Жарық интерференциясы. Карасаева Акмарал Акарыскызы



бет1/3
Дата31.03.2023
өлшемі14,72 Kb.
#77960
  1   2   3

Жарық интерференциясы

Жарық интерференциясы.

Карасаева Акмарал Акарыскызы

87076023154

Жоспар:


  • Жарық табиғаты туралы көзқарастың дамуы.

  • Жарық толқындарының когеренттілігі мен монохроматтылығы.

  • Жарықтың интерференциясы.

  • Жарық интерференциясын бақылау тәсілдері.

  • Екі жарық көзінен пайда болған интерференциялық көріністі есептеу.

  • Жұқа қабыршақтардағы жарық интерференциясы.

  • Ньютон сақиналары

  • Жарық интерференциясын қолдану.

XVII ғасырдың аяқ кезінде жарықтың табиғаты туралы екі түрлі ғылыми түсінік болды. Олардың біреуі — жарықтың толқындық теориясы да, екіншісі жарықтың корпускулалық теориясы.

XVII ғасырдың аяқ кезінде жарықтың табиғаты туралы екі түрлі ғылыми түсінік болды. Олардың біреуі — жарықтың толқындық теориясы да, екіншісі жарықтың корпускулалық теориясы.

Жарықтың толқындық теориясы Гюйгенс приципіне негізделген. Ол былай тұжырымдалады: толқын таралғанда жететін нүкте келесі (екінші ретті) толқындардың көзі болады. Ал осы толқындардың таралғанда пайда болатын беті толқындық фронт деп аталады.

Гюйгенс принципін пайдалана отырып, жарықтың шағылу және сыну заңдары қорытып шығаруға болады.


  • Айталық, екі ортаның бөліну шегарасына I бойымен бағытталған жазық толқын түссін (АВ – жазық толқын). (t - уақытында) жарық фронты ВС қашықтығын жүрсе, екінші ретті толқындардың фронты А нүктесінен АD қашықтығын жүреді. Жарық шағылғанда: сәйкесінше

  • Жарық сынғанда: t – уақытында түскен толқынның фронты ВС=v1t жол жүреді, ал сынған толқынның фронты - AD=v2 t.

      Қатынасынан келесі қатынастары шығады:

Жарық толқындарының когеренттілігі мен монохроматтылығы.

Когеренттік (лат. сohaerens – байланыста тұрған) – бір-бірімен қосылған бірнеше тербелмелі не толқынды процестердің уақыт пен кеңістікте үйлесімді өтуі.


Когерентті толқын — егер екі толқынның тербеліс жиілігі мен тұрақты фаза ығысуы бірдей болса, олар когерентті толқындар деп аталады.
Жиілігі белгілі бір мәнге тең және тұрақты болатын толқындар монохромат толқындар деп аталады. Монохромат толқындар – когерентті толқындар болып табылады.

  • Табиғи жарық көздері монохромат жарық шығармайды, сондықтан кез келген бір-бірінен тәуелсіз жарық көздері шығаратын толқындар әрқашан когерентті бола бермейді. Жарық көзінде атомдар жарық шығарады, ал олардың әрқайсысы өте аз ≈10-8с уақыт аралығында жарық шығарады.

  • Тек осы уақыт аралығында ғана атом шығаратын толқындардың амплитудасы мен тербелу фазасы тұрақты болады.

  • Монохромат емес жарық көзін атомдар шығаратын бір - бірін алмастыратын қысқа гормониялық импулсьтердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Осы жиынтық толқындық цуг деп аталады.

  • Бір цугтың орташа жалғасу уақыты когеренттілік уақыты деп аталады

  • Егер толқын бір текті ортада таралатын болса, онда тербелу фазасы кеңістіктің белгілі бір нүктесінде тек когеренттілік уақытында ғана сақталады. Бұл уақыт аралығында толқын вакуумда жол жүреді, осы жүрген жол когеренттілік ұзындығы (немесе цугтың ұзындығы) деп аталады. Сол себепті жарық интерференциясын, пайдаланып отырған жарық көзі үшін, тек когеренттілік ұзындығынан аз оптикалық жол айырымдарда бақылау мүмкін.

.
.


  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет