Жануар физол


 Малдың түрлі жасанды жағдайларға бейімделуі



Pdf көрінісі
бет494/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   490   491   492   493   494   495   496   497   ...   504
22.4. Малдың түрлі жасанды жағдайларға бейімделуі 

 

Жасанды 



микроклимат 

жағдайында 

жануарларда 

қалыпты 


физиологиялық  күй  сақталады,  бірақ  тыныс  жиілігі,  жүрек  жұмысы,  дене 

температурасы,  қан  қысымының  көрсеткіштері  ең  жоғарғы  деңгейде 

қалыптасуы  мүмкін.  Мол  өнімді  сиырларда  зат  алмасу  процесінің 

ауытқулары  байқалады.  Қыс  -  көктем  маусымдарында  сиыр  организмінде 

сілтілік  қор  азайып,  ацидоз  құбылысы  байқалады,  қан  құрамында  кальций 

мөлшері  төмендеп,  фосфор  мөлшері  жоғарылайды.  Рационға  жазғы  балауса 

азық араласқаннан кейін жоғарыда аталған ауытқулар қалпына келеді. 

Малды  тар  қораға  қамаған  жағдайда  олардың  тіршілігіне  қажетті 

физиологиялық  қимыл  белсенділігі  шектеледі.  Гиподинамия  жəне  шектен 

артық  азықтандыру  нəтижесінде  сиырлар  семіріп,  кетоз  ауыруына 

ұшырайды,  малдың  қысыр  қалуы  ықтимал.  Бұл  ауытқулар  физиологиялық 

адаптацияның қалыптаспауының салдарынан туындайды. 

Организмнің қалыпты физиологиялық функциялары сақталып, зат алмасу 

процесі бұзылмас үшін мал қораларында белгілі микроклимат қалыптастыру 

керек.  Сиыр  қорада  қыста  ауа  температурасы  5–6

°

С,  жазда  –  25



°

С, 


ылғалдылығы  –  70–85%,  көміртегі  қостотығының  мөлшері  0,25  көлем 

пайыздан, аммиак мөлшері – 0,01–0,02 мл/л, күкіртті сутегі мөлшері – 0,005–

0,1  мг/л-ден  аспау  керек.  Сонымен  қатар  сауын  жəне  буаз  сиырларды 

күнделікті  серуенге  шығарып,  малға  кемінде  3–5  км  жер  жүруге  мүмкіндік 

туғызған жөн. 

Бейімделу  процесін  қамтамасыз  етуде  маңызды  рөл  атқаратын 

гипоталамус-  гипофиз-  бүйрек  үсті  без  жүйесінің  функционалдық  күйіне 



 

675


сиырды  сауу  жиілігін  өзгерту,  немесе қолмен саууды машинамен саууға 

алмастыру  да  үлкен  əсер  етеді.  Сауу  жиілігі  жəне    сауу    əдісі    өзгергеннен 

кейін    алғашқы    күндері    қан  құрамында  кортикостериодтар  көбейіп,    олар 

едəуір  мөлшерде  зəр  құрамында  бөлінеді.  Машинамен  сауу  тəсіліне  мал  өз 

организмінің  ерекшеліктеріне,  өнімділігіне  сəйкес  10–15  тəулік  ішінде 

бейімделіп  үлгереді.  Бейімделу  процесі  жылдамырақ  жүру  үшін  малдың 

күтіп-бағылымын,  азықтандырылу  деңгейін  жақсартып,  машинамен  сауу 

технологаясын қатал сақтау керек. Бұл талаптарды əсіресе тұмса малды сауу 

процесіне  үйрету  кезінде  мұқият  сақтаған  жөн.    Малдың  бұл  тобы  үшін 

табынның  өзгеруі,  сауу  процесі,  механикалық  қондырғылар  шуылы 

бейімделуді қажет ететін күшті тітіркендіргіш болып табылады. Сақа сауын 

сиырлар  жүрегінің  сол  жақ  қарыншасы  үлкейіп,  толғау  (пульсация)  ырғағы 

тым  жиі  болған  жағдайда  экстросистолия  байқалды.  Бұл  құбылыс  толғау 

аппаратының  жұмыс    ырғағы    жүрек  жұмысының    ырғағынан    жиі    болған 

жағдайда байқалады. Аппарат ырғағы жүректің жұмыс ырғағынан төмен   не   

оған   сəйкес   болған   жағдайда   жүрек   соғысында ауытқулар сезілмейді.  

Осымен  байланысты    толғау    аппаратының  жұмыс  ырғағы  жүрек 

жұмысының  ырғағына  сəйкес,  не  одан  10–11  пайызға  төмен  болғаны  жөн  

(А.Н.Голиков). 

Сонымен,  əртүрлі  жасанды  жағдайларға  бейімделу  процесі  дұрыс  жүру 

үшін  малды  күтіп-бағу,  азықтандыру,  қора-жай  микроклиматтарының 

организмнің функционалдық жүйелеріне əсерін тиімді пайдаланған орынды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   490   491   492   493   494   495   496   497   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет