2. Кеңес дәуірінде Қазақстан ғылымының қалыптасуы мен дамуы



бет1/3
Дата24.04.2023
өлшемі39,07 Kb.
#85999
  1   2   3

Ежелгі дәуірдегі қазақ халқының ағартушылығы мен ғылыми ойы, мәдениет тарихы өзінің түп – тамырын сонау ежелгі заманнан алған. Қазақстан ғылымының бастауында Әбу Насыр әл-Фараби, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қадырғали Жалайыри, Ахмет Яссауи, Мұхаммед Хайдар Дулати және т.б. әлемдік деңгейдегі көрнекті ойшылдар тұрған.


Мұражайдағы жеке экспозиция XVIII-XIX ғғ. Қазақстан ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан Қазақстан мен Орта Азияны зерттеген ірі орыс ғалымдарына арналған. Н.Бичурин, Г.Спасский, А.Левшин, В.Вельяминов-Зернов, В.Григорьев сияқты тарихшылардың еңбектерінде қазақ халқының тарихы мен мәдениеті жөнінде құнды материалдар жинақталған. Орыс географиялық қоғамы (ОГҚ) Қазақстанды географиялық, жаратылыс-тарихи және этнографиялық тұрғыда зерттеді.
ХIХ ғасырдың орта шенінен бастап Қазақстан ғылымының дамуына қазақтың ұлы ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин және А.Құнанбаев үлкен үлес қосты.
2. Кеңес дәуірінде Қазақстан ғылымының қалыптасуы мен дамуы.
Экспозиция XX ғ. 20-шы жылдарынан бастап Қазақстан ғылымының қалыптасуы мен дамуына арналған. Онда КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы, КСРО ҒА Қазақ филиалының қалыптасуы мен дамуы, ҚазКСР Ғылым академиясының құрылу тарихтары және оның 4 бөлімшесінің қызметі көрсетілген.
Жеке витрина Қазақ КСР ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа арналған. Мұражай экспозициясында Қ.Сәтбаевтың негізгі еңбектері қойылған, оның ішінде 1967-1970 жж. жарық көрген бес томдық «Таңдамалы еңбектері», 1924 жылы шыққан қазақ мектептеріне арналған «Алгебра» оқулығы бар.
3. Тәуелсіз Қазақстан ғылымы.
Мұражайда Қазақ ССР Ғылым академиясы мен ҚР Ұлттық ғылым Академисы тұсында құрылған ғылыми-зерттеу институттарының тарихын зерттеу бойынша жұмыстар жүргізілді, онда қырықтан астам ҒЗИ мен ҚР жетекші ЖОО-ның ғылыми қызметтері көрсетілген. Экспозицияда қазіргі Қазақстан ғылымынң дамуына ерекше үлес қосқан еліміздің көрнекті ғалымдарының ғылыми еңбектері мен жетістіктері көрсетілген.
Мұражайға келушілер қауіпсіздік мақсатында:

  1. Мұражайға кіре берісте төтенше жағдайлар кезінде эвакуациялау схемасымен танысыңыз. Төтенше жағдайда мұражайдан ең жақын шығу арқылы дереу шығыңыз.

  2. Баспалдақтарды пайдаланған кезде ұстағышқа ұстаңыз, ұстағышқа ілулі болмаңыз, кішкентай балаларды қолыңызбен немесе қолыңызбен ұстаңыз, олардың баспалдақтағы әрекеттерін бақылаңыз.

  3. Түтін немесе өрт туындаған немесе келушілердің немесе Музейдің қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін жағдайлар туындаған жағдайда, бұл туралы Музей қызметкерлеріне дереу хабарлаңыз.

  4. Егер күдікті заттар, сәлемдемелер, сөмкелер және басқа заттар мұражай ғимаратында қалдырылған болса, келушілер бұл туралы мұражай қызметкерлеріне немесе басқа қызметкерлерге дереу хабарлауы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет