Жаңартылған білім беру мазмұНЫ



бет1/10
Дата10.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#91487
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«Жаңартылған модульдік үлгілік қағидалары»

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ

3-тарау. Жаңартылған орта білім мазмұны бойынша білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау жүргізудің тәртібі

15. «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру» пәндері бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді. Тоқсанның («Дене шынықтыру»), жартыжылдықтың («Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка») және оқу жылының соңында аталған пәндерден «есептелінді»/«есептелінген жоқ» деген белгі жазылады.

17. Формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын педагог өзі дайындайды.

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ

18. Тілдік пәндерден жиынтық бағалау сөйлеу әрекетінің төрт түрі бойынша жүргізіледі (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым). Тыңдалым (тыңдау) және айтылым дағдыларын бағалау жиынтық бағалауды өткізу жоспарланған аптаның ішінде сабақтың барысында жүргізіледі.

19. Білім алушылардың тоқсандағы оқу жетістіктерінің нәтижелері бойынша жазбаша түрде өткізілетін жиынтық бағалауда объективтілік және ашықтықты қамтамасыз ету үшін модерация жүргізіледі.

Модерация қорытындысы бойынша білім алушылардың өзгертуге жататын жиынтық жұмыстарының тоқсандық балы қайта тексеріледі. Модерация қорытындысы бойынша қойылатын жиынтық жұмыс балы жоғарылатып, сол сияқты төмендетіліп те қойылады.

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ

20. Білім алушы белгілі себептермен екі аптаға дейін болмаған жағдайда (ауырып қалуына байланысты, жақын туыстарының қайтыс болуы, конференцияға, олимпиадалар мен ғылыми жобаларға (ғылыми жарыстарға) қатысу), білім алушы орта білім беру ұйымына қайтып оралғаннан кейінгі екі аптаның ішінде мектеп жасаған жеке кестеге сәйкес жиынтық бағалауды тапсырады.

21. Бөлім (ортақ тақырып) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау қорытындысы болмаған жағдайда білім алушы уақытша аттестаттаудан өтпеген болып есептеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет