Зардаптары
4 Қытайдағы мәдени революция
1 "Мәдени революцияның" себептері
2 "Мәдени революцияның" кезеңдері
3 Қорытынды
5 Қытайдағы мәдени революция (қытай қазақтары Мәдениет зор төңкерісі деп атап кеткен) (не Ұлы пролетарлық мәдени төңкеріс) — Қытай Халық Республикасында орын алған, Қытай коммунистік партиясының ішіндегі билік үшін тартыс ретінде басталған, бірақ кейін бүкіл Қытай қоғамын қамтып, әлеуметтік, саяси және экономикалық бүліншілікке алып келген, бүкіл елді азаматтық соғысқа душар ете жаздаған тарихи кезең.
"Мәдени революцияның" себептері Халықаралық жағдай 50-жж. аяғына қарай кеңес-қытай қарым-қатынастары күрт нашарлады. Жанжалдың шарықтау шегі 169 жылға сәйкес келді (Даман аралыны мен Жалаңашкөлдегі әскери қақтығыстар). Мао Цзедун КСРО басшылығынан өзінің ядролық қару-жарақтарын Қытаймен бөлісуді талап етті. Қытай басшысы атом қаруын Тайваньды "азат ету" мақсатында қолданбақшы болды. Қытайлықтар КСРО-дан өзінің Үністанмен қарулы қақтығыстарында көмек беруді талап етті. Оқиғалардың бұлай өрбуі сөзсіз үшінші дүниежүзілік соғысқа алып келетін болғандықтан, кеңес басшылығ Қытайдың мұндай талаптарына үзілді-кесілді қарсы шықты.
1964 жылы Қытай Халық Республикасындағы ядролық қаруды сынау жұмыстары сәтті аяқталы.
Партиядағы жеке-дара билік үшін күрес Ол 1966 жылғы мамырдың 16-сында Қытай коммунистік партиясының төрағасы Мау Зыдоңның пәрменімен басталды. Ресми түрде ол Қытайды «либералды буржуазиялық» элементтерден тазалау науқаны ретінде жарияланған болатын. Бірақ оның түпкілікті себебін Маудың бастаған үлкен секіріс науқаны сәтсіз аяқталып, оның билігі мен ықпалының төмендеп кетіп, оның бақталастары Лю Шаоци мен Дың Шаопинның күшейіп кетуінен көруге болады. Соның нәтижесінде ұлттық және жергілікті деңгейлерде топтардың арасында билік үшін талас басталды.
Маудың өзі мәдени төңкерісті бітті деп 1969 жылы ресми түрде жарияласа да, бұл ұғым 1969 жылдан 1976 жылы «төрт сыбайластың» тұтқынға алынғанға дейінгі кезеңді де қамтып қолданылады.