Жаратылыстану ғылымдары



Дата14.10.2023
өлшемі4,26 Mb.
#114091

ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТЕЛЕКТ
КАФЕДРА:"ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ "
ТОП:ГЕО-23-1
ОРЫНДАҒАНДАР:ТОКЕНОВА БАНУ
ЧОВДЫРБАЙ ВЕНЕРА
АМАНҚОС АМАЛХАН
АБДЫКАМАТ АЙГЕРІМ
ДЖАДИР БЕРІК
ЧЕМЧЕДИНОВА АЯУЛЫМ
ҚАБЫЛДАҒАН:ФИРУЗА ЕСЕНГАЛИЕВНА
ЖОСПАР
01
02
03
04
ИНТЕЛЕКТ
ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТЕЛЛЕКТ
СТЕРСС
ҚОРЫТЫНДЫ
ИНТЕЛЛЕКТ
Интеллект дегеніміз – адамның танымдық, ойлау қабілеттерін біріктіретін, сипаттайтын қабілеттердің жиынтығы: тану, ойлау, сезу, жад, есте сақтау, қиялдау, суреттеу, кескіндеу, елестету. Заманауи ұғыммен қарасақ, интеллекті деген – адамның мәселені шеше алуы, қоршаған ортаны тануы және сол танығанын іске асыра алуы. .
    • Интеллектінің деңгейі белгілі бір міндетті шешу кезінде байқалады. Мәселен, өмір сүруге талпыну мен тірі қалуға деген ұмтылыс – адамзаттың өмір сүруге деген инстинкті десек, интеллектінің де деңгейі осы міндетті қаншалық шеше алатынымен өлшенеді
    • Психологтардың айтуынша, адамның танымы мен ақыл-ойы екі басты бағытқа бөлінеді: бірі – пайым мен парасат, идея мен ақыл-ойға жауап беретін интеллект болса, екіншісі – сезім мен эмоцияға негізделген интеллект. Қарапайым тілмен айтқанда, бірі логикалық интеллект болса, екіншісі – эмоционалды интеллект.

ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТЕЛЛЕКТ
Эмоционалды интеллект (EQ) дегеніміз – адамның өзінің эмоциясы мен басқа адамдардың эмоциясын тани және бақылай алуы, оларды ажырата білуі және соны өзінің ойлануы мен іс-әрекетіне қолдануы. EQ екі қабаттан тұрады: біріншісі – адамның өз сезімін тануы, екіншісі – өзге адамдардың сезімі мен эмоциясын тани алуы.
Эмоционалды интеллект ұғымын алғаш қалыптастырған – АҚШ журналисі Дэниел Гоулман еді. 90-жылдары «Эмоционалды интеллект: IQ-дан да маңызды» атты кітабы жарыққа шығып, нағыз психологиялық бестселлерге айналады. Содан бастап бүкіл әлемнің назары EQ-ға ауады
    • Эмоционалды интеллектісі жоғары адамның белгісі

    • Эмоционалды интеллектісі жоғары адамдар өте позитивті, жағымды ойға берілгіш келеді. Ісі ойлағандай, жоспарлағанындай болмай жатса да, қамықпайды. Керісінше, одан сабақ пен тәжірибе алуға, қорытынды шығаруға тырысады. Мұндай жағдайда мотивация адамды жетістікке жетуге ұмтылдырып, өзін-өзі реттеуге көмектеседі, соның арқасында сәтсіздіктен, шектеу мен депрессиядан босауына ықпал етеді.
      Мұндай адам өзіне не керегін жақсы біледі және өзінің сезімі мен ойын айтудан қорықпайды, жасқанбайды. Қай кезде де айтуға әзір. «Менің ойымша, меніңше…» деп оқиғаға, жағдайға қатынасын, пікірін бірден білдіреді. Әрі мұндай адам өзінің жасаған ісі мен айтқан сөзіне өкінбейді, соған бола күйзеліске ұшырау деген жоқ.

СТРЕСС
Мазасыз күй, стресс (ағылш. stress) - қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі. Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы.
СЫРТҚЫ СЕБЕП
Жаңа қалаға(мектепке)көшу.
Жұмыс орнын ауыстыру
Ажырасу.
Ақшалай мәселелер.
СЫРТҚЫ СЕБЕП
Жеке басына топтық қысым көрсету,қуғындау.
Жақын адамнан айырылу.
Қоршаған орта әсері.
СТРЕССТІҢ СЕБЕПТЕРІ-СТЕРССОРЛАР
ІШКІ СЕБЕП
Мақсатсыз өмір.
Өзіндік бағасының төмендегі.
Жағдайды бағалай алмауы.
Әртүрлі аурулар
Канадалық эндокринолог- дәрігер
«Стресс» атауын медицинаға ол алғаш ХХ ғ. 60-шы жылдары енгізді
Ол бейімделістің жалпы синдромы деген ұғымды енгізді
ГАНС СЕЛЬЕ
Ганс Селье
СТРЕССТІ ЖЕҢУГЕ КЕҢЕСТЕР
Өміріңізді жоспарлап уйреніңіз. Жұмыстар қарбалас болмас үшін, әр күніді жоспарлап, сол жұмыстарды орындап отыруға тырысу керек. Сонда үлгермей қалудан болатын қолбалжулар болмайды.
Қарым-қатынастың маңызын кемсітпеңіз. Ешқашан жалғыздықта қиналмаңыз. Өйткені жалғыздық стресс жағдайында туындайтын көптеген негативті сезімдерді өршітуі мүмкін, сондықтан жақындар мен достардың жаныңызда болуы өте қажет.
Тыңдап үйреніңіз. Басқа адамның ойын бірден түсіндім деп, сенімді болмаңыз, мұқият тыңдап, ойланып көріңіз. Бұл көптеген күйзелістер мен конфликтілердің алдын алуға көмегін тигізеді.
Стресс туғызатын жағдайды шешуге қадамдар жасаңыз. Мысалға, егер сізге жұмыста болған келіспеушіліктер үлкен күйзелістер әкелсе, онда ол жан-жалды конструктивті шешуге тырысыңыз.
ҚОРЫТЫНДЫ
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет