Жаңа әкімшілік сот ісін жүргізу туралы



Дата27.02.2023
өлшемі13,78 Kb.
#70091
түріКодекс

2.2 Жаңа әкімшілік сот ісін жүргізу туралы
Қазақстандықтарға мемлекеттік орган болсын, жеке ұйым болсын, заңды тұлғаның кінәсін дәлелдеу жеңілдей түсті. 2021 жылғы 1 шілдеден бастап елімізде екі бөліктен: Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізуден тұратын Қазақстанның жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енгізілді. Қазақстан өңірлерінде Мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану жөніндегі істерді қарайтын жаңа мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар құрылды. "Қазіргі уақытты ескере отырып, Қазақстан азаматтарының әрқайсы күн сайын мемлекеттік органдар не билік өкілеттіктері берілген өзге де органдармен жария-құқықтық қатынастарға түседі. Әкімшілік органдардың билік өкілеттіктерін іске асыруына байланысты барлық дауды мамандандырылған әкімшілік соттар 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қарайды. Жария билік органдарының әрекетіне не әрекетсіздігіне келіспейтін барлық адам өз құқығын қорғау үшін жаңа әкімшілік соттарға жүгінуге құқылы.
Соттар мүлдем жаңа қағидаттар бойынша әрекет етеді. Судьяға істі қарау кезінде белсенді болуға мүмкіндік беріледі. Егер ұсынылған дәлелдемелер жеткіліксіз болса, сот өз бастамасы бойынша қосымша дәлелдемелер жинауға құқылы. Жаңа сотта татуластыру рәсімдерін белсенді жүзеге асыру қоғамдағы жанжалды азайтуға, мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейін арттыруға, дауды тез шешуге және азаматтардың мүддесін қорғауға мүмкіндік береді. Жаңа кодекс Қазақстанда тиімді және, ең бастысы, азаматтарға бағдарланған әкімшілік Әділет қалыптастыруға, жария билік органдарының азаматтармен жұмысының оң тәжірибесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жаңа әкімшілік соттардың ғимараттарында сервистің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүр­гізілді, үй-жайлар қажетті жиһазбен және ІТ-жабдықпен жарақтандырылды, бұл т. б. онлайн сот процестерін жүргізуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексінің 2-ші бабына сәйкес:
1.Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші бар және ол Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады.
2. Осы Кодекстің нормалары мен Қазақстан Республикасы конституциялық заңының арасында қайшылықтар болған жағдайда, конституциялық заңның ережелері қолданылады.
Осы Кодекстің нормалары мен өзге де заңдардың арасында қайшылықтар болған жағдайда, Кодекстің ережелері қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында көзделгендерден өзгеше қағидалар белгіленген болса, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Жекелеген процестік әрекеттерді жүргізуді қоса алғанда, әкімшілік сот ісін жүргізу ақылға қонымды мерзімде жүзеге асырылады. Әкімшілік істердің жекелеген санаттарын қарау және шешу белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады. Ақылға қонымды мерзімді айқындау кезінде әкімшілік істің құқықтық және нақты күрделілігі, әкімшілік процеске қатысушылардың процестік құқықтарды пайдалану және процестік міндеттерді орындау дәрежесінен көрінетін мінез-құлқы, соттың әкімшілік істі жедел қарау мақсатында жүзеге асырылатын әрекеттерінің процестік тұрғыдан жеткіліктілігі мен тиімділігі сияқты мән-жайлар ескеріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет