Жалпы білім беретін мектептегі психолог жұмысының мазмұны



Дата20.05.2022
өлшемі221,5 Kb.
#35178

Жоспар

Кіріспе................................................................................................................


1 Білім беру жүйелеріндегі психологиялық қызметтің қалыптасу және даму мәселелері ......................................................................................................
1.1 Білім беру жүйелеріндегі психологиялық қызметтің пайда болу және дамуының тарихи алғышарттары..........................................................................
2 Жалпы білім беретін мектептегі психолог жұмысының ерекшеліктері............................................................................................................
2.1 Жалпы білім беретін мектептегі психолог жұмысының мазмұны ........
2.2 Мектеп психологы жұмысының мазмұнын анықтау жолдары.....................................................................................................................
Қорытынды.......................................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер ..................................................................................
Қосымша.............................................................................................................

Кіріспе
Психологиялық қызмет қазіргі кезде әлеуметтік ортаның барлық салаларында кеңінен тарап келе жатыр. Білім беру жүйесінде, оның ішінде орта мектепте, осы қызметті ұйымдастырудың өзіне тән қыйындықтары мен шешілмеген проблемалары өте көп. Мектеп психологтары жұмыс мазмұнын анықтау үшін басқа мемлекеттерде қалыптасқан тәжірибені зерттеу қажет болды.


Көпшілікке психологиялық қызмет көрсету ХVIII ғасырда кезінде Батыс Еуропа елдерінде аяқ ала бастады. ХIХ ғасырда психологиялық зерттеулерге қызығушылық кеңінен тарағандықтан АҚШ, Германия, Франция т.б. елдерде әлеуметтік-психологиялық зертханалар ашылып, талапкердің психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалап беруге мүмкіндік туды. Осы елдер тәжірибесін зерттеп жүйеге келтірген ғалымдар З.А.Малькова, В.М.Вульфсон, К.Р.Рональдо, Г.Б.Радионов, И.А.Соколова, А.С.Овчинников, И.О.Татур.
Өткен ғасырда жасалған көптеген психодиагностикалық әдістемелерді және оларды пайдалану ережелерін қазіргі кездегі психологиялық қызметте, бұрынғы кеңес мектептер тәжірибесінде қолдану жолдарын анықтағандар М.Р.Битянова, И.В.Дубровина, Л.И.Прихожан, Р.С.Немов, В.Г.Гильбух, Е.И.Рогов, Р.Римский, С.Рмисая т.б. ғалымдар жасады. Олардың еңбектерінде психолог қызметінің мақсаты мен міндеттері, психологиялық қызмет моделі, мектептегі психологиялық қызметтің мазмұны мен зерттеу жүргізу әдістемелері анықталған. Бұл ұсыныстардың негізгі қағидалары мектеп психологиялық қызметінде кеңінен қолданылып жүр.
Психолог өз жұмысын бірнеше бағыттарда ұйымдастыруды қажет етеді. Олардың үлгі моделін жасағанда М.Р.Битянованың психодиагоностикалық минимумдар негізінде барлық жұмысты ұйымдастыру ыңғайлы болып табылады. Сонымен қатар И.В.Дубровина мен Л.И.Прихожан жасаған "Положение о школной психологической службе" деген еңбекке сүйене отырып көптеген мәслелердің мән-мағынасын ашып алуға мүмкіндік туады. Осы әдістемелік құралдар орыс тілінде ғана жарық көріп жүр, әлі қазақ тіліне аударылмаған. Сондықтан мектеп психологтары түп нұсқадан бастап барлық әдістемелерді толық өздері анықтап шығуға тура келіп тұр. Тек соңғы кезде С.Х.Бектенғалиева, Н.Қ.Ядгарова "Бала бақшадағы психологиялық қызметті ұйымдастыру", жақында жарық көрген әдістемелік құралдар Л.К.Көмекпаеваның "Психологиялық қызметті ұйымдастыру", Т.Р.Нұрмаханбетова, Ш.Е.Рсмағанбетова "Тәжірибелік психология" кітабы осы оқулықты толықтыруға мүмкіндік жасап жатыр.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде қызмет жасайтын психолог маманға қойылатын кәсіби талаптардың деңгейі едәуір жоғарылады. Сонымен қатар елімізде балалардың, ата-аналардың, білім беру саласындағы қызметкерлердің психологиялық қолдауға қажеттіліктерінің өсуіне байланысты білікті мамандардың жетіспеушіліктері сезілуде. Бір жағынан кәсіби құзіреттілікті толық мөлшерде меңгеруге мүмкіндік бермейтін, нашар кәсіби дайындықтан, екінші жағынан оған маман ретінде қойылатын талаптардың дұрыс қойылмау себебінен, білім беру ұйым психологы маманының беделінің түсу қаупі туындады. Білім беру ұйымының психологының қызметіне маңызды талаптар қойылады (тұтас ұжыммен және білім кеңістігіндегі әрбір субъектімен дербес жұмыс; білім беру үрдісінің барлық саласына кірісу; педагогикалық бағдарламалар мен балаларды дамытудың дербес бағдарламаларына, олардың тиімділігін арттыруға жәрдемдесу және т.б). Біздің пікірімізше, психологиялық қызметтің теориясы мен тәжірибесі бірлесе ынтымақтасқан, білім берудегі психологиялық қызмет жүйесінің дұрыс даму жағдайында ғана осы мәселелер мен міндеттер шешімін табуы мүмкін.
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің қалыптасу және даму мәселесін зерттеудің өзектілігі, сонымен қатар мектеп психологының әрекетін ұйымдастыруға, оның моделін құрастыру қажеттілігімен анықталады. Яғни, оның баланың таным аймағына өтуі, оған көмек көрсету, белсенді әдістер мен формалар арқылы оның дамуы үшін жағдай жасау, психолог әрекетінің мазмұнына теориялық және тәжірибелік тұжырымдамалар енгізу, біліктілігін үздіксіз жоғарылата отырып оларды арнайы тәжірибелік психологиялық дайындықпен қамтамасыз ету.
Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін мектептегі психолог жұмысы.
Зерттеу пәні: жалпы білім беретін мектептегі психолог жұмысының ерекшеліктері, мазмұны.
Зерттеу мақсаты: жалпы білім беретін мектептегі психолог жұмысының ерекшеліктерін, негізгі бағыттары мен зерттеу әдістерін жүйеге келтіру.
Зерттеу міндеттері:
- білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметті ұйымдастыру проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау негізінде мектеп психологы қызметінің міндеттері мен мазмұнын анықтау;
- мектеп психологы қызметінің негізін құратын психодиагностикалық әдістемелерді іріктеп алып, оларды жүйеге келтіру;
- мектеп оқушыларының жекелік психикалық қасиеттерін зерттеп, ауытқуы байқалған балаларға көмек көрсету жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, келтірілген қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Білім беру жүйелеріндегі психологиялық қызметтің қалыптасу және даму мәселелері
1.1 Білім беру жүйелеріндегі психологиялық қызметтің пайда болу және дамуының тарихи алғышарттары
Білім беру саласында психологиялық қызмет көрсету жүйесінің ғасырдан астам тарихы бар. ХІХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап жеке тұлға жан дүниесінің ерекшеліктерін зерттеуге, психологиялық қасиеттер көрсеткіштерін анықтап, оларды сандық және сапалық жағынан бағалауға өте көп көңіл бөліне бастады. Мектеп психологының қатысуы міндетті болып табылатын педагогикалық процеске қатысушыларды анықтау, құзіреттілік шектерін белгілеу, жұмыстың негізгі бағыттары мен формаларын айқындау, педагог-психологтың қызметін анықтау мақсатында педагогикалық ұжымға ендіру, мектепке психологиялық қызметті енгізу бойынша Ю.К.Бабанскийдің жетекшілігімен 1981-1988 жылдар аралығында Мәскеу мектепкерінде эксперимент жасалды. Психологтың мұғалімдермен қызмет жасауының белсенді формаларының бірі психологиялық-педагогикалық консилиум жұмысы болып табылады. Жоғарыда айтылғандармен байланысты 80-ші жылдардың ортасында білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет қалыптаса бастады. Оның қалыптасуының теориялық және тәжірибелік негізі ретінде И.В.Дубровина және ол жетекшілік жасайтын лабораториясында жұмыс істейтін қолдаушыларының концепциясы алынды, мұнда мектептегі психологиялық қызметтің ғылыми-тәжірибелік мазмұны және оның ғылыми-әдіснамалық қамтамасыз етілуін өңдеу басты міндеттерінің бірі болып табылды. Эксперимент мақсаты алдағы уақыттарда халықтық білім беру жүйесіне енгізу үшін білім беру ұйымдарында психологиялық қызмет құрылымын жасаумен байланысты теориялық және ұйымдастырушылық мәселелерді зерттеу болып табылады. Эксперимент нәтижелерін талдау негізінде лаборатория қызметкерлері психологиялық қызмет туралы Концепция жасады (1989 ж). Адам психикасының әлеуметтік табиғаты мен дамуы туралы отандық психологияның қағидасы аталған концепция құрылымының әдіснамалық негізі болды: адам психикасы (филогенетикалық және онтогенетикалық қатынаста) даму нәтижесі болып табылады; психикалық даму адамзат жинақтаған әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесінде жүреді [1].
Осындай теориялық ұстанымдарға сәйкес, жеке тұлға қоғамдық сана формалары мен мінез-құлықты игеру негізінде адам өмірінің процесінде қалыптасатын тұтас психологиялық құрылым, яғни «Білім берудегі психологиялық қызмет интегралды құбылыс, ол төрт құрамның немесе аспектілердің бірлігінен тұрады: ғылыми, қолданбалы, тәжірибелік және ұйымдастырушылық» концепциясына негізделген [2].
ХІХ ғасырдың 70-жылдары жекелік қасиеттерді зерттеуге арналған біршама әдістемелер жасалды. Психологиялық зерттеу жүргізуге қолданыла бастаған әдістемелерді 1870 жылы АҚШ ғалымы Гальтон ұсынысы бойынша тест деп атады. Тестерді жасау және олардың көмегімен жандүние ерекшеліктерін анықтауға қызығушылық өте жоғары болды. Сондықтан психодиагностикалық тестерді жасаудың өзі психология ғылымының бір саласы ретінде кеңінен орын алды.
Психодиагностикалық зерттеулерді жүргізу әдістері анықталып, жекелік психикалық қасиеттер ерекшеліктерін анықтау 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап дамып келе жатыр. Бірінші психодиагностикалық зерттеулер психикалық аурулар арасында жүргізіледі.
Тәжірибелік психологиялық зерттеу негізін құрушылардың айтуы бойынша, психоз ауруына ұшырағандардың психикалық қасиеттер дені саулармен бірдей, тек кейбір қасиеттері ерекше дамып, анық байқалатын ауытқуға ұшыраған. Сондықтан оны зерттеу жеңілдеу болды деп көрсеткен. Осындай ерекше дамыған қасиеттерді зерттеу де оңай болатындықтан психологиялық қасиеттерінің даму деңгейін диагностикалау жүргізілді. Тәжірибелік психология дамуындағы бұл кезең клиникалық деп аталады [3].
ХІХ ғасырдың екінші жартысында жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері анықталуы, жүйке жүйесінің функциялары мен психикалық қасиеттердің байланыстылығы дәлелденгенімен байланысты темпераментке жан-жақты сипаттама берілді. Сеченов, Павлов жүргізген зерттеулер нәтижесінде олар екінші сигналдық жүйенің, нағыз адамдық қасиеттердің қалыптасуына негіз болатыны анықталды. Бұл кезді, тәжірибелік психологияның дамуына физиологтардың қосқан үлесін ескере отырып, психофизиологиялық кезең деп атауға болады.
Жекелік психикалық қасиеттерді зерттеу тестілерін қолдану Франция, Германия т.б. елдерде ХІХ ғасырдың аяғында кеңінен орын алды. Психологиялық зерттеу жүргізуге қолданыла бастаған әдістерді 1870 жылы Гальтон тест деп атауды ұсынды. Осы кезден бастап қабілетті зерттеу арқылы адам мүмкіндігін анықтауға қызығушылықты қанағаттандыру мақсатымен Франция, Германия, АҚШ т.б. мемлекеттерде психологиялық зертханалар ашылып, барлық талапкерлердің іс-әрекет түрлеріне икемділігін анықтауға бағытталған зерттеулер кеңінен қолданылды. Гальтонның ұсынысы бойынша тест көмегімен өлшенген қасиеттердің бір-бірімен корреляциялық байланысы бар екендігі ескерілді [4].
Жекелік психикалық қасиеттерді зерттеу 20 ғасырдың басында бірнеше салада жүргізілді. Дегенмен ең бірінші қызығушылық тудырған мәселелер темперамент ерекшеліктерін анықтау, мінез көрсеткіштеріне сипаттама жасау, интеллектуалдық қабілет школаларын түзу, жеке прцестердің ерекшеліктерін зерттеу т.с.с. болып тармақталды. Бұл зерттеулерді бастапқы кезде психиатрлар психикалық дертке ұшырағандарды емдеу жолдарын анықтау мақсатымен және дені сау адамдардың психикалық ерекшеліктерін бағалау мақсатымен жүргізілгізілді. Психологиялық зерттеулерде математикалық және статистикалық тәсілдерді қолдану үшін Парсонс, Фишер, Спирмен деген математиктер шақырылды. Фишер дисперсиялық талдауды, ал Спирмен – факторлық талдауды психологиялық зерттеуде қолдану жолдарын анықтап берді. Фишер ұсынған дисперциялық талдау әдісі көмегімен жеке факторлардың эксперимент нәтижесіне тигізетін әсерін статистикалық жолмен анықтауға мүмкіндік туды. Ал Спирмен жасап шығарған көпөлшемді факторлық талдау әдісі көмегімен бір-бірімен корреляциялық байланысы өте төмен көрсеткіштер анықталып, олардың байқалуын статистикалық жолменен талдауға жол ашылды.
Келесі кезеңде Г.Айзенк және Р.Кеттел факторлық талдауды жекелік қасиеттерді зерттеуге қолданды. Осы кезден бастап жеке адамның психологиялық қасиеттерін толық өлшеп психологиялық кескінін жасауға, барлық кісілік психикалық көрсеткіштерін бір – бірімен ұштастырып анықтауға жол ашылды. Сонымен қатар интеллектуалдық қасиеттерді зерттеу тестері кеңінен қолданыла бастады. 1905-1907 жылдары Француз ғалымы А.Бине статистикалық жағынан негізделген интеллектуалдық тест жасап шығарды. Ұсынылған тәсілді өңдеп шығуға Т.Симон өз үлесін қосып, психодиагностикада бұл әдістеме Бине-Симон шкаласы деп қолданыла бастады [5].
Жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін зерттеп, оны сандық және сапалық жағынан бағалап беруге қызығушылық көп болды және өз ерекшеліктерін зерттеп, барлық қыр-сырын анықтап алуға сұраныс қалыптасты. Соның арқасында батыс Еуропа елдерінде психологиялық зертханалар ашыла бастады. Бұл зертханаларды Германияда – Вунддт, Францияда-Бине, АҚШ-да-Мюнстерберг, Торндайк т.б. ғалымдар ұйымдастырды. Бұл зертханаларда барлық талапкерлердің іс-әрекет түрлеріне икемділігін анықтауға, кәсіби жарамдылығын анықтап, мамандыққа баулу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу барысында Гальтонның ұсынысы бойынша темт көмегімен өлшенген қасиеттердің бір-бірімен корреляциялық байланысы бар екендігі ескерілді.
Сол кездерде неміс психиатры және психолог Э.Кречмер және АҚШ психологы У.Шелдон өз зерттеулерінің нәтижесінде адам мінездерінің типологиясын ұсынды. Олардың ізбасарлары Э.Фромм, К.Леонгард, А.Е.Личко және басқалар типологиялық зерттеулерді жалғастырып, қазіргі кезде кеңінен пайдаланып жүрген мінез акцентуациясы туралы ілімнің негізін құрды. Олар мінез типін анықтау негізінде келесі қағидаларды ұсынды: а) адам мінезі онтогенездің бастапқы кезеңдерінде қалыптасып өмірдің барлық кезеңдерінде тұрақты көрініс береді; б) мінез көрсеткіштерінің топтасуы кездейсоқ мәселе емес. Олар адамдардың бір-бірінен айырмашылығы бар болып ерекше тұлға болуына негіз болатын тұрақты көріністер, сондықтан олар негізінде мінез типологиясын құруға мүмкіндік туады; в) адамдардың басым көпшілігін осы типологияға байланысты бірнеше топқа бөлініп, олардың жекелік ерекшеліктерін сипаттауға болады.
Психологиялық зерттеулерге математикалық және статистикалық тәсілдерді қолдану үшін Парсонс, Фишер, Спирмен деген математиктер психологиялық орталықтарда қызмет жасауға шақырылды. Олар биологиялық зерттеулерде мироэлементтердің фотосинтезге тигізетін әсерін анықтауға пайдаланған әдістемелерін психологияда жекелік психикалық қасиеттердің бір-бірімен корреляциялық байланыста екендігін дәлелдеуге ыңғайлы етіп өңдеп шығарды. Нәтижесінде Спирмен факторлық талдауды жүргізу жолдарын тауып, ал Фишер дисперсиялық талдау әдістемесін жасап шығарды. Дисперсиялық талдау әдісі көмегімен жеке факторлардың эксперимент нәтижесіне тигізетін әсерін статистикалық жолмен анықтауға байқалатын ауытқуға ұшыраған. Сондықтан оны зерттеу жеңілдеу болды деп көрсеткен. Осындай ерекше дамыған қасиеттерді зерттеу де оңай болғандықтан психологиялық қасиеттерінің даму деңгейін диагностикалау жүргізіледі.
Өткен ғасырдың 20-шы жылдары жекелік қасиеттерді зерттеуге және интеллектуалдық қасиеттерді анықтауға арналған тестердің көптеген түрлері құрылды. Оларды қолдану арқылы жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін жан-жақты талдауға мүмкіндік туды. Сонымен қатар топтағы адамдардың өзара қарым-қатынасын зерттеуге арналған Я.Морреноның социометрялық зерттеу әдісі, К.Левиннің өлшеу әдістемелері, Я.Коломинсийдің ұжымының қалыптасу деңгейін бағалау тестері кеңінен қолданылады. 50-60 жылдары психологиялық зерттеулерге қызығушылық күшейіп, психодиагностикалық зерттеулер саны және диагностикалық әдістер көбейе түседі. Көптеген мемлекеттерде психологиялық зерттеу орталықтары, мамандыққа баулу кабинеттері, мамандыққа жарамдылықты анықтау қызметін көрсететін кеңселер, жеке адамды мазасыздану жағдайынан шығару шараларын ұйымдастыратын орталықтар ашылады. Тәжірибелік психологияның дамуындағы бұл кезеңді психодиагностикалық деп атаймыз [6].
Қазіргі кезде психологиялық зерттеулер нәтижелері адам өмірінің барлық салаларында кеңінен қолданылуда. Психологиялық қызмет көрсету жүйесі жақсы дамыған болуды өмірдің көптеген орындары талап етіп отыр. Сондықтан психологиялық қызметті білім беру жүйесіне және әлеуметтік орта ерекшеліктеріне икемдеп ұйымдастыруды бүгінгі күн талабы деп айтуға болады.
Психологиялық қызметті ұйымдастыруға үлгі болатын модельдер. Мектеп психологиялық қызметінің мақсаты мен міндеттері. Балаға психологиялық көмек көрсету міндеттері мен салалары.
Білім беру саласында психологиялық қызметті ұйымдастырудың ғасырдан асатын тарихы және мол тәжірибесі бар. Көптеген елдерде бұл қызмет өткен ғасырдың басында пайда болып, табысты дамып келе жатыр. Білім беру саласындағы психологиялық қызметтің даму тарихын және қазіргі жағдайын Р.Б.Радионов, И.А.Соколова, З.А.Малькова және т.б. ғалымдар зерттеген. Жеке тұлға ерекшеліктерін, психологиялық қасиеттердің сандық және сапалық көрсеткіштерін зерттеу нәтижелерін мектеп тәжірибесінде қолдануды ұсынды [7].
Өткен ғасырдың басында Францияда А.Бине жекелік қасиеттерді зерттеу мәнінде бірнеше мақалалар жариялады. Ол 1905 жылы психологиялық зертхана ұйымдастырып, талапкерлердің интеллектуалдық қабілетін зерттеу жұмысын жолға қойды. Биненің жүргізген зерттеулері көптеген ғалымдарды қызықтырып психологиялық қызметті ұйымдастыруға ұйытқы болды. 1908 жылы Бостон қаласында Фрэнк Парсонс мамандыққа баулу бюросын ашты. Ол осы бюро қабырғасында көп жыл жүргізген тәжірибесін қортындылай келіп, мамандықты таңдап алу үшін әр адам үш нәрсені жақсы білу қажет екенін көрсетті. Олар: 1) өз қабілеті мен мүмкіндіктерін және оның табалдырығын білу; 2). Таңдаған мамандығы бойынша жұмыс жағдайымен танысып, ол қызметті орындау үшін қандай қасиеттер керек екенін анықтап, жалақысы, болашағы, өсу жолдары, білімін жетілдіру көздері туралы толық мағлұмат алу; 3). әр баланың арманы мен мүмкіншіліктерінің бір-біріне сай келуін бағалау [8].
Осы бағыттарда анықталған мағлұматтарды бір-бірімен салыстыра талдау нәтижесінде психолог әр балаға болашақ мамандығын анықтауы туралы өз кеңестерін береді.
Көп ұзамай Англияда Цирил Бэрт, АҚШ-та Арнольд Гессель мектеп қабырғасында балаларға және олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету ісіне кірісті. Осы бастама кейінен «Гайденс қызметі (гайд – көмек көрсету, жетелеу деген мағынаны білдіретін сөзден шыққан) деп аталып, қазірге дейін білім беру жүйесінің үлкен бір саласы болып: дамып келеді. Ірі мектептерде бірнеше психолог қызмет атқарады. Сондықтан оны бригада деп атауға болады. Психологиялық қызметті ұйымдастыру тобы өз іс-шараларын бірнеше бағытта ұйымдастырады және өзінің алдына келесі міндеттерді қойып отыр:
- Балаларға мектепке дейінгі өмірден оқушы міндетін атқаруға көшуіне көмек көрсету;
- мектепке оқу параллельдерін анықтап алуға ықпал жасау;
- жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдап алуға жәрдем беру;
- оқушыларды болашақ отбасы өміріне даярлау.
Осы зерттеулерге байланысты өткен ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап психологиялық қызметке сұраныс туа бастады. Ресейде тәжірибелік психологиялық зерттеулер педалогиялық деп аталады. Бұл салада И.А.Артемьев баланың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін психофизиологиялық зерттеулермен ұштастырып жүргізу қажеттілігі туралы еңбектер жазды [9].
П.П.Блонский, Л.С.Выготский өз еңбектерінде балалардың жеке даралық ерекшеліктерін зерттеудің ірге тасын құрды. Көптеген батыс елдерде қолданылып жүрген әдістемелерді П.П.Блонский орыс тіліне аударып, оларды пайдалану жолдарын анықтады. Дегенмен өткен ғасырдың 30-шы жылдары жүргізілген зерттеулер өзінің жалғасын таппастан тәжірибелік психологиялық ілімдердің дамуы кеңес мектептерінде қолданылмады. Тек қана өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап бұл саладағы қызметке көңіл бөліне бастады. Балтық теңізі жағалауындағы мемлекеттерде, әсіресе Эстонияда, психодиагностикалық зерттеулерді жүргізуге, мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру орталықтарын құруға үлкен мән беріліп, Х.И.Леймтес, Ю.Л.Сэрд бұл қызметтерге ғылыми жетекшілік жасады.
Қазіргі кезде көптеген елдер психологиялық қызметті мектеп қабырғасында және әлеуметтік ортада ұйымдастырып, психологиялық қызмет көрсету дәстүрі кеңінен қалыптасып келеді. Психологиялық қызмет ерте құрылған мемлекеттер тәжірибесін жан-жақты зерттеудің мән-мағынасы өте терең болып отыр. Оларда қалыптасқан ұйымдастыру түрлерін және бұл жұмыстың мазмұнын зерттеу негізінде көптеген елдер өз мектептерінде психологиялық қызметті ұйымдастыру мақсаты мен міндеттерін анықтап алып отыр [10].
Біздің елде білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мақсаты мен мазмұнын анықтауға Ресей, Балтық жағалауындағы мемлекеттер тәжірибесі мол мүмкіндік тауып беруде. Сондықтан осы мемлекеттердің тәжірибесін, теориялық және әдістемелік құралдарын терең және жан-жақты талдау үстіндеміз.
Психологиялық қызметтің мақсаты – бала дамуындағы әр кезеңдегі жан дүниесінің ерекшеліктерін анықтап алып, олардың өз-өзіне, қоршаған ортаға деген көзқарасының, қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына жетекшілік жасау. Бұл мақсат келесі міндеттер арқылы нақтыланады [11].
Психологиялық қызметтің міндеттері:
- психологиялық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қыйындық көріп жүрген балалардың проблемаларын анықтап, оларға дер кезінде көмек көрсету;
- оқушыларды мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап оны бітіргенінше жетелеп, сүйеніш болып жүру;
- проблемасы бар балаларды жан-жақты зерттеп, оны туғызған себебін анықтау және түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу;
- дамуында ауытқуы бар балалардың психологиялық тренингтер ұйымдастыру;
- оқу-тәрбие жұмысына ғылыми жетекшілік жасап әр оқытушының, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімін жетілдіру және біліктілігін арттыру жұмысын ұйымдастыру [12].
Осы анықталған міндеттерді орындау т.б. өмір барысында туған шиеленіс жағдайларды дұрыс шешу үшін психологтар әр адамға сүйеніш болып, бағыт-бағдар беріп отыруы қажет. Қазақстанда мектеп психологы енді тағайындалып, өз жұмысын атқаруға жаңа ғана университет бітірген тәжірибесі таяз жас мамандар кірісті. Дегенмен олар жұмыс мазмұнын анықтап алу үшін ізденіс үстінде.
Психологиялық қызмет моделін қалай құру қажет екенін анықтап алу оңай емес. Бұл мәселені дұрыс шешу үшін бұрынғы кеңес мектептерінде психологиялық қызметтің мазмұнын анықтағандар Н.Р.Битянова, И.В.Дубровина, А.И.Прихожан ұсынған үлгілерді қолдануға, немесе басқа елдерде қалыптасқан тәжірибені үлгі ретінде қолдана отырып мектеп психологы қызметін келесі бағыттарда ұйымдастыруға болады:
- психодиагностикалық жұмыс;
- психопрафилактикалық жұмыс;
- психологиялық кеңес беру;
- психокорекция жүргізу;
- ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім беру және біліктілігін арттыру;
- психологиялық қызмет көрсету жүйесі қызметін насихаттау;
- әлеуметтік – диспечерлік қызмет көрсету;
- педагогикалық ұжымға психологиялық қызмет көрсету.
Осы аталған бағыттардағы іс-шаралар бір-бірімен үйлесімді ұйымдастырылуына кепілдік болатын мақсат пен міндеттер жоғарыда көрсетілген [13].
Мектеп оқушыларына, көпшілікке жүйелі түрде психологиялық қызмет көрсету үшін ол объекті туралы психолог толық мағлұмат алуы қажет. Бұл мағлұмат психодиагностикалық зерттеу барысында жиналады. Оқу-тәрбие жұмысы барысында психологиялық зерттеу әдістерін қолдана отырып, оқушылардың таным процестерінің даму деңгейі, жекелік қасиеттерінің қалыптасуы, оқушылар мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуы талданып, әр балаға қандай жәрдем керек екендігі нақты анықталды. Психологиялық қызмет мазмұнын анықтау үшін бұл жұмыстың мақсат-міндеттеріне сүйене отырып оның барлық жоғарыда келтірілген салалары бойынша іс-шаралар тізімін толық жүйеге келтіріп жұмыс жоспарында көрсету қажет.
Сонымен қатар, қазіргі кезде психологиялық қызметті білім беру жүйесіне ендіру, әр оқушыға, педагогтарға, оқушылардың ата-аналарына психологиялық қызмет көрсету, дамуында ауытқуы бар балаларға дер кезінде көмек көрсету ерекше орын алап отыр. Күн талабына байланысты психологиялық қызмет тек мектеп-гимназиялары емес, барлық мектептерде толық қанды қызмет атқаратын психолог жұмыс қажет. Осы талаптарды толық қанағаттандыру үшін мектеп психологиялық қызметінің мазмұнын анықтау және пайдаланылатын әдістемелерді жүйеге келтіру жұмысын көптеген ғалымдар мен мектеп психологтары жүргізуде [14].
Психологиялық қызметтерді ұйымдастыруда кездесетін қыйыншылықтар көбінесе қазақ тіліндегі әдістемелік материалдардың тапшылығымен байланысты. Соған қарамастан мектептерде психологиялық қызмет кеңінен тарауда. Әр мектептегі психологтар өздері әдістемелік материалдарды жинақтастырып, соларды пайдалану салаларына байланысты әр психолог өз жұмысының мазмұнын анықтауда. Жинақталған әдістемелік материалдар балалардың жас ерекшеліктеріне, жекелік даму көрстекіштеріне және балаларда кездесетін проблемаларға байланысты топтастырылған. Сондықтан мектептерде психологиялық зертханалар қалыптасып келе жатыр деп айтуға болады.
Психолог қызметіне негіз болатын құжаттарды анықтап алу да оңай болмай отыр. Қазіргі кезде Қазақстан психологтар ассоциациясы, Сорос қоры қаржы бөлген мекемелер, психолог ғалымдар мен мектеп психологтары жинақтаған материалдар жүйеге келтіріліп, қазақ тіліндегі әдістемелік жинақтар жарық көріп жатыр. Олардың ішінде Көмекбаева, Нұрмұханбетова т.б. ғалымдардың жасаған әдістемелік құралдарын кеңінен пайдалануға болады [15].

2 Жалпы білім беретін мектептегі психолог жұмысының ерекшеліктері


Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет тұтас білім беру жүйесінің маңызды компонентерінің бірі. Білім беру ұйымындағы психологиялық қызметтің негізгі мақсаты мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың психикалық және психологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
«Психикалық салауаттылық» терминін Бүкіләлемдік денсаулықты қорғау ұйымы енгізді. 1979 жылы Бүкіләлемдік денсаулықты қорғау ұйымы эксперттерінің «Психикалық салауаттылық және балалардың психоәлеуметтік дамуы» атты баяндамасында психикалық саулығының бұзылуы дене дамуындағы соматикалық сырқаттар немесе кемістіктермен, сонымен қатар психикаға әсер ететін және әлеуметтік жағдайларға әсер ететін әртүрлі жағымсыз факторлар және стресстермен байланысты. «Психикалық салауаттылық» термині біржақты ұғым емес, ол тәжірибе аймағында екі ғылымды байланыстырады – медициналық және психологиялық.
Соңғы жылдардың ғылыми мәліметтері бойынша және білім беру ұйымдарындағы психологтардың тәжірибелік жұмыс анализі далелдегендей бала дамуындағы әртүрлі психикалық бұзылулардың алдын-алу онтогенездің әрбір кезеңінде баланың толық психикалық дамуы болып табылады. Бала дамуының потенциальды мүмкіндіктерін жүзеге асуы жағымды жағдайға тәуелді. Осылайша психикалық салауаттылықтың негізін онтогенездің барлық кезеңіндегі баланың толыққанды психикалық дамуы құрайды. Мұндай дамуды қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық жағдайдың қалыптасуы білім беру ұйымындағы психологиялық қызмет мақсаттарының бірі болып табылады. Егер де «психикалық салауаттылық» жеке психикалық процесстер мен механизмдерге қатынасы болса, онда «психологиялық салауаттылық» термині тұлғаға тікелей қатысты, адам жанының жоғары құбылыстарымен тығыз байланыста болады. Психологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету баланың ішкі жан-дүниесіне назар аудартады: оның сезімдері мен әсерлеріне, қызығушылықтарына, қабілетіне мен біліміне, оның өзіне, құрдастарына, үлкендерге, қоршаған ортаға деген қатынасына.
Білім беру ұйымындағы психологиялық қызмет концепциясының ғылыми негізі адам психикасының әлеуметтік табиғаты мен дамуы, адам психикасы дамудың жемісі, психикалық даму әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесі сияқты психологияда өңделген фундаментальды теориялық ережелер болып табылады.
Білім беру жүйесіндегі психолгиялық қызмет саласындағы жалпы білім беретін мектептегі психологиялық қызмет ең негізгі компонент болып табылады. Жалпы білім беретін мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты – оқушылардың тұлғалық қалыптасуына көмек беру, қызығушылығы мен танымын дамыту, психикалық даму ерекшеліктерін зерттеу, интеллектуалдық, тұлғалық дамуының бұзылуын, кедергілерін анықтау, ата-аналар, мұғалімдермен ағарту жұмыстарын жүргізу. Жалпы білім беретін мектеп психологы мен ұжым қызметкерлерінің оқу-тәрбиелеу жұмысы, кәсіби қарым-қатынастары біртұтас болса, бала тәрбиесіндегі психологтың көзқарасы мен ата-ананың, мұғалімнің көзқарасы бірін-бірі толықтырып отырса жұмыс өз нәтижесін береді. Ереже бойынша жалпы білім беретін мектепте психологтар жұмыс істейді, олар негізгі педагогикалық (немесе психологиялық) білім деңгейіне қосымша белгілі бір жас ерекшелік дәрежесіндегі балалармен жұмыс жасау іскерлігін меңгереді [16].
Білім беру ұйымындағы психологиялық қызмет – 4 аспектінің бірлігінен құралған интегральды құбылыс: ғылыми, қолданбалы, тәжірибелік және ұйымдастырушылық.
Ғылыми аспект білім беру жүйесіндегі психологияның теориясы мен әдіснамалық мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізуді ұсынады, психикалық дамудың жас ерекшеліктік заңдылықтарының индивидуальды түрде көрінуін зерттейтін даму психологиясының жаңа ғылыми-тәжірибелік бағытын анықтайды, мектеп жасына дейінгі кезеңнің психологиялық саулығының алғышарты ретінде тұлғаның қалыптасуын зерттейді. Басты міндеттерінің бірі психодиагностикалық, психокоррекциялық, психокоррекциялық және дамытушы бағдарламалардың ғылыми тұрғыда негізделуі.
Қолданбалы аспект білім беру саласындағы қызметкерлердің психологиялық білімді қолдануын қамтамасыз етеді, яғни өздері дербес немесе психологпен бірлесе отырып оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын жасауда, дидактикалық және әдістемелік материалдарды өңдегенде, оқыту және тәрбиелеу бағдарламаларын құрастыруда жаңашыл психологиялық мәліметтерді қолданады.
Тәжірибелік аспектті білім беру ұйымдарының психологы қамтамасыз етеді, олардың міндеті – қандай да бір психологиялық мәселелерді шешу үшін ата-аналармен, педагогтармен, топ және сыныппен, балалармен жұмыс істеу.
Ұйымдастырушы аспект білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет құрылымын жасау, мазмұндық және ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша қамтамасыз ету және кәсіби әрекетті бақылау, психологтардың кәсіби біліктілігін жоғарлату.
Білім беру ұйымындағы психологиялық қызметтегі қолданбалы, тәжірибелік және ұйымдастырушылық аспектінің дамуы толығымен оның ғылыми аспектісінің дамуына тәуелді, яғни психологиялық қызметтің негізгі теориялық базасын анықтайды.
Білім беру саласындағы психолог жоғары білімді, біліктілік санатқа ие, еңбекақысы, зейнет кепілдігі мен кезекті демалысы бар, кәсіби құқықтар мен кепілдіктерге ие, нақты білім мекемесінің педагогтарға теңестірілген маманы болып табылады: мектепке дейінгі ұйым, кәсіби, жалпы білім беретін мектептер, балалар үйі, инетернаттар, түзету ұйымдары, аудандық,қалалық, облыстық, аймақтық білім беру психологиялық орталықтары.
Әр түрлі саладағы, аудандық, қалалық, аймақтық білім беру психология орталықтарындағы білім мекемелерінің психологиялық қызмет көрсету саласы қызметкері ретінде, психологиялық жоғары білімі бар, арнайы курстарда қайта даярлаудан өткен, тұғылықты жердің әлеуметтік-мәдени, этноерекшелігін толық білетін жоғары білімді мамандар жұмыс істей алады. Әр білім беру мекемесінде кемінде бір психолог (9 дан 14 дейін)қызмет етеді. Егер оқушылар 300-ден көп болса, онда жүктемесі артады. Мүмкіндіктері шектелген балалармен жұмыс істеу мекемелерінде 80 адамға бір психолог тағайындалып, кемістіктің күрделігіне байланысты балалар саны азайтылады.
Атестациялау жұмысы құзырлы мекемелер мен мамандар тарапынан ҚР «Білім Заңына» сәйкес жүзеге асырылады. Жұмыс бағытын таңдау, әр түрлі жұмыс түрлерінің сәйкестігі білім мекемесінің қажеттіліктерімен және штататық және штаттан тыс психологтар санымен анықталады.
Жұмысты жоғары сапада, тиімді атқару үшін ыңғайлы жағдай жасалуы тиіс. Жеке жұмыс кабинеті, кеңес беру бөлмесі, топпен жұмыс істеу бөлмесі болып, әрбір кабинете қолдану үшін бейнетаспа,әр түрлі техника аппараттары мен ыңғайлы жиһаз болуы тиіс.
Білім мекемесіндегі практикалық психологқа кабинеттің безендірілуі және тұтынғаны үшін төлемақы мекемедегі мұғалімдер үшін бектілген нормативке сәйкес төленеді.
Білім мекемелері мен орталықтарда жұмыс істейтін практикалық психологтар атақарған жұмыстарын тіркеп отырады. Әкімшілікке және кәсіби жағынан құзырлы орындарға есеп береді. Бұл психологиялық қызмет мекемелерінің, орталықтарының есептік құжаттарына, тиісті деңгейдегі білімді басқару орындарының есептеріне кіреді.
Әдістемелік және шығармашылық ізденістерге, өзіңдік білімін жетілдіруге аптасына бір күн беріледі.
Психологиялық қызмет үш бөлімнен тұрады:
- нақты мекемедегі практикалық психолог (мектепке дейінгі ұйым, мектеп, гимназия, балалар үйі).
- психологиялық кабинеттер мен бөлімдер.
- психологиялқ қызмет орталығы.
Практикалық психолог нақты оқыту мекемелерінде жұмыс істейді. Мұнда психолог оқыту кезеңі барысында балалардың жеке-дара психологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Әр баланың дұрыс дамуына жағдай жасайды. Баланың сабаққа үлгермеуін оның себептерін, тәртіптілігіндегі бұзылыстарды анықтап, түзетіп алдын алады. Тәрбиешілерді, мұғалімдерді білім беру мекемелерінің әкімшілітерді, ата-аналарды психологиялық біліммен қаруландырады. Психологиялық білімін көтереді.
Психологиялық кабинеттерде жұмыс істейтін психологтардың негізгі міндеті білім беру мекемелеріндегі психолог әрекетін ұйымдастыруды қадағалау. Әдістемелік және кәсіби көмек көрсетеді. Психологиялық- педагогикалық білімдерді насихаттайды. Ерекше қиын жағдайдардағы психодиагностикалық, психокоррекциялық жұмыстар жүргізеді. Медициналық, психологиялық-педагогикалық комиссияның жұмысына қатысады. Сонымен жетіншектермен жұмыс жасау комиссиясына араласады. Білім беру мекемесінің әкімшілігін басқарудың әлеуметтік –психологиялық мәселелері жөнінде педагогикалық ұжымда қолайлы әлеуметтік психологиялық ахуалды орнату жөнінде басқа да кәсіби мәселелері жөнінде кеңестер береді [17].
Психологиялық кабинет штатының құрамына психологтан басқа, әлеуметтік қызметкер, педагогтар, дәрігер-психоневрлог кіреді. Психологиялық кабинеттер әдетте білім беру басқармасының аудандық, қалалық және облыстық бөлімдерде құрылады.
Жалпы білім беретін мектептегі психологиялық қызметтің орталықтары: бұл білім беру ұйымының психологиялық қызметіне, психологиялық кабинеттерге, сонымен қатар арнайы психологиялық қызметіне басшылық жасайды.
Орталық бұл қызметтерді ғылыми әдістемелік, ғылыми ұйымшылдық негіздерін қаматамасыз етеді. Психологтардың кәсіби деңгейін көтереді.
Орталық екі бөлімнен тұрады:
- жеке көмек көрсету бөлімі.
- білім беру мекемелеріне психологиялық көмек көрсету бөлімі.
Психологияда адамның бір-бірінен өзгеше болатыны, өзіндік даралық ерекшеліктері бар екені әркімге болса да аян. Олар адамның жүйке жүйесінің типтерімен, мінез-құлқынан, қабілет-бейімділіктерінен, дүниетанымнан, сенім-мұратынан айқын көрінеді. Балалардың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке бас тұрғысынан келу оның психикалық ерекшеліктерін, жеке басын дамытуды көздейді.
Балалардың психологиялық мінездемесі, психологиялық портреті оның жеке бас ерекшеліктерін анықтауының бір жолы болып табылады. Мұнда мінез-құлқын терең зерттеліп, сапасы мен қасиеті шыңдалады. Мамандар құрастырған бала туралы мәліметтен басқа, яғни өмірі, тәрбиесі жайлы, сонымен қатар мінез ерекшеліктері айналасымен қарым-қатынасы болу керек.
Әр оқушының болашақтағы даму перспективасы туралы айтылуы тиіс. Жүйелі түрде жүргізілген бақылау әр түрлі жағдайда жинаған мәліметтер мінездеме жазуды негізгі деректер болып табылады. Мінездеме нақты дерек қорытынды, талдаудан тұрады. Сонымен қатар баламен жүргізетін болашақ жұмысының бағытттары да қарастырылады [18].
Психологтың педагогтармен және ата-анамен байланысы: Кез-келген білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін психолог ең алдымен тәрбиешілермен немесе мұғаліммен тығыз байланыста болады.
Білім берудегі психологиялық қызмет практикалық психологтың әр жастағы балалармен олардың тәрбиешілерімен, мұғаліммен және ата-анамен қарым- қатынасқа түсе отырып, барлығының назарында баланың жеке басын қалыптастыру мәселесі басты орында тұрады. Педагогтар мен психологтың байланысы бір жақты бір жерден шыққанда ғана, олардың өзара әрекеті тиімді нәтиже береді. Әрі олар мүмкіншілігіне қарай өзіне тиісті қызметті жақсы біліп, дұрыс орындағанда ғана осыған қол жеткізуге болады.
Педогог психологты, психолог педагогтарды алмастыра алмайды. Олардың бір-біріне деген сенімі, дұрыс қарым-қатынасы жұмысты табысты етеді. Баланы оқыту және тәрбиелеу міндетін шешу білім беру ұйымдарындағы барлық педагогикалық ұжымның іс-әрекеті осыған байланысты әр педагогта кәсіби шеберлік, терең ақыл-ой мәдениет талап етіледі.
Балаларды әр түрлі жағдайларда байқай білетін көп жылғы тәжірбиесі бар педагогтың көмегі практикалық психолог үшін өте маңызды. Ол педагогикалық тәжірибені психологиялық мәліметттермен ұштасады.
Психологпен педагогтың бала тәрбиесіне келудегі бірлестік психологиялық қызметтті ұйымдастырудың басты шарты ретінде қарастырылады. Өзара әрекеттің сәттілігі көбіне практикалық психологтың позициясына байланысты. Яғни дауыс көтермей сөйлеу, үйретуден аулақ болу т. б. Балаға қатысты кез-келген күрделі жағдай педагог тарапынан қойылатын кінә емес, балаға психологиялық педагогикалық көмек көрсетудегі бірлескен жұмысқа деген белгі.
Әрбір педагогтың баламен жұмысы оны қолдау, мадақтау, өзіне -өзі деген сенімін арттыру. Практикалық психолог іс-әрекетінде ол үнемі конфликтілік жағдайларды шешуде орбитр ролін атқарады. Бұл оның жәке басы сапасына үлкен талаптар қояды. Яғни берілген кеңеске деген жауапкершілік сезімдерінің болуы қабылданған шешімге ұсыныстарға деген жауапкершіліктің болуы. Психолог балалардың ата-анамен де міндетті түрде жұмыс істейді Ата-анамен жеке және ата-аналардың жиналысында кездеседі. Оларға балалардың психикалық дамуы туралы ақпараттар береді. Сонымен қатар ересектерге бала тәрбиесі мәселесі туралы да мәліметтер беріледі. Себебі , бала тәрбиесі балалардын жеке басының дамуымен тығыз байланысты. Балалардың көргісі келетін сапаларды ең алдымен ата-аналар өздері игерулері керек [19].
Біздің қоғамда психологиялық білімге деген мұқтаждық өте жоғары, психологиялық мәдениет өте төмен. Басқа адамдарға деген қызығушылық оның жеке басының ерекшеліктерін қадірлеу өзінің қарым-қатынасын ашуға тілек жоқ.
Тәрбиешілер мен мұғалімдер шәкірттері туралы өте аз біледі. Ата-аналар жайында да осыны айтуға болады. Педагогикалық ұжымында, жанұяда түрлі конфликтілік жағдайлар болып тұрады. Оның негізін ересектердің психологиялық сабақ алуға, бір – бірін түсінбеуі, бір-бірін тыңдамауы, жанашырлық жоғы және т.б. жатады.
Осыған байланысты психолог үшін балалармен жұмыс жасайтын барлық адамдарды психологиялық мәдениет деңгейін көтеру маңызды. Психологиялық ағарту – бұл ересектерді яғни тәрбиешілер, мұғалімдер, ата-аналарды және балаларды психологиялық біліммен қаруландыру.
Психологиялық ағартудың мәні мынада:
-тәрбиешілерді, мұғалімдерді және ата-аналарды бала психикасының дамуының негізгі заңдылықтарымен және қолайлы жағдайлармен таныстыру.
- жаңа психологиялық зерттеулерді насихаттау, олардың нәтижесін түсіндіру.
- психологиялық білімге деген мұқтаждықты қалыптастыру. Баланың жеке басын қалыптастыруда, өзінің мүддесін қалыптастыруда осы білімді қолдануға деген қажеттілікті қалыптастыру.
- оқушыларды өзін- өзі тану және өзін-өзі тәрбиелеудің негіздерімен таныстыру.
- практикалық психологтың баланың оқу тәрбие мекемесінде қажеттілігін түсінуге әкелу.
Психолгиялық ағартудың негізгі формаларына мыналар жатады:
Көрермендер, әңгіме, дәріс, семинарлар және әдебиеттер тізімін іріктеу және т.б.
Бұл жұмыстардың барлығын өткізге психологтың арнайы маманды шақыруға мүмкіндігі бар. Дәріс, семинар, әңгімелесу абстрактылы-теориялық деңгейде өтпей, нақты дәлелдемемен, деректермен бірге жүргізілуі қажет.
Психологиялық алдын-алу жұмысы психолог іс-әрекетінде өте аз қарастырылған мәселелердің бірі. Дегенмен де бұл мәселелердің маңыздылығын кез-келген ғалым және практик мойындайды. Психологиялық алдын-алу жұмысында психолог оқушылардың жеке бас дамуындағы баланың сәтсіздігінің алдын-алу шараларын жүзеге асырады.
Психологиялық кеңес беру психологтың негізгі әрекеттерінің бір түрі. Мұнда психолог баланың әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде көріп, ондағы жағымды және жағымсыз қасиеттері баланың дамуына кері әсер ететін фактілерді ашып көрсету болып табылады. Психолог мұнда кеңес беру әрекетінің басқа түрімен ұштасыра отырып жүргізіледі және жағдайдың барлық ерекшеліктері тұтастай талданады.
Психолог кеңес беру жұмысын мектеп мұғалімінің, оқушыларымен, әкімшілікпен және ата-анамен жүргізеді. Тәрбиешілер мен мұғалімдер көбінесе психологқа мынандай мәселе жөнінде келеді: оқыту бағдарламасын баланың меңгеруде кездесетін қиындықтарының себебін анықтау. Баланың оқуға деген тілегі мен ниетінің болмауы, оның себебі. Балалардың эмоционалдық жеке бастық ауытқулар мәселесі басқа балалармен және ересектермен конфиликтілік қарым-қатынас мәселесі. Оқу үлгермеушілік себебі мұғалімдердің өзінің педагогикалық ықпалының тиімсіздігі. Қабілет пен бейімділікті анықтау мәселесі және т.б. Ата-аналардың психологқа келуінің негізгі себептері мыналар: бала мектепке қалай дайындалу керек. Баланың қызығушылықтарының төмендегі, оқуға деген ынтаның жоқтығы, есте сақтаудың төмендегі, алаңдаудың жоғары деңгейі, жалқаулық, агрессивтілік, қоғыштық жоғары немесе тым төмен болуы, қорқақтық, кәсіптік бағдарлану т.б.
Психологқа оқушылар мынандай мәселе төңірегінде келеді. Әсіресе жеткіншектер мен жоғары сынып оқушылары мынандай мәселені білгісі келеді:

  1. Басқалармен қолайсыз қарым-қатынастың салдарынан болатын уайым, яғни ұялшақтық, қорқақтық т.б

  2. Жанұядағы қарым-қатынас мәселесі. Яғни ата-аналар тарапынан түсінбеушілік, дербестігіне қарсы болу жанұялық конфликтілер т.б

  3. Қыз бен жігіт арасындағы қарым-қатынас мәселесі. Бәсекелестік, қызғаныш, өзара сүйіспеншіліктің болмауы, таныстықтың үзілуі т.б.

  4. Жыныстық қарым-қатынас және жүктілік мәселесі, ерте жүктілік т. б.

  5. Мектептегі білім берудің жүзеге аспай қалған қажеттіліктер мәселесі т. б.

  6. Оқу үлгерімі, мұғалімдер тарапынан әділетсіздік, мектепке барудан бас тарту т. б .

  7. Кәсіптік бағдарлану мәселесі.

  8. Медикаменттің және химикалық заттарды қолдануға байланысты мәселелер яғни медициналық ақпарат іздеу, нашақорлық, маскүнемдікке қарсы мәселелер

  9. Жастардың демалыс мәселесі.

Жеке бас мәселелері және түрлі уайымдар яғни күнә, сағыныш, жалғыздық сезімдері, өмір мәнін жоғалту, өзінің сыртқы келбетіне байланысты уайым т.б. Психологиялық кеңес берудегі әңгімелесу әр қайсысы бір міндетке бағынатын және белгілі бір психотерапевтік техникаға сүйенетін бірізді кезеңдерден тұрады.
Психолгиялық алдын-алуда 3 деңгей қарастырылады.
1 деңгей: Алғашқы алдын-алу жұмыстары мұнда психолог бала психолгиясына, мінез-құлқында эмоционалды сферасында ауытқуы бар балалармен жұмыс жүргізеді. Бұл кезеңде практикалык психологтың назарында мектептің барлық оқушылары қалыпты балалар және аздаған ауытқуы бар балалар болады.
2 деңгей: Бұл деңгей қиын балалар тобымен жұмыс істейді. Оның міндеті қиындықтардың мәнін ашу. Психолог 10 баладан 3 балаға дейін жұмыс істеуі мүмкін. Бұл деңгей ата-аналармен, мұғалімдермен бірге қарастырылады .
3 деңгей: Психологтың назары ерекше көзге түсетін оқуда, мінез-құлқында терең ауытқуы бар балалармен жұмыс болып табылады. Психолог 10 баланың тек 1 мен ғана жұмыс істейді. Мұнда күрделі психологиялық қиындықтарды, мәселелерді шешу оларды түзету жұмыстары жүргізіледі.
Психологиялық алдын-алу-бұл балалар психологы, баланың психологиялық денсаулығын дамытып бекітуге бағытталған, арнайы әрекет түрі. Психологиялық алдын-алу мынаны көздейді:
- балалар ұйымында, мектепке дейінгі ұйым, мектеп, балалар үйі, лицей, колледж, кәсіби мектептердегі т.б баланың жеке басына дұрыс психологиялық тұрғысынан дамуын қалыптастыруға қажетті психологиялық жағдайларды қатаң сақталуына жауапты.
- болашақта баланың ақыл-ой эмоционалдық және мінез-құлық дамуында белгілі бір қиынлықтарғы әкелетін балалардың ерекшеліктерін дер кезінде анықтау.
- баланың келесі жас кезеңіне өтуіне байланысты болатын өтпелі кезеңдегі кейбір қиындықтардың алдын-алу [20].
Әлеуметтік сұраныс ғылымда қалптаспайды заман ағымына байланысты. Адам туралы психологиялық білімнің қажеттілігі туралы мұғалімдер, дәрігерлер , заңгерлер мойындайды.
Білім берудегі психологиялық қызметтің негізігі міндеттері:
1. Әр жас даму кезеңдегі мүмкіндіктерді балалармен жұмыста жүзеге асыру.
2. Балалардың жеке ерекшеліктерін дамыту. Яғни, қызығушылықтарын, қабілетін, бейімділіктерін, өмірлік жоспарын, сезімдерін және т.б.
3. Балалардың дамуына қажет қолайлы ахуалды жасау. Яғни, интернатта, балабақшада, мектептерде және т.б.
4. Балаларға олардың ата-аналарына, тәрбиешілеріне, мұғалімдерге дер кезінде психологиялық көмек және қолдау көрсету.
Қазіргі кезде психологиялық қызметтің екі бағыты бар:
1. Өзекті бағыт – бұл күнделікті мәселелерді, яғни оқушылар мен педагогтарға, олардың мінез-құлқының, қарым-қатынасының, жеке басының қалыптастыруға ауытқулармен бұзылыстарға байланысты қиындықтарды шешуге бағытталады.
2. Перспективті бағыт-бұл әр баланың даралығының дамуына, қоғамдағы салауаттылық өмірге психологиялық дайындығын қалыптастыруға бағытталған.
Психолог өз жұмысында оқушының жеке өмірінің психикалық шындығын ашады. Бұл үшін осы шындықты талдау, жіктеу, сипаттау қабілетін игеру үшін арнайы білімдерді игеруі қажет.
Психологиялық қызмет келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Психопрофилактикалық жұмыс -бұл бағыттың міндеттері педагогтар мен балалардың психологиялық білімге деген мұқтаждықтарын дамыту қажеттілігімен анықталады, оларды баламен жұмыстанған кезде немесе өзінің жеке дамуына ерекше мән бергенде қолдануға болады, әр жас ерекшелік кезеңінде баланың толық психикалық жетілуі үшін жағдай жасалуы керек, жеке тұлғаның және интеллектінің қалыптасу кезінде болатын өзгерістерді уақтылы ескертуі керек.
Психопрофилактикалық жұмыс баланың, жасөспірімнің жеке ерекшеліктерінің дамуына әсер ететін педагогикалық ұжым мүшелерімен, ата-аналармен және басқа да ересек адамдармен жүргізіліп тұруы керек.
Психопрофилактикалық бағыт бойынша психологиялық қызметтің қызметкерлері келесі нақты шараларды жүзеге асырады:
1.Балалардың балабақшаға үйренуі бойынша жұмыстар жүргізіледі; үйрену кезеңінде балаға көмектесу үшін ата-аналар мен тәрбиешілерге кеңес беріледі.
2.Баланы ересектер тобынан мектепте оқуға әзірлеу жоспары бойынша даярлық тобына (5 жасында) ауыстырған кезде балаларға зерттеу жұмыстары жүргізіледі; ата-аналар мен тәрбиешілерге алдағы жылда баланың құрбыларынан қалып қоюын болдырмау мақсатында және мектепке әзірліктегі қателіктерді жою мақсатында балаларға тапсырма беру әдістері ұсынылады.
3.Балаларды бірінші класқа қабылдауға қатысады, алдын-ала балалардың психикасындағы мүмкін болатын ауытқушылықтарды анықтау және оларды түзету мақсатында зерттейді, мектепте оқуға психологиялық даярлығын анықтайды; мектепке даярлауда кемшіліктерді жою үшін ата-аналарға балалармен жүргізілетін тапсырмалар әдістерін ұсынады; мұғалімдермен бірге баланың мектепте оқуға тез бейімделуі мақсатында және мектепте оқу процесінде жан-жақты, үйлесімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында мұғалімдермен бірге балалардың жеке жұмыстар бағдарламасы белгіленеді.
4. Балалар бастауыш мектептен негізгі мектепке көшкенде және негізгі мектептен жалпы білім беретін орта мектепке және кәсіптік мектепке көшкенде психологиялық зерттеулер жүргізіледі, ол психологиялық зерттеулер арқылы оқушының жаңа кезеңде оқуға даярлығын ескере отырып, балалармен жеке жұмыс бағдарламасын мұғалімдермен, тәрбиешілермен, ата-аналармен бірігіп белгілейді.
5. Оқу және тәрбие, өмір жағдайларына байланысты балаларға артық психологиялық салмақтың түсуін және жүйкелік қозуды болдырмауға байланысты жұмыстар жүргізіледі.
6. Баланың, жасөспірімнің даралық ерекшеліктерінің оның жеке тұлғалық өзгешелігінің, бейімділігінің, қабілетінің жетілу және мінез-құлық ерекшелігін психологиялық талдау мақсатында педагогикалық консилиум ұйымдастырылады.
7.Балалар тәрбиелейтін оқу-тәрбие мекемелерінде жағымды психологиялық ахуал құру мақсатында жұмыстар жүргізіледі:
- педагогикалық ұжымда қарым-қатынас түрін жақсартады (ересек – ересек);
- педагогтың балалармен қарым-қатынас түрінің жақсара түсуіне септігін тигізеді (ересек – бала);
- кәсіби және жеке проблемаларды қамти отырып, бала тәрбие-леу ұжымдарында педагогтарға, тәрбиешілерге және басқа қызмет-керлерге кеңестер береді.
8. Педагогикалық ұжым мүшелерінен психологиялық артық салмақты түсіріп және оны ескерту шараларын жүзеге асыруда педагогтың кәсіби қызметінің қарым-қатынастық дағдыларын жетіл-діруге септігін тигізеді.
9. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес және олардың дамуының өзекті мәселелеріне сәйкес педагогикалық әсер етеді, белгіленген және өткізілген шараларға, тәрбие жұмысының жоспарына талдау жүргізеді [20].
Психодиагностикалық жұмыс -бұл бағыт мектепке дейінгі және мектептегі балалық шақтың барлық кезеңі бойынша баланы терең психологиялық-педагогикалық зерттейтін, жеке ерекшеліктерін, оқыту мен тәрбиелеуде бұзылу себептерін анықтайтын психологиялық қызмет бағыты болып табылады. Диагностикалық жұмыс жеке баламен және балалар тобымен жүргізіледі.
Психодиагностикалық бағыт бойынша психологиялық қызмет қыз-меткерлері келесі нақты міндеттерді шешеді:
1.Баланың психикалық даму барысын, оның жас ерекшелік нормативтеріне сәйкес келуін анықтау мақсатында баламен қажет болған жағдайда психологиялық зерттеулер жүргізіледі.
2.Тәрбие жұмысының барысында кәсіби және жеке өз-өзін анықтауда көмек ретінде, жеке ықпал етуді қамтамасыз ету мақсатында балалардың ерекшелігін, олардың қызығушылығын, қабілеттерін, бейімділіктерін зерттеу жұмыстары жүргізіледі;
3.Балалардың үлкендермен және құрбылармен қарым-қатынас диагностикасын жүргізеді және қарым-қатынастың бұзылуының психологиялық себептерін анықтайды.
4.Саласы сәйкес келетін мамандармен бірігіп, психикалық дамудағы әртүрлі ауытқулардың саралау (дифференциалдық) диагностикасын жүзеге асырады:
а) көбінесе медициналық және дефектологиялық жаратылысы бар бұзылуларды анықтау бағытында; ә) айқын көрініп тұрған әлеуметтік дөрекі мінез-құлық (қаңғыбастық, ұрлық, алкоголь мен токсикомания, наркомания, жыныстық бұзылу ж/е т.б.) себептерін және түрлерін анықтау мақсатында жұмыстанады.
Жетілдіру және психологиялық түзету жұмыстары-бұл бағыт баланың жеке тұлғалық және даралық қалыптасу процесіне психологтың белсенді әсер етуін білдіреді. Оның міндеті әр баланың жас ерекшелік нормативтерінің сәйкестігін қамтамасыз ететін, балаларды жеке оқытып, тәрбиелеуде, олардың қабілетін, бейімділігін дамытуда педагогикалық ұжымға көмек беретін психологиялық қызмет бағыты болып табылады. Бұл бағытта балалардың мінез-құлқындағы және оқуындағы өзгерістер мен бұзылуларды, дамуындағы ауытқуларды түзету жұмыстары ерекше орын алады.
Психодиагностика барысында анықталған және қатаң индивидуальды, нақты өзгешелігі бар баланың жас ерекшелік және дара ерекшеліктері бойынша жетілдіру және психологиялық зерттеу жұмыстарының бағдарламалары мен жоспарлары құрылады.
1.Баланың әр жас ерекшелік кезеңінің дамуын есепке алғанда, пси-хикалық дамудың бөлек жақтарын және жеке тұлғаның толықтай дамуына бағытталған бағдарламаларды өңдеп жүзеге асырады.
2.Психолог баланың психикалық дамуында ауытқуларды болдырмау бағытында түзету бағдарламасын өңдеп жүзеге асырады.
3.Жетілдіру және психологиялық түзету жұмыстарының бағ-дарламасына психологиялық және педагогикалық бөлімдер кірістіріледі. Психолог психологиялық бөлімді жоспарлап, жүзеге асырады. Педа-гогикалық бөлімді мұғалімдермен, тәрбиешілермен, ата-аналармен бірігіп өңдейді және оны психолог көмегімен жоғарыда аталған адамдар орындайды. Жұмыстың бөлек формаларына ересек балаларды, қоғамдық өкілді және т.б. адамдарды кірістіруге болады.
4.Жетілдіру және психологиялық түзету жұмыстарын төмендегі бағыттар бойынша өткізуге болады:
- жеке балалармен арнайы жұмыс жүргізу процесінде;
- балалар тобымен арнайы жұмыс жүргізу процесінде;
- тәрбиелік іс-шаралар бағытында;
-баланың ата-анасының және басқа туыстарының қатысуын қажет ететін формада өткізуге болады [21].
Ауытқулар мен бұзылулар орталық жүйке жүйесінің немесе пси-хологиялық аурулардың ағзалық зақымдануы болып табылмайтын жағдайда ғана психологиялық-педагогикалық түзету жұмыстары жүзеге асады және саралау (дифференциальдық) диагностикасының барысында белгілі болатын әкімшілік-тәрбиелік сипаттағы қатаң шараларды қолдануды талап етпейді. Айқын ауытқулар кезінде, көбінесе патопсихологиялық, дефектологиялық жақтары немесе ашық заң бұзу ерекшелігі байқалғанда және де психолог хабардарлығының шекарасынан асып кеткен жағдайда ол тек сарапшы немесе кеңесші ретінде сәйкес салалардағы маман-дармен тартылады.
Психологиялық кеңес жұмыстары -психологиялық қызметте кеңес беру бағыты бойынша қызметкерлер нақты міндеттерді шешеді:
1.Оқу-тәрбие мекемелерінің әкімшілігіне, мұғалімдерге, тәрбиешілерге, ата-аналарға, мастерлерге балаларды оқыту және тәрбиелеу және бірлесіп жұмыс істеу мәселесі бойынша кеңестер береді.
2.Балаларға оқу, жетілу, өмірлік және кәсіби өз-өзін анықтау, ересектермен және құрбыларымен өзара қарым-қатынас, өз-өзін тәрбиелеу және т.б. мәселелері бойынша жеке және топтық кеңес беріледі.
3.Жеке және топтық кеңес беру арқылы педагогикалық кеңестерге, әдістемелік бірлестіктерге, жалпы мектептік және кластық ата-аналар жиналысына қатысып, дәріс оқу арқылы педагогтардың, ата-аналардың, мастерлердің, қоғамдық өкілдердің психологиялық мәдениетінің жоғары-лауына септігін тигізеді.
4. Бала тағдырында мүмкін болатын өзгерістерді (арнайы оқу-тәрбие мекемелеріне жіберу, ата-ана құқығынан айыру, бала асырап алу ж.т.б.) анықтауға байланысты сәйкес инстанциялардан дұрыс шешім шығару мақсатында, халықтық соттың, қамқорлық көрсету ұйымдарының сұранысы бойынша баланың психикалық жағдайы, психикалық даму ерекшеліктері туралы сұрақтар бойынша шешім қабылдаған кезде кеңесші-сарапшы ретінде кеңес береді.
5.Өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру сұрақтары бойынша нақты балалар мекемесіндегі тәрбиелеу жағдайларын балалардың жас ерекше-ліктеріне сәйкестендіріп, психологиялық ерекшеліктерінің негізінде оқу-тәрбие шараларын жоспарлауға кеңесші ретінде қатысады.
Жалпы білім беретін мектеп психологтары оқушыларға ұжымға жылдам бейімделуге көмектеседі, дамудағы қандай да бір ерекшеліктерді анықтайды, психологиялық сипаттағы мәселенің алдын алу жолдарын қарастырады және бала тәрбиесіне қатысты ата-аналарға кеңес береді. Психологтың негізгі міндеті – бала психикасы дамуындағы жалпы және дара ерекшеліктер тұрғысынан жалпы білім беретін мектепте оқушы өміріне ыңғайлы, жайлы жағдай жасау. Психолог мұғалім мен баланың ата-анасына кейбір балалық сәтсіздіктердің жасырын себептерін, іс-әрекеттері мен мінез-құлқындағы ерекшеліктерін тауып және оны түсіндіруі қажет. Маман оқушы бойына қиындықты «жібермеуге», ата-анасы және басқа да әріптестерімен бірлесе отырып, мектепте мұндай қиындықтарды жеңіп шығуға көмектесуге міндетті [22].
2.2 Мектеп психологы жұмысының мазмұнын анықтау жолдары
Психологиялық қызметтің алда тұрған мақсаты мен міндеттерін толық орындауға негіз болатын құжат-психолог жұмысының жоспары. Психологиялық қызмет барлық талаптарға сай жүргізілу үшін оны жоспарлау барысында психологиялық қызмет моделін жасап алу қажет. Психолог жұмысы барлық талаптарға сай жоспарланған болса, оның іс-әрекеттерінің барлығы жүйелі ұйымдастырылады және нәтижесі сапалы болады. Жұмысты осылай ұйымдастыруға кепіл болатын құжат – психолог жоспары.
Жоспар жасау үлгісі Н.Р.Битянованың «Практическая психология» деген еңбегінде үлгі ретінде берілген. Дегенмен ұсынылған үлгіде жылдық жоспар апталарға бөлініп жасалған. Тәжірибе көрсеткендей апталық жоспарда психолог жұмысының ең күрделі кезеңдерін анықтап алып, оны оқу жылының тоқсандарына бөліп көрсету өте қыйын болды. Сондықтан психолог қызметінің мазмұнын анықтауға арналған көптеген талаптарды зерттеу нәтижесінде оның мақсат-міндеттерін анықтап алып, сол мақсатқа сай жоспар түзіп алу қажет.
Жоспарда барлық мектеп ұжымында кездесетін психологиялық проблемалар анықталып, сонымен қатар, оқушылардан, ата-аналардан, педагогтардан түскен өтініштерді ескере отырып психодиагностикалық, психологиялық кеңес беру, психологиялық түзету дамыту жұмыстарының мазмұны барынша толық анықталуы қажет [23].
Психолог өз жұмысын ұйымдастыру барысында баланың жан-жақты және үйлесімді дамуына жағдай жасауды көздейді. Оқушылар мен оқытушыларды психологиялық жетелеу барысында психолог өз жұмысын медициналық, дефектологиялық қызмет түрлерімен тығыз байланысты ұйымдастырады. Олардың негізгі бағыттарын анықтау негіздерін И.В.Дубровина, Л.И.Прихожан жасап шығарған. Олардың «Положение о школьной психологической службе», И.В.Дубровинаның «Настольная книга практического психолога», М.Р. Битянованың «Практическая психология» еңбектерінде жан-жақты көрстеілген. Осы еңбектерге сүйене отырып мектеп психологы іс қағаздарының тізімін жасап шығардық.
Мектеп психологы іс-қағаздар тізімі.

  1. Мектеп жұмысына негіз болып отырған тақырып бойынша тәжірибелік жұмыс жоспары;

  2. Писхологиялық қызмет бағыттарын көрстететін жалпы жоспар;

  3. Мекеме басшысымен бекітілген бір жылға арналған күнтізбелік жоспар;

  4. Психологиялық қызмет көрсету кабинеті жоспары;

  5. Айлық немесе апталық жұмыс жоспары;

  6. Диагностикалық материалдар картотекасы;

  7. Бастауыш сынып оқушыларын зерттеуге арналған психодиагностикалық альбомдар.

  8. Психодиагностикалық әдістемелер жинақтары;

  9. Психологиялық қызмет көрсетуге сұраныстар журналы;

  10. Кеңес беру, коррекциялау, жеке түзету-дамыту іс-шараларын тіркеу журналы;

  11. Өткізілген сабақтардың қысқаша жоспары және бағдарламасы;

  12. Психологиялық түзету жұмысында қолданылатын аудиоматеириалдар;

  13. Кабинет паспорты, мүліктер мен құралдар тізімі;

  14. Жылдық есеп.

Осы тізімде көрсетілген қажетті құжаттарды түгел жасап алғаннан соң, психолог жұмысын жоспарлау қажет. Жоспарда психологиялық қызметтің барлық салалары толық қамтылып, оларды өткізетін мерзімдері анықталып көрсетіледі.
Психологиялық қызмет жоспары календарлық және күнделікті түрлерде түзіледі. Календарлық жоспар жарты жылдық немесе оқу жылын толық қамтитын болуы мүмкін. Жоспар негізі үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде психологиялық қызметтің бағыттары, өткен оқу жылындағы жүргізілген жұмыстар нәтижесі, психодиагностикалық зерттеу барысында анықталған прблемасы бар балалармен жүргізілген жеке түзету-дамыту және топтық коррекциялық жұмыстардың нәтижелеріне қысқаша сипаттама беріледі. Бұл талдаудың негізгі мақсаты психологиялық қызметтің жүйелілігін және бірізділігін қамтамасыз ету [24].
Жоспардың екінші бөлімінде мектептің профиліне байланысты жасалған жылдық жоспарына сүйене отырып келе жатқан оқу жылында психологиялық қызметтің алдына қойылған мақсат пен міндеттер нақты көрстетіледі. Жалпы білім беретін орта мектеп – гимназия психологиялық қызметі жоспарларының ортақ және айырмашылығы бар болуы мүмкін. Сондықтан оларды бір үлгі бойынша жасауға болады. Тек қана мектеп-гимназия жоспарында оқушылардың интеллектуалдық қабілетінің бағытын анықтауға және оны дамытуға арналған іс-шаралар, қолданылатын әдіс-тәсілдер кеңірек болуға тиіс.
Календарлық жоспар күрделі жұмыстар тақырыбын қамтиды. Мысалы, психодиагностикалық минимумдарды жүргізу мерзімдері анықталған, түзету-дамыту шаралары, семинарлар және конференциялар тақырыптары нақты көрсетілген және басқа барлық күрделі іс-шаралар тізімін толық қамтитын болуы мүмкін. Осы ерекшеліктерді ескере отырып жылдық календарлық жоспарды келесі үлгі бойынша жасап шығуға болады.
Календарлық жоспарды оқу жылына толық жасап шығарудың мән-мағынасы өте терең.

  1. бағыт. Оқушыларға психологиялық қызмет көрсету.

Бірінші сыныпқа қабылданған балаларды психодиагноситкалық минимумнан өткізу:
- баланың ата-анасымен танысып, отбасындағы матиериалдық, психологиялық-педагогикалық жағдайын анықтау;
- мектепке келген баланың таным процестерін зерттеп, интеллектуалдық дамуын анықтау;
- баланың оқу мотивациясын анықтау;
- баланың өзіне және қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастыру;
- оқушының мектепшілік қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу.
Мектепке қабылданғандардың ішінде оқу мазмұнын меңгеруге шамасы келмеген балалардың таным процестері мен жекелік қасиеттерін терең зерттеп, себебін анықтау. Қажеттілік туғанда дамуында дағдарыс бар балаларды МПК тексеруіне жіберу [25].
Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін, жекелік қаситеттерін және мектепшілік қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу.
Бесінші, алтыншы сынып оқушыларын психодиагностикалық минимум бағдарламасы бойынша зерттеуден өткізу. Гимназиялық сыныптарды таңдап алуға көмек көрсету. Орта буын оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін зерттеу. Топішілік қатынас ерекшеліктерін зерттеу. Орта буын оқушыларының мотивациялық сферасын зерттеу. Оқу барысында табысты болу немесе сәтсіздіктен бас тарту мотивацияларының қайсысы жетекші екенін анықтау [26].
Оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу (өзін-өзі бағалауы, талап ету деңгейі, топ ішіндегі мәртебесі, эмоциялық жағдайы).
Жас өспірімдер мінез құлқына акцентуацияның көрініс беруін талдау. Акцентуация түрлерін анықтау әдіс-тәсілдерін қолданып, балалардың мінезіндегі ауытқуларды жан-жақты талдау.
Оқытушылардан, ата-аналардан шағым түскен балалардың жекелік ерекшеліктерін тереңдетіп зерттеу. Қажетті болған кезде әлеуметтік-диспечерлік қызмет атқару.
Сегізінші, тоғызыншы сынып оқушыларын психодиагностикалық минимум бағдарламасы бойынша зерттеуден өткізу.
Оқушылардың интеллектуалдық даму деңгейін анықтау және мамандықты талдау мотивациясын зерттеу.
Мектеп бітіруші сыныптар оқушыларын қажеттілігіне байланысты оларды жан-жақты психодиагноситкалық зертеулерден өткізу.
Он бірінші сынып оқушыларының мамандыққа икемділігін зерттеу. Оқушылар қалауы бойынша жеке тұлғалық ерекшеліктерін, интеллектуалдық қабілет көрсеткіштерін анықтап беру, педагогтардың қалауы бойынша олардың жеке тұлғалық қасиеттерін және мамандық құзырлылығын анықтау және басқа психодиагноситакалық қызмет көрсету [27].
Ата-аналардың қалауы бойынша оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін терең зерттеу.
2 бағыт. Психологиялық түзету дамыту жұмысы.
Бастауыш сыныптарға қабылданған балаларды мектеп күн тәртібіне бейімделуіне арналған сауықтыру іс-шаралары.
Бастауыш сынып оқушыларының мектептке даярлығын зерттеу барысында таным прцестерінде ақаулық бар және оқуға даярлығы төмен балалармен дамыту машықтарын және ойындарын жүргізу.
Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін түзету-дамыту іс-шараларын және шығармашылық ойлауын дамыту сабақтарын ұйымдастыру.
Балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыатастыруға арналған ойын коррекцияларын ұйымдастыру. Үлкен ізденістер кезінде балаларды сауықтыру ойындарын жүргізу.
Орта сынып оқушыларының жеке тұлғалық жағымсыз мінез көрсеткіштерін өңдеу-түзеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Талапкерлерге арналған өзін-өзі психологиялық талдау мектебін ұйымдастыру. Оқушылар көмегімен психология апталығын өткізу.
Жоғары сынып оқушыларына арналған психологиялық кеңес беру орталығы жұмысын ұйымдастыру.
Мектеп бітірушілердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға арналған тренинг және түзету іс-шаралары мен ойындар ұйымдастыру. Проблемасы бар балалармен жеке жұмыстар жүргізу. Сұраныс бойынша мінез-құлқы қиын балаларға арналған жаттығулар ұйымдастыру. Психологиялық түзету – дамыту жұмыстарын және тренингтер жүргізу.
3 бағыт. Кеңес беру жұмысы.
Баланы мектепке даярлау барысында отбасы мен мектептің бірлескен жұмыстары туралы ата-аналарға кеңес беру.
Ата-аналарға арналған психологиялық Кеңес пункті жұмысын ұйымдастыру. Ата-аналарды психодиагностикалық зерттеу нәтижелері мен таныстыру. Психокоррекция және арнайы дамыту жұмыстарды талап ететін балалармен жүргізілетін іс-шаралар бағдарламасымен таныстыру.
Ата-аналардың психологиялық білімін жетілдіру үшін оларға арналған лекциялар және басқа арнайы сабақтар жүргізу. Ата-аналар мен олардың балалары арасындағы түсініспеушіліктер туралы кеңес ұйымдастыру. Проблемасы бар отбасына психологиялық көмек көрсету.
Орта буын оқушыларында кездесетін ерекшеліктер туралы олардың ата-аналарымен әңгімелесу. Психологиялық білімді насихаттау жұмысын жүргізу.
Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдау проблемасы туралы кеңес беру. Болашақ отбасы өміріне дайындау және жыныстық тәрбие мәселелері бойынша кеңес беру. Оқушылар алдында тұрған проблемалары бойынша топтық және жеке-дара кеңес беру.

  1. бағыт. Ғылыми-әдістемелік жұмыс.

Оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу жолдары және оны қалыптастырудағы мұғалімнің орны, әдістемелік семинар ұйымдастыру. Семинарлар тақырыптары;
- Жеке тұлға дамуындағы кездесетін ауытқулар және олардың пайда болу себептері.
- Шығармашылық қабілеттілікті тәрбиелеу.
- Түзету – дамыту жұмыстарын ұйымдастыру мақсаты мен міндеттері.
Сұраныстар бойынша анықталған мәселелер.
- Ата-аналардың психологиялық – педагогикалық
- Білімін жетілдіру іс-шараларын ұйымдастыру.
- Ата-аналар жиналыстарына баяндамалар даярлау, әртүрлі саладан мамандар шығару.
5 бағыты. Әлеуметтік-диспетчерлік қызметі
Дамуында патологиялық ауытқуы бар балаларды дәрігер мамандарға көрстеу, олардың құжаттарын медициналық-психологиялық комиссияға дайындау.
Медициналық – психологиялық комиссияның шешімі бойынша психологиялық дамуында патологиясы бар баланы арнайы мектепке орналастыру т.б. қажеттілікке байланысты көмек көрстеу.
Осы аталған бағыттар бойынша психологиялық қызметті ұйымдастыру барысында балалардың таным процестерін және жекелік психикалық қасиеттерін зерттеп, нәтижелерін нормадағы көрсеткіштер мен салыстырып, ауытқуы бар, немесе кейбір көрсеткіштері нормадан төмен болса олармен психокоррекциялық түзету-дамыту жұмыстары жүргізіледі [28].

Қорытынды


Біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасыр - ғылым мен технология қарымтап дамыған ғасыр. Ақпараттандыру, жаһандық және интеграция ғасырында жаңа дүние үшін күрес жолында адамзат баласына білім беру бірінші кезекке қойылатыны сөзсіз.
Егеменді Қазақстанның өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы деңгейінде ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, құзыреттілігін арттыру қажеттілігі бүгінгі таңда туындап отыр. Еліміз әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталуда. Бұл білім беру үрдісі мен педагогика теориясындағы өзгерістерге байланысты болып отыр, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы 29 қантардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Жолдауында сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс, - деп атап көрсетті.
Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келеді. Бұл істі жүзеге асыру процесі әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырады. Өйткені мемлекет қажеттігінің орындалуы оның экономикалық күш-қуаты мен саясатына тәуелді екендігі белгілі. Олай болса тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттілікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау болып табылады.
Жалпы азаматтық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты - әрбір тұлғаны жан-жақты және жарасымды етіп тәрбиелеу. Адам – жер бетіндегі тірі организмнің жоғарғы сатысы, қоғамдық-тарихи іс-әрекетімен мәдениет субъектісі, басқаша айтқанда іс-әрекеті мен қарым-қатынас иесі.
Адам іс-әрекеті, сезімі мен ойлау ерекшеліктері оның өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайларына тәуелді болады.
Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді. Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиенің басты міндеттері – теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу, мектеп жасына дейінгілерді еңбек тәрбиесіне баулу, оларды экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу. Олай болса, әрбір азамат тәрбиеге тікелей қатысы бар адамдар, ұйымдар мен мекемелер тәрбиенің мәніне, міндеттері мен мақсатын жете түсінуі қажет. Ал, тәрбиенің басты мақсаттары: а) жастардың дүниеге ғылыми-материалистік көзқарасын қалыптастыру; ә) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан-жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу. Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер-қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Сондықтан, бүгінгі таңдағы білім беру ұйымының барлық субъектілері жағымды белсенді әлеуметтік өзара әсерге, демеу көрсетуге, ынтымақтастыққа, шыдамдылыққа, мейірімділікке, қайырымдылық пен өзіне деген сенімділікке бағытталған, тұлғаны қалыптастыратын жағдайларды жасау маңыздылығын қайтадан ұғынулары керек. Осыған байланысты білім беру ұйымдарына, бала тұлғасының даму заңдылықтарын білетін, өзін-өзі қадірлеу және тәртіптілік қалай дамитынын, құндылық мәдениет қалай қалыптасатынын, балалар тобында жағымды ахуал мен ұйымшылдық қандай жағдайда пайда болатыны туралы түсініктері бар мамандар қажет. Бұл білім беру жүйесінің барлық сатыларында арнайы психологиялық қызметті жасауды ұсынады.
Психологиялық қызмет көрсету жұмысын білім беру саласында ұйымдастырудың өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар. Мектеп психологы осы ерекшеліктерді ескере отырып оқушыларға, олардың ата-аналарына педагогтарға көмек көрсету-негізгі мақсаты болып анықталады. Осы мақсатқа сүйене отырып мектеп психолог жұмысының мазмұнын анықтап алу қажет. Көптеген арнайы жүргізілген зерттеулер қорытындыларымен танысу (Битянова, Дубровина, Прихожан Нұрмұханбетова т.б. ғалымдар еңбектерімен танысу), әдістемелік құралдар және мектептерде қызмет атқарып жүрген озық тәжірибелі психологтар жұмыстарымен танысу нәтижесінде мектеп психологы қызметінің мазмұнын келесі бағыттарда ұйымдастырған тиімді болады деп қорытындылады:

  • психодиагностикалық жұмыс;

  • психопрафилактикалық қызмет;

  • психологиялық кеңс беру және психокоррекция ұйымдастыру;

  • педагогтардың психологиялық білімін жетілдіру;

  • ата-аналар арасында психологиялық білімді насихаттау.

Психолог қызметінің барлық салаларына негіз болатын мәліметтер психодиагностикалық зерттеу барысында жиналады. Психолог барлық оқушылардың жекелік психикалық қасиеттері мен таным процестерін толық зерттеп, жиналған материалдарды жүйелі түрде талдап отыруы барлық басқа саладағы жұмыстың сапалы жүруіне кепілдік болады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі



  1. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., 2001. 88 б.

  2. Алдамұратов Ә. Жалпы психолгия. Алматы, 1996. 123б.

  3. Анциферова Л.Н. Психология формирования и развития личности. М., 1981. 48 б.

  4. Битянова М.Р. Практическая психология. М., 1997. 67 б.

  5. Бап-баба С. Жантану негіздері. Алматы, 1998. 231 б.

  6. Бабасов Е.М. Конфликтология. Минск, 2000. 58 б.

  7. Бэрон Р,. Ричардсон Д.Агрессия. С-Пб,. 1998. 38-46 б.

  8. Бютнер К.Жизнь с агрессивными детьями. М., 1991. 165 б.

  9. Бернштейн К.А. Очерки по физиологии движений и физиологии активности. М., 1996. 49 б.

  10. Валлон А. Психологические развитие ребенка. М., 1967. 68 б.

  11. Возрастная и педагогическая психология. Под ред. М.В.Гомезо и др. М., 1984. 53 б.

  12. Выготоский Л.С.Собрание сочинений в 6 томах. М., 1982. 167 б.

  13. Грановская Р.М.Элементы практической психологий. М., 1997. 135 б.

  14. Диагностика готовности детей к обучению в школе – анализ поведения. М., 1993. 231 б.

  15. Дьяченко О.М. Об основных направлениях развития воображения у детей. Ж.»Вопросы психологии», 1988, №16. 67 б.

  16. Добсон Дж. Непослушный ребенок. Под ред. Н.Коршуновой. М., 1992. 74 б.

  17. Донченко Е.А., Титаренко Т.М. Личность: конфликт, гармония. Киев, 1989. 93 б.

  18. Дружинин В.В. и др. Введение в теорию конфликта. М., 1989. 69 б.

  19. Драгунова Т.В. Проблема конфликта в подростковом возрасте. М.«Вопросы психологии», 1972, №2. 72 б.

  20. Дубровина И.В. Настольная книга школьного психолога. М., 1996.70 б.

  21. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. Алматы, 2004. 93б.

  22. Золотнякова А.С. Проблемы психологии общения (социальный и личностные типы общения, их профессиональные, познавательные и генетические аспектуры). Ростов – на – Дону, 1976. 134 б.

  23. Зейгарник Б.В. Патопсихология. М., 2000. 68 б.

  24. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, 1970. 73 б.

  25. Квимен В. Прикладная психология. С-Пб., 2001. 65 б.

  26. Кле М.Психология подростка: Психосексуальное развитие. М., 1991. 81 б.

  27. Козлов Н.И. Как относиться к себе и людям или практическая психология на каждый день. М., 1998.

  28. Кон И.С. Психология ранней юности. Книга для учителя. М., 1989. 51 б.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет