Жаңа Қазақстан менің көзіммен



Дата27.01.2023
өлшемі14,96 Kb.
#63238


Жаңа Қазақстан менің көзіммен...
Осы уақытқа дейін талай өзгерістердің куәсі болып келеміз.Алайда түбегейлі жаңа өзгерістер жайлы көп толғанған емеспін.Мен үшін «Жаңа Қазақстан» жаңа стратегиялармен,жаңа адамдармен,жаңа ортамен,жаңа бағытпен үндеседі.Ал оның орнын толықтырып тұратын кімдер? Әрине, жастар, келешектің қамын болжайтын да, бетке ұстар азаматы ретінде елімізді танытатын да жастар.Осы тұрғыда олардың рухани жаңғыруындағы басты қаруы тіл деп ойлаймын.Өз тілін жетік білетін адам оған аса құрметпен қарайды,нағыз интеллегенттің не екенін біледі және құндылығын ұмытпайды.Бұл да бір жаңа бағыттың бастауы десек қателеспеспіз.
Біздің әрқайсымыз елде болып жатқан үлкен жетістіктер мен нәтижелерді көреміз.Ал ол нәтижелер нені көрсетпек?Алға қарай ілгерілеп дамуымызға үлкен септігін тигізе ала ма?Осы сұрақтардың жауабын тек өзімізді өзгертуден бастасақ қана ала аламыз. Ендігі мақсатымыз – қиындықты бірге еңсеріп, өткен жағдайдың бәрін ескеріп, ел болып жақсылық пен жаңалыққа жол бастау.Сондықтан да Жаңа Қазақстанды құруға барлығымыз атсалысқанымыз жөн деп ойлаймын.
Авторы: Серкебаева Айкен

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет