  сөйлемнің  коммуникативтік 

типтерінің  айырым  белгілері  сөйлемнің  актуалды  мүшеленуіндегі  айырмашылықтармен,  яғни 

айтылымның  логикалық  предикаттарын  білдіретін  ремалық  компоненттер  сипатымен  тікелей 

байланысты екенін байқауға болады. Хабарлы сөйлемнің ремасы белгілі бір оқиға, құбылыс, қасиет, 

дерек  туралы  тікелей  хабар,  ақпар  берсе,  бұйрықты  сөйлемнің  ремасында  сөйлеушінің  талап  етіп 

немесе  қалап  тұрған  іс-əрекетінің  мазмұны,  яғни  тыңдаушыны  іс-əрекетке  итермелеу  болады. 

Сұраулы  сөйлемнің  ремасында  сұраққа  жауап  алу  көзделген,  яғни  тыңдаушыны  жауап  беруге,  кері 

ремаға бағыттайды. 

Байқап  отырғанымыздай,  сұраулы  сөйлемнің  ремасы  басқаларынан  өзгеше,  себебі  онда  ашық 

сұрақты  рема  да,  альтернативті  сұрақты  рема  да  кездеседі  жəне  соған  байланысты  сұрақтар  да 

орынбасарлық немесе ашық болып келеді. 

Тек хабарлы сөйлем ғана нақты ақпаратты көрсетеді, бұны оның тема-ремалық қатынастарының 

нақты мазмұны көрсетеді. 

Коммуникативтік  парадигматикада  лепті  сөйлемдер  орнын  анықтау  үшін  оның  да  ремасына 

назар аудару керек. Лепті сөйлемнің коммуникативтік-мақсаттық статусы ремадан көрінбейді, демек, 

лептілік  сөйлемнің  қосалқы  белгісі,  сондықтан  осы  белгі  негізінде  сөйлемнің  коммуникативтік 

типтерінің əрқайсысы — хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдер екі нұсқада беріле алады. Мысалы: 

– Тоқтат,  ақымақ! — Ғафу  етіңіздер.  Меймансыздар,  кінə  менен.  Ал  енді...  келген  іздеріңізбен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет