«Жаңартылған мазмұндағы «Математика» пәнін оқыту әдістемесі» пәнінен практикалық жұмыс тапсырмалары



бет1/6
Дата22.10.2022
өлшемі24,46 Kb.
#44865
  1   2   3   4   5   6

«Жаңартылған мазмұндағы «Математика» пәнін оқыту әдістемесі» пәнінен практикалық жұмыс тапсырмалары
1 практикалық жұмыс
Тақырыбы: 1.1 ҚР, жақын және алыс шетелдердегі бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің әр түрлі модельдері
1.2 Дәстүрлі және инновациялық технологиялардың сипаттамасы.
Тапсырманың берілгені:
1. «Математиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым ретінде» тақырыбы бойынша оқылған дәріс негізінде кластер құрастыру.
2. «Әдістеме мұғалімге не береді?» тақырыбына сызбалар мен кестелер түрінде кластер құрастыру.
3. Математиканы оқыту әдістемесінің отандық, алыс және жақын шетелдік зерттеулер бойынша постер дайындау.
4. «Әдістеменің қажеттігі» ассоциограмма құрастыру.
5. Әдістемелік нұсқау хатта берілген «Математика»  білім саласы бойынша берілген бағалау нормаларын талдаңыз.

2 практикалық жұмыс


Тақырыбы: Математикадан оқу-әдістемелік кешен және оны талдау.
Тапсырманың берілгені:
1. Математикадан оқу-әдістемелік кешеннің құрамына енетін құралдарды санамалап жазып беріңіз.
2. «Математика» оқу бағдарламасының негізгі ерекшеліктерін көрсетіңіз.
3. 1-сынып «Математика» оқулығының ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.
4. 2-4-сынып«Математика» оқулықтарының ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.
5. Бір сыныптың әдістемелік нұсқаулығын талдап жазыңыз.
6. «Математикадан оқу-әдістемелік кешеннің рөлі» тақырыбына 200 сөзден тұратын эссе жазыңыз.

3 практикалық жұмыс


Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуды ұйымдастыру
Тапсырманың берілгені:
1. Оқыту құралдарын талдаңыз.
2. Математиканы оқыту әдістеріне сипаттама жасаңыз.
3. Оқытуды ұйымдастыру формаларына сипаттама жасаңыз.
4. «Үй тапсырмасының рөлі мен маңызы» тақырыбына эссе жазыңыз.
5. Математикадан бір сыныптан тыс жұмыстың сценариін жазыңыз.

4 практикалық жұмыс



  1. Оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына талдау жасаңыз.

  2. Оқулықтан (Математика-1, Математика-2) нумерациялық материалдарды тауып, өтiлу ретiн қарастырыңыз.

  3. 10 көлемiндегi сандар нумерациясын өтуде қолданылатын көрнекі құралдарға талдау жасаңыз.

  4. Толық ондықтар (жүздіктер), оларды шығарып алу, атаулары жайлы мәселелерге талдау жасаңыз.

  5. «Көп таңбалы сандар» тақырыбымен таныстырудың бiр сабағына талдау жасаңыз.

  6. Кез келген екі таңбалы санға жасалған талдауды 30 секундтық видео түрінде жазып жіберіңіз.

5 практикалық жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет