Жаңартылған оқытудың теориясы мен технологиясы



Дата16.05.2023
өлшемі28,17 Kb.
#93623

    1. Жаңартылған оқытудың теориясы мен технологиясы

Бүгінгі ғылым мен техниканың қарыштап даму заманында мектепте дәстүрлі оқыту оқушылардың ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отыр. Бұл оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрінуде. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі педтехнологияларын жетілдіріп, оны күнделікті сабақтарда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарлатуға болады Елдің білім беру жүйесі терең де сатылы стратегиялық жаңғырту кезеңін бастан өткеруде. ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда. Соған орай ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Жалпы құзыреттіліктің сипатына беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру


деген түсіндірме берілген.Тұлға құзыреттілігін дамыту – ұстаздың құзыретті тәсілдерді меңгертуі, білім беру мазмұнын жетілдіру. Ол үшін баланы субъект ретінде қарап, оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек. Оның бастысы – оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады.
Мұғалім шығармашылығы – ұшы-қиыры жоқ ізденіс, өнер, қиял, тапқырлық, үйрену, даму. Үйретуші сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйретуді басты назарда ұстағаны жөн. Және сол әрекетті үйренуші атқарғаны дұрыс. Сол кез де ғана берген білім сапалы, алған білім өмірлік болары анық. Білім беру жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап, білім берудің халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы айрықша. Танымал ғалым, педагог, философ, профессор Джон Дьюидің: «Егер біз бүгін балаларымызды кешегідегідей оқытатын болсақ, онда біз оның ертеңін ұрлаймыз» деген ойына негізделе отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастап отырмыз. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған орай мұғалім алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды, тілдерді меңгеру, оларды тиімді қолдану міндеті тұр.
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс- тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру.
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың заманауи тиімді әдіс-тәсілдеріне жекелеп шолу жасап кетуге болады.
Құндылықты-бағдарланған тәсіл – оқушының құндылықтар жүйесін қалыптастырушы оқу-тәрбиелік үдерістің сәйкесінше формалары арқылы тұлғаның өзін- өзі танытуы үшін алғы шарттар құруды көздейді.
Тұлғалық-бағдарланған тәсіл— педагогтің назарын оқушы тұлғасының тұтастығына, оның тек ақыл ойы, азаматтық жауапкершілік сезімінің ғана емес, сондай-ақ эмоционалдық, эстетикалық, шығармашылық нышандары даму мүмкіндіктерімен қоса рухани дамуы туралы қамқорлыққа шоғырландыруды көздейді.
Жүйелік-әрекетті тәсіл – оқу-тәрбие үдерісінде оқушының өз бетінше білім алуына бағытталып, осы мақсатта мұғалімнің тиімді іс-әрекеттің түрлі формаларын қолдануын көздейді.
Коммуникативтік тәсіл – бірінші кезекте оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытуға, қарастырып отырған мәтін, қатысып отырған әңгіме мазмұнын түсініп, туындаған жағдаятқа сәйкес тілді қолданып үйренуге бағытталған.
Интегративтік тәсіл – оқу үдерісін жобалау және өткізу кезінде әр түрлі оқу пәндерінің мазмұнын өзара кіріктіру есебінен оқушыда әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруға жәрдемдеседі. Бастауыш білім беру мазмұнына ортақ тақырыптарды енгізу әр түрліп әндік салалардан білімдерді кіріктіруге және сол арқылы алынатын білімдердің функционалдығына қолжеткізуге мүмкіндік береді.
Зерттеу тәсілі — зерттеушілік әрекет дағдыларын дамытуға, ғылыми таным әдістерімен танысуға жәрдемдеседі, оқушыларда танымдық қызығушылық қалыптастырады.
Интербелсенді әдіс- білім алушылардың танымдық қызығушылығы мен танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған. Негізгі қағидасы-педагогикалық
қарым-қатынаспен қарым- қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаздың қолында. Жаңа бағдарлама мұғалімдерге қазіргі заманға оқыту әдістерін жеті модуль арқылы ұсынады.

  1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

  2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

  3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

  4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

  5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

  6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай білім беру және оқыту.

  7. Білім берудегі басқарушы және көшбасшылық.

Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп, олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппіз. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады. Біз қолданып отырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан , сындарлы оқыту негіздері қамтылған. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО) бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір- түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.

  1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер

«Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйретуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік –сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. «Қалай оқу керектігін үйрету » немесе метасана оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.

  1. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.

  1. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау –одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндіктерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады.

  1. Оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды АКТ пайдалану

Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады.

  1. Талантты және дарынды балаларды оқыту

Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.

  1. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.

Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді.

  1. Білім берудегі басқару және көшбасшылық

Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алу керек деген тұжырымға сыяды. Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа
негізделеді. Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді. Мектеп жұмысының бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді. Нақты мақсат қойып, сол мақсатты көре алған адам нәтижеге психологиялық ахуал қалыптастыруда оқушылардың көңілін көтеріп, назарын сабаққа аудару мен жұмысқа ынталандыру мақсатында сергіту сәттері тиімді. Сабақта топқа бөлу,топтарды ауыстыру сыныптастарын әбден танып білуге, кез келген ортада үйлесімділік тауып, кез келген жағдайда тығырықтан шыға алатындай қабілеттерді қалыптастыруға баулиды.
Әр сабақты жүйелі дайындай отыра, оқушыларға ойланатындай, түрткі болатындай сұрақтар қоюды үйрендім. Оқушының жауабын тосуға өзімді бейімдедім. Шыдамдылық пен төзімділікті бірдей ұстау керек, егер бұл қасиеттер менің бойымда болса, менен білім алып отырған оқушыларымда осы қасиетке ие болады. Осы қасиеттері бар жеке тұлға өмірде өз бағытын таба алатынына сенімдімін. Шығармашылық бағыттағы тапсырмаларды ойластыра отырып, оны оқушыларға орындата отырып, барлық оқушылардың жұмысқа араласып, сабаққа
ынталарының артуына септігін тигіздім. Оқушы сабаққа қызығушылық танытса ғана, өзіне қажетін алады. Жалпы, жаңа тәсілдің бірі – критерий бойынша бағалау. Сабаққа мақсат қойғаннан кейін күтілетін нәтижеге жету үшін табыс критерийлерін құра алдым.Мен өз сабақтарымда бағалаудың әр түрлі тәсілдерін қолдандым. Яғни, бағалау парақтары арқылы өзін-өзі, жұптық, топтық бағалау,мадақтап қолпаштау, «екі жұлдыз, бір ұсыныс», әсіресе смайликтер арқылы бағалау балаларға ұнады. Балалардың біліміндегі олқылықтарды дер кезінде анықтай отырып, келесі сабақтарда тапсырмаларды, сұрақтарды қалай қою керектігін болжадым. Оқушылардың өзара бағалауы кезіндегі талдауынан да басқаларды бақылап, тақырыпты қаншалықты, түсінгенін аңғаруға болады. керек.Қорытынды кезінде «Нені білемін, нені білдім, нені білгім келеді?» кестесін қолдану түсіну дәрежесін бағалауға көмектесті.Оқушылармен тиімді кері байланыс орнату, Қолдау, қолпаштау арқылы оқушылардың өздеріне деген сенімділігінің артқанын байқадым.Оқушылардың сөздік қорларының аздығы, өз ойын жетік жеткізуе алмауы тапсырмаларды орындағанда көрінді. Мұғалім оқушыларға білім беру ортасын құра отырып, тапсырманы бергеннің өзінде де көп ойлану қажет. «Бірге ойлаймыз» дегендей әр оқушыны бірге ойланатындай бір-біріне ықпал етіп сабақты түсінетіндей жағдай жасау керек. Сонда мұғалім әр сабақтың басынан аяғына дейін жүйелі дайындалып, тапсырмалардың барлығын оқушыға бағыттауға көп іздену керек. Педагогикалық технологияларды білім беру саласында пайдаланудың әдіс-тәсілдері, шарттары, дидактикалық-әдістемелік негіздері В.П.Беспалько, Селевко Г.К., Шаталов В.Ф., Эрдниев П.М., Ж.А. Қараев, Ш.Т.Таубаева, Жампеисова М.М., Б.Т.Барсай, Д.М.Жүсібалиева, М.В.Кларин, Қ.Ө.Қариева, С.А.Көшімбетова, Қ.Қабдықайырұлы, А.А.Саипов, Г.К.Селевко, Б.К.Төлбасова, А.Қ.Мынбаева, Л.А.Шкутина және т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінің арқауы болды. Алайда, оқыту әдісін таңдау - күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Әр тақырып оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Соңдықтан, оқытуда әр түрлі әдістерді қолдану қажет. Орыстың ұлы педагог-ғалымы К.Д.Ушинскийдің “Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады” – деген. Бұл “Ұстаз” атты ұлы сүрлеуге соқпағын салып жол тартқан көкірегі ояу, көзі ашық әрбір адамға берілген елеулі ескерту. Сабақты тартымды өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әр сабағымызды түрлендіріп отыру шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай,әртүрлі технологияның элементтерін пайдалану қажет

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет