Ж. үлкен баласы Жошы Енисей қырғыздары мен теріскей Сібір халықтарын басып алады. Ал 1207-1209 ж



Дата24.10.2022
өлшемі18,7 Kb.
#45159
Байланысты:
10 Қазақстан даласы Моңғол шапқыншылығы дәуірінде


ҚАЗАҚСТАН ДАЛАСЫ МОҢҒОЛ ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ ДӘУІРІНДЕ

Шыңғысхан Найман, Керей, Жалайыр сияқты Моңғолия жеріндегі түрік тілдес хандықтарды қол астына қаратқан соң, көрші жатқан елдерді жаулап ала бастайды. 1207-1208 ж. үлкен баласы Жошы Енисей қырғыздары мен теріскей Сібір халықтарын басып алады. Ал 1207-1209 ж. Шыңғысхан таңғұттардың мемлекетін, одан кейін Тұрфан князьдіктерін өзіне қаратып, ұйғырларды бағындырады. 1211-1215 жылдары Қытай жерін басып алып, олардың тас атып дуал құлататын, от лақтырып өрт шығаратын соғыс техникаларын қолға түсіреді.


Өзіне көрші жатқан жерлерді жаулап болған Шыңғысхан енді Орта Азия мен Қазақстанға көз тігеді. Жазба деректерге қарағанда, бұл жорыққа Шыңғысхан өте ұқыпты дайындалған. Шыңғысхан 1217 жылы Күшліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға Жебе ноянды аттандырады. Жебе ноян бастаған моңғолдар діни қысым жасамау ұранын басшылыққа алады. Күшліктің мұсылман дінін жақтаушыларға тізе батырып отырған кезіне сай келген бұл ұран жергілікті халықтан қолдау тауып, моңғолдарды мұсылмандар құшақ жая қарсы алды. Мұсылман діні үшін қарақытайлармен күрес жүргізіп жатқан Арслан хан моңғол әскерлерінің бір бөлігін басқарып келе жатқан Құбылайды көмекке шақырады. Моңғолдар бұл жағдайды дер кезінде пайдаланып, 1218 жылы Жетісу жеріне енеді.
Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияға жол ашылды. Оның басты себебі «Отырар апаты» болған. Шыңғысхан жіберген 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы Отырар қаласына келіп жетеді. Кереуеннің сауда жұмысанан гөрі жансыздық іс-әрекетті мақсат еткенін білен Отырар билеушісі Ғайырхан Хорезмшахпен келісе отырып, керуенді тұтқындап, адамдарын қырғынға ұшыратады. Осы оқиғаны сылтау еткен Шыңғысхан бұларға қарсы соғыс ашады.
Сөйтіп 1219 жылы Шыңғысханның ұзын саны 150 мыңға жуық қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен Үгедей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалалар мен қыстақ-кенттерді алуға, ал Шыңғысханның кіші баласы Төле Бұхара қаласына бет алды.
Отырар қаласы 6 ай бойы берілмей қарсыласқан. Тек Хорезмшах көмекке жіберген Қараша-хажиб моңғолдарға беріліп, қақпаны ашқаннан кейін, қала жеңіліске ұшыраған. Сығанақ қаласы 3 ай бойы, Ашнас қаласы 15 күндей берілмеген. Бұл қарсылықтар жергілікті халықтың өз жерін жауға бермеу үшін жан аямай күрескенін көрсетеді. Алайда жаудың қаптаған қалың қолы қарсылық көрсеткен қалалар халқын қырып-жойып, мүлкін тонап, талан-таражға салады. Сонымен қатар Үзкент, Баршынкент қалалары да басқынылардың қолына түседі. 1219-1220 жылдары Сыр бойындағы қалалар толығымен моңғолдардың иелігіне көшеді.
Моңғол шапқыншылығының зардаптары орасан зор болды. Жетісу аймағындағы халықтың моңғол шапқыншылығына онша қарсылық көрсетпегеннің өзінде қалалар мен қоныстар қаңырап бос қалды. Егер бұл аймақта шапқыншылыққа дейін 200-ден астам елді мекендер болса, кейінгі XIII-XIV ғ. аймақтарда бар жоғы 20-ға жуық қала мен қонысжайлар ғана қалған. Жуас қала атанған Баласағұнның өзі түгіл орны қайда екені белгісіз болып кеткен.
Ал Сыр бойындағы қалалардың қандай қатыгездікпен жаулап алынғандығы Отырар қаласына жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарынан толық белгілі болып отыр. Мәселен, қаланың орталық қорғанының бір бөлмесінен 20-30 адамның бас сүйектерінің бір жерден табылуы – қала тұрғындарының қырып-жоюдың дәлелі.
Шыңғысхан жаулап алған жерлерін өзінің төрт баласына бөліп берді. Қазақстан жерін оның үш баласының қол астына қарады. Бөліп берілген жерлер ұлыс деп аталды.
Жошы ұлысы – шығысы Ертіс өзенінен батысы Еуропа жерлеріне дейінгі жететін жерлердің барлығы қарайтын болды. Көрсетілген жерлердің ішінде қазақ жерінен бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақ жері, Арал, Сырдарияның төменгі ағысы, Жетісудың солтүстік-шығыс бөліктері қарады. Ұлыстың орталығы кейбір деректерге қарағанда Ертіс бойында деп жазылса, ал басқа бір деректерде Сарысу мен Кеңгір өзендерінің құйылысында делінеді.
Шағатай ұлысы – Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Орта Азия жерлері берілген. Ұлыстың орталығы – Алмалық қаласы. Шағатайдың жазғы ордасы Іле өзені бойындағы Құяш деген жерде болған.
Үгедей ұлысы – Батыс Моңғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғары ағысы бойындағы жерлер қараған. Ол ұлы хан атағын алғаннан кейін Орхонда, Қарақорымда тұрған.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет