Эссе Тақырыбы: заманауи цифрлық технологияның биология ғылымы үшін маңызы



Дата12.05.2023
өлшемі143,06 Kb.
#91931




Эссе

Тақырыбы: заманауи цифрлық технологияның биология ғылымы үшін маңызы

Орындаған:Сулеймен Мөлдір
Қабылдаған:Кулбекова. А
Білім беру жүйесіндегі Цифрлы Қазақстан: мәселелер, даму болашағы қандай деген сұраққа келсек, адамзат тарихы түрлі даму сатыларынан өтіп бүгінгі күнге жетті. Мысалға алатын болсақ сонау палеолиттен қола, темір дәуіреріне жетіп қазіргі таңда өркендеген жаңа өндірістік төңкеріс дәуірінде өмір сүреміз. Жан-жағымызға қарасақ бірінен-бірі асып түсуге ұмтылған елдерді көреміз, цифрлы технологиялар әлемінде күнделікті сұраныста болмасаң дамыған елдер көлеңкесінде қалатының анық, сондықтан бәсекелестік бүгінгі күннің негізгі мәселесіне айналды[2, 33б].
Бәсекелестік тек өзге елдерде қалыптасқан үдеріс емес, қазіргі таңда Қазақстанда да белең алып қалыптасқан. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғанан бері 1991 жылдан 2018 жылға дейін тұп-тура 27 жыл өтті. Осындай аз уақытқа қарамастан еліміз дамыған 50 елдің қатарына еніп, ендігі кезекте дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат етіп отыр. Мақсатқа жету жолында елбасымыз жыл сайын көгілдір экран алдында жолдау жолдаса, ал газет-журнал беттеріндегі мақалаларында елімізге мақсатқа жету жолындағы бағыттарымызды айқындап береді. Елбасымыз ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы 1-бөлімінде негізгі 6 бағытты ұсынады. Оның ішінде ең негізгі бағытбәсекелестік. Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алатыны баршамызға мәлім. Елбасымыз «Бәсекелік қабілет дегеніміз ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.»дегендей, болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында[3,102б].
Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамын жейміз.
Бағдарламаны іске асырудың бес негізгі бағыты:

  1. «Экономика салаларын цифрландыру» - еңбек өнімділігін арттыруға және капиталдандырудың өсуіне алып келетін озық технологиялар мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы экономикасының дәстүрлі салаларын түрлендіру бағыты.

  2. «Цифрлық мемлекетке көшу» қажеттіліктерін күні бұрын біліп халық пен бизнеске қызмет көрсету инфрақұрылымы ретінде мемлекеттің функцияларын түрлендіру бағыты.

  3. «Цифрлық Жібек жолын іске асыру» ішкі контур үшін де, Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін іске асыру үшін деректерді берудің, сақтаудың және өңдеудің жылдамдығы жоғары және қорғалған инфрақұрылымын дамыту бағыты.

  4. «Адами капиталды дамыту» жаңа жағдайға білім экономикасына көшуді қамтамасыз ету үшін креативті қоғам деп аталатынды құруды қамтитын түрлендіру бағыты.

  5. «Инновациялық экожүйені құру» бизнес, ғылыми сала және мемлекет арасындағы орнықты көлденең байланыстармен технологиялық кәсіпкерлік пен инновацияны дамыту үшін жағдай жасау бағыты. Мемлекет инновацияларды өндіріске шығаруға, бейімдеуге және енгізуге қабілетті экожүйе катализаторы ретінде әрекет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет