Жалпы мәдениеттің дамуына ислам дінінің әсері көп екені сөзсіз. Мұсылман Ренессансы дәуірінде білім мен өнердің гүлденуі болды(IX-XII ғғ.)



Дата27.11.2022
өлшемі15,2 Kb.
#53090

Алғашқы ислам миссионерлерінің пайда болуы 751 жылғы Талас шайқасының оқиғаларына байланысты болды, сол кезде Жібек жолының оңтүстік бағыты бойымен жылжып келе жатқан Араб мұсылмандары мен Тан империясының әскерлері арасындағы шайқаста түріктер арабтар жағында шайқасқа түсіп, қытайларды жеңген болатын. Осылайша мұсылмандар көптеген керуен жолдары тоғысатын Мәуераннахрға қоныстанды. Басында ислам қазіргі Қазақстанның оңтүстік отырықшы аудандарына енген және де Қараханидтер әулетінің билігі кезінде (999-1212) ислам діні мемлекеттік дін мәртебесіне ие болды.
Жалпы мәдениеттің дамуына ислам дінінің әсері көп екені сөзсіз. Мұсылман Ренессансы дәуірінде білім мен өнердің гүлденуі болды(IX-XII ғғ.). Мұсылман ғалымдары алгебра, тригонометрия, физика, астрономия және басқа да ғылыми пәндердің дамуына үлкен үлес қосты. Дәлірек айтсақ, олар астрономия ілімінде ең жоғары жетістіктерге жеткен болатын. Мысалы, Меккеге бағытты дәл анықтау, ай күнтізбесіне байланысты есептеулер жүргізу және т.б. Сонымен қатар, Ортағасырдағы мұсылмандық медицинаның деңгейі Еуропадан едәуір алда болды. Араб медицинасының жетістіктері атақты Әбу Әли ибн Синаның (Авиценна) «Дәрігерлік ғылымның каноны» еңбегінде жинақталған. Ғылым мен философияның ең танымал өкілдері-ұлы ойшылдар Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари және Мұхаммед Хайдар Дулати болды.
18-19 ғасырларда Ресей империясына қосылған қазақ исламының шешуші факторы – Ресейдің исламға деген қатынасы болды. Отаршылдықтың алғашқы жылдарында Ресей үкіметі халық арасында христиан дінін тарата бастады, алайда бұдан нәтижеге болмағаннан кейін, татар молдалары мен орыс дінбасыларын енгізіп, бақылау арқылы ислам дінін таратуға көшкен болатын. Осы кезеңде орыстарды Қазақстанның солтүстігіне күштеп қоныстандыру саясаты болды. Осыдан кейін ислам ұстанымдары біртіндеп әлсірей бастаған болатын. Патша үкіметінің саясатына қарсы болған қазақтың ұлы ғалымы Ш.Ш. Уәлиханов өзінің «Даладағы мұсылмандық туралы» мақаласында: "Молда атағына, егер халық тарапынан бұл туралы шұғыл өтініш болса, тек байырғы қырғыздарды немесе қырғыз қожаларын бекіту керек» деп жазған.
Бүгінде республика аумағында ислам дінінің дамуына барлық мүмкіншіліктер қарастырылған десек, артық айтпаймыз. Қазақстан қазіргі кезде көптеген мұсылман мемлекеттерімен саяси-экономикалық, мәдени қарым-қатынастар орнатып, әлемдік беделі бар ислам ұйымдардың белді мүшелерінің біріне айналды. Бірақ, жалпы жағдай осылай десек те, республика аумағында исламның дамуымен діндар мұсылмандардың санының өсуі, соның ішінде жастардың дінге бет бұруы біршама мәселелердің пайда болуына алып келді. Атап айтқанда, діндар жамағаттың біразы теріс діни жолға түсіп, зайырлы мемлекеттің талаптарын мойындағысы келмейді. Осы жағдайлар діннің әлеуметтік маңызына қатысты көзқарастарды қайтадан қарастыруға алып келген болатын.
Республика аумағындағы діни ахуал тұрақсыз сипат алды, яғни кері ағымдар, ұйымдардың халық арасында радикалды идеология таратып, қарапайым адамдарды адастырып, теріс әрекеттерге итермеледі. Осындай радикалды ағымдар қатарында «салафиттер», кейде «уахаббистер» деп аталатын топтар өздерінің көзқарастарымен ерекше көзге түскен болатын. Олардың қатарында діннен білімі жоқ немесе теріс пиғылды «ұстаздарының» айтқандарына еріп, «бүгін және қазір», «қасиетті амалдар» жолында жандарын қиюға дайын болды.
Ислам дініне қатысты бұл мәселе Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» атты Жолдауында басты орын алды. Онда Елбасымыз, бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәс­лесі өткір тұрғандығын атап өтіп, жастарымыздың кейбірі олардың көзқарасын қабылдап отыр. Бұл – жастарға тән кері ағымдар идеологи­сына қарсы тұратын иммунитеттің жоқтығынан деп атап көрсетті. Ол үшін біз

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет