Жаңаеуропалық ғылым-ғылым дамуының классикалық кезеңі
Ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуірлерінің орнына тарихтың жаңа кезеңі келеді. Әлі күнге дейін оны қай кезден бастап есептеу туралы нақты ештеңе белгілі емес. Көбінесе Жаңа дәуір Қайта өрлеуге еніп кетеді, бірақ, кейбір деректерге қарасақ оның бастауын XVII ғасырдан санағанымыз негізді болатын сияқты. Ол уақыт Еуропада буржуазиялық қатынастардың қарқынды дамуымен сипатталады. Капиталистік өндірістің қажеттіліктері адамдардың ғылымға, адам танымының мақсаттары мен маңызына деген көзқарасын түбегейлі өзгертеді. Алдыңғы орынға табиғатты тәжірибе арқылы зерттеу шығады, ал соның нәтижесінде тұтас жаратылыстану өркендейді. Бұл жағдай философияда да көрініс тапқан: онтологиялық (болмыс туралы ілім) мәселелерден гносеологиялық (теориялық-танымдық) мәселелерді зерттеп білуге көшу басым болады. Алдына ғылымды дамыту мақсаттарын қойған жаңа мекемелер мен ұйымдар ашылады. Олар, Платонның мысалы бойынша, «академиялар» деп аталатын болды. Осы уақытта танылып үлгерген ғылымдар ішінен механика суырылып алға шығады. Ол түсінікте де: жаңа машиналар, механизмдер мен станоктар жасау қажет болды.
Сөйтіп, Жаңа дәуірдің материализмі механистік түрге айналады. Әлбетте, діннің ол кезде де қоғамдық санаға ықпалы бар бола тын. Бірақ жаратылыстанудың қуатты дамуының, философияның жыл өткен сайын күшейе түскен материалистік бағытының әсерімен қоғамда діни фанатизм азайып, «ар-ождан азаттығы» біртіндеп өмірге ене бастайды. Ал философияда бұрынғыша «сенім шындығы мен «ақыл-парасат шындығы» бір-бірінен ажырап және сол уақытта Құдайды осы Әлемнің Жаратушысы ретінде танитын, ары қарай өзінің меншікті заңдары негізінде әрекет ететін философиялық ағым – деизм (лат. deus – Құдай) күш ала береді. Құдай енді Өзі құрған Әлемге араласпайды. Дүниеге деген дәл осындай көзқарас жаратылыстанудың ары қарай өркендеуіне себеп болды. Ал енді сол заманның жаратылыстануына келсек, бір-біріне қарама-қайшы екі бағыт: эмпиризм мен рационализм шықты. Егер эмпиризм ғылымдарды тәжірибелер арқылы дамытуды құптаса, ал рационализм, керісінше, барлығын да ақыл-ой сүзгісінен өткізуді талап етеді. Рационализмнің негізгі өкілі- Р. Декарт, өкілдері Б.Спиноза, Г.Лейбниц. Эмпиризм негізін салушы Ф. Бэкон, көрнекті өкілдері Т.Гоббс, Д.Локк, Д.Дьюи.
Алайда екі бағыттың екеуі де оптимизмге, яғни Табиғаттың ең бір құпия сырларын танып білу мүмкіндігіне деген сенімге толы. Ортағасырлық схоластика қатты сынға ұшырайды: «Ешқандай бедел абыройға қарау деген болмауы керек!», «Бұрынғы дәуірлердің ұлы адамдарының көзқарастары ғылымға ықпал етуге және шекараларын шектеуге тиіс емес!». Толықтай еркін ойлау жағдайында ғана ғалымдар өз идеяларын дамытып, таңдаған ғылымдарының тақырып аясын зерттей алады. Тағы бір нәрсені ерекше атап өткен жөн. Егер Ортағасыр заманында адам ақылының күш-қайраты Құдайдың бар екенін негіздеуге және оның жаратуының ұлылығын, құдіретін дәлелдеуге бағытталса, енді Қайта өрлеу заманында және әсіресе Жаңа дәуірде ғылым мен оның құралы – ақыл. Дүниеде орын алатын құбылыстар мен заттар сансыз көп, есесіне олардың кез келгеніне күмәндануға болады, күмәндану ойдың қасиеті, демек адамдар күмәндану кезінде ойлай алады, ал ойлау-ақылдың жұмысы, сол себепті болмыс пен таным негізі ретінде ақылды ғана тани аламыз деген тұжырымға келген.
Әрине, Жаңа заманның басында тек жаңа физика ғана емес, сонымен қатар кейбір жаратылыстанулық ғылымдар, химия биология да қалыптасып дамиды.
Жаңаеуропалық ғылымның басында тұрғандар: Бэкон, Гарвей, Кеплер, Галилей, Декарт, Паскаль, Гюйгенс, Бойль, Ньютон, Локк, Спиноза, Лейбниц.
Жаңаеуропалық философиядағы эмпиризмнің негізін салушы деп Френсис бэкон (1561-1626) әділетті аталады. Ол «Жаңа органон» (1620) атты атақты еңбегінде ол ғылымның мақсаты мен неге арналатынына деген жаңа көзқарасына философиялық негіздеме береді және зерттеудің индуктивтік әдісінің негізгі қағидаларын ойлап шығарады. Ф.Бэкон: «Шын мәнінде өте пайдалы нәрсе ғылымда да аса шынайы болады», – деген. Оның шығармашылығының өзгеше ерекшелігі адамдар білімді өздерінің өмірлік мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін алады деп ерекше атап көрсететіндігінде жатыр. Бірақ ол үшін Табиғатты зерттеу қажет, ал оған апаратын негізгі жол – тәжірибемен келетін білімдер. Тәжірибелік білімдердің өздері өнім беруші және жарық беруші немесе, қазіргі заман терминдерінің тілімен айтқанда, қолданбалы және іргелі болып бөлінеді. Егер алғашқылар іс жүзінде пайда келтірсе, ал екіншілері табиғаттың терең сырларын ашуға көмектеседі. Ф.Бэконның жарық беруші білімдерді дамыту қажеттігі туралы айтқаны тамаша, өйткені онсыз өнім беретін тәжірибелер тез-ақ сарқылған болар еді. Ф.Бэкон өз заманының ғылымдарын саралап жіктеуді жүзеге асыруға әрекет етті.
Ф.Бэконның философиясында өзара үзілместей байланысқан үш ереже бар, олар: индукция, формалар туралы ілім және өнертабыс туралы ілім.
Индукция – ол формаларды танудағы басшылық;
Формалар туралы ілім – таным үдерісінің нәтижесі;
Өнертабыс – формаларды танып білуге негізделген ғылымның мақсаты және іс жүзіндегі қолданылуы.
Осының барлығы Ф.Бэконды жаңаеуропалық философиядағы тәжірибелік-индуктивтік білім алудың негізін салушы деп санауға негіз береді.
Ғылыми зерттеме мәселелерінің шешімін іздеуде Бэконнан айырмашылығы бар басқа жолмен кеткен француздардың ұлы ойшылы, философ, ғалым, математик, физик, физиолог, психолог, қазіргі заман философиясының негізін салушы Рене Декарт (1596-1650) болды. Бірақ Бэкон да, Декарт та бір дәуірдің адамдары болғандықтан, олардың философиялық жүйелерінде де ортақ нәрселер көп еді. Ең бастысы, Бэкон мен Декартты жақындастыратын – ол ғылыми зерттеулер әдістемесінің мәселесі. Бэкондікі сияқты, Декарт әдістемесі де схоластикаға қарсы бағыт сипатында болды. Бірақ Бэконға қарағанда, Декарттың философиялық мәселелерге көзқарасы түбегейлі басқаша болды. Оның мейлінше жан-жақты философиялық сипатта қорытындылауға бейімділігін мықты математик болғандығынан деп ойлауға болады. «Әдіс туралы ойлардан» басқа, Декарт «Философия бастауы», «Диоптрика», «әлем туралы трактат», «ақылды басқару ережелері» деп аталатын және басқа да ғаламат туындылар жазған. Өзінің онтологиялық, яғни болмыс туралы ілімге қатысты көзқарастарында Р.Декарт дуализмді ұстанған. Сөйтіп, Ф.Бэкон мен Р.Декарт ғылыми танымның жаңа әдістемесінің негізін салып, оған терең философиялық мағына берді.
Жаңа заман философиясы 17-19 ғғ аралығын қамтитын капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениет бастауы болған құбылыс.
Болмыс пен танымның негізі ақыл-ой деп сенетін фил\қ бағыт-рационализмнің негізгі өкілі- Р. Декарт, өкілдері Б.Спиноза, Г.Лейбниц.
Декарт-рационализмнің негізін қалаушы, француз философы, ғалым-математик.
Рационализм (лат. зерде) — танымның негізі зерде деп тұжырымдайтын философиялық бағыт.
Дүниені танудағы ақыл-ойдың ролін негіздеуі, субстанция туралы ілімді ұсынуы, философиядағы материализм мен идеализм ұғымдарын бір-біріне жақындату негізінде дуализм түсінігін енгізуі Декарттың философияның дамуына қосқан үлесі болатын.
Дүниеде орын алатын құбылыстар мен заттар сансыз көп, есесіне олардың кез келгеніне күмәндануға болады, күмәндану ойдың қасиеті, демек адамдар күмәндану кезінде ойлай алады, ал ойлау-ақылдың жұмысы, сол себепті болмыс пен таным негізі ретінде ақылды ғана тани аламыз деген тұжырымға келген.
Осы тұжырымдамасына сәйкес ол «Мен ойлаймын немесе мен күмәнданамын, демек, мен тіршілік етемін» афоризмінің авторына айналды.
Эмпиризм — танымның негізі тәжірибеде деп есептейтін философиялық бағыт негізін салушы Ф. Бэкон, көрнекті өкілдері Т.Гоббс, Д.Локк, Д.Дьюи.
Материалистік бағыттылық, эмпиризмнің рационализмнен үстемдігі, саяси-әлеуметтік мәселелерге деген қызығушылық Жаңа заман кезеңіндегі ағылшын ф\ң көркейгендігінің сипаты болды.
Ф. Бэкон-философиядағы тәжірибелік бағыттың негізін қалаған ағылшын философы. Негізгі еңбектері: «Ғылымдар табысы», «Жаңа Атлантида», т.б.
Таным негізінде тек қана тәжірибе жатады деп тұжырымдауы Бэконның философиялық идеясының мәні болып табылады. Оның пікірінше, білім мен тәжірибенің басты мақсаты-экономиканың дамуына, адамның табиғатқа үстемдік ете алуына, адамдардың өз әрекеттерінде жетістіктерге жете алуына көмектесу. Ол философияда « танымның басты әдісі индукция болуы тиіс» деген идея ұсынды.
Ал индукция дегеніміз-көптеген жеке құбылыстарды жалпылау негізінде бірыңғай немесе жалпы қорытындылар жасау.
Ол мүмкіндіктердің ұлғаюы мен таным процесінің күшеюін индуктивтік әдістің артықшылығы деп таныды. Ал осы индукция әдісіндегі болжамдық сипаты мен айқынсыздығын оның кемшілігі ретінде білді. Осы кемшілікті адамдардың барлық білім салаларында көптеп тәжірибе жинақтауы мен биіктерді бағындыруы нәтижесінде жоюға болады деп түсінді және түсіндірді.
Танымның басты әдісін индукция деп таныған ол, осы таным әрекеті іске асатын «өрмекші жолы», «құмырсқа жолы» және «ара жолы» деп атау берген жолдарын ұсынды.
«Өрмекші жолы»-бұл ой өрнегін өз ойларынан тоқитындар немесе тәжірибе мәнін ескермейтіндер жолы;
«Құмырсқа жолы»-заттар мен құбылыстардың ішкі мәніне назар аудармай, білімнің, сол сияқты басқа да құбылыстардың сыртқы көрінісіне ғана мән бергендер, жалпы айтқанда тек тәжірибеге ғана сүйенетіндер жолы;
«Ара жолы»-жоғарыда келтірілген танымның іске асу жолдарының жақсы тұстарын ғана негізге ала отырып, ақыл мүмкіндігі көмегімен мәселенің ішіне үңіліп мәнін түсінушілер жолы және бұл Бэконың танымның іске асуындағы ең дұрыс деп көрсеткен жолы болып табылады.
Сонымен қатар Ф. Бэкон адамзаттың ақиқат білім алуына кедергі болатын себептерді анықтады, бұл себептерді «идолдар» деп атады. Тектік идолдар-білімнің ақиқаттығын төмендету;
Үңгір идолы-адамның таным процесіне әсері;
Базар идолы-тілдегі ұғымдарды дұрыс қолданбаудан туындайтын адасушылық;
Достарыңызбен бөлісу: |