Жануар физол



Pdf көрінісі
бет56/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   504
Қозуды  өткізгштік.  Қозу  толқыны  Кис-Фляк  түйініндегі  ерекше  ет 

торшалары  -  пейсмекерлерде  пайда  болады  да,  əрекет  потенциалы  жүрекше 

еттеріне 

электрлік 

жолмен 

тарап, 


Ашофф-Тавар  

түйініне  жетеді.  Одан  əрі  қозу  толқыны  Гис  шоғыры  арқылы  

қарыншаларға əлсіремей (декрементсіз) жайыла тарайды.   

Қозу  толқынының  таралу  жылдамдығы  жүректің  əр  түрлі  бөліктерінде 

бірдей емес. Жылы қанды жануарлардың жүрекшелерінің қабырғасымен  ол 

секундына  0,8-1  м,  қарыншалар  миокардында  -  0,8-0,9,  ал  қарыншалардың 

өткізгіш  жүйесінде  2-4,2  м  жылдамдықпен  тарайды  (қаңқа  еттерінде  бұл 

көрсеткіш  секундына  4,7-5  м).  Жүрекшелердің  ет  талшықтарынан  Ашофф-

Тавар  түйінінің  торшаларына  өтерде  қозудың  таралу  жылдамдығы 

секундына 0,02- 0,05 метрге дейін баяулайды. Осының арқасында қарынша 

еттері  жүрекше  еттерінен  кешірек  қозады  да,  жүрек  бөлімдерінің  жұмысы  

үйлесімді  түрде  атқарылады.  Дұрыс  жұмыс  істеп  тұрған  жүректе 

қарыншадағы қозу процесі жүрекшелерден 0,12-0,18 с. кеш басталады. 

Жүректің  өткізгіш  жүйесінің  қызметі  бұзылса  жүрек  шектеуі  (блокада) 

байқалады. Шектеу сипатына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Кис-Фляк 

түйінінен  жүрекшелерге  қозудың  таралуы  бұзылса,  оны  синоатриальдық 



шектеу деп атайды. Бұл жағдайда жүрек тынымы ұзарады, жүрекшелер мен 

қарыншалардың  жекеленген  жиырылулары  туындамай  қалады,  Кис-Фляк 

түйінінде пайда болған қозу импульсі жүрекке таралмайды. 

Қозу  толқынының  жүрекшеден  қарыншаға  өтуі  бұзылса,  жүрекше-



қарыншалық шектеу байқалады. Бұл жағдайда шектеу не жүрекшелердің, не 

Ашофф-Тавар  түйінінің,  не  Гис  шоғырының  өткізгіштігінің  бұзылуына 




 

81

байланысты туындайды. Шектеудің бұл түрі үш деңгейде байқалуы мүмкін. 



Бірінші 

деңгейлі 

жүрекше-қарыншалық 

шектеуде 

жүрекшелерден 

қарыншаларға  қозу  толқынының  өту  жылдамдығы  баяулайды,  бірақ 

қарыншалардың  жұмыс  ырғағы  бұзылмайды.  Екінші  деңгейлі  шектеуде 

қарыншалардың  жекелеген  жиырылулары  туындамай  қалады,  ал  үшінші 

деңгейлі  толық  көлденең  шектеуде  қарыншалар  2-  не  3-дəрежелі 

автоматизм  орталықтарының  əсерімен  жұмыс  істейді  де,  жүрекшелер  мен 

қарыншалар  қызметіндегі  үйлесімдік  бұзылады.  Жүрек  блокадаларын 

электрокардиография арқылы анықтайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет