Жасанды магнит-электромагнит



Дата25.05.2023
өлшемі387,36 Kb.
#97361

Жасанды магнит-электромагнит.
Соленоид

Оқу мақсаты:

  • 10.4.1.4 – жасанды магнитті эксперимент түрінде жинау және оның қолданысын түсіндіру.
  • 10.4.1.5 –соленоидтың магнит өрісіне әрекет ететін факторларды түсіндіру

Оқушы мақсатқа жетеді, егер:

  • Жасанды магниттердің түрлерін білсе;
  • Жасанды магнитті жинап, оның жұмыс принципін және қолданысын дұрыс түсіндіре алса;
  • Токтың бағыты арқылы магнит өрісінің бағытын анықтаса және керісінше;
  • Тогы бар өткізгіштің және соленоидтың магнит өрісін графикалық түрде дұрыс көрсете алса;
  • Электромагниттің магнит өрісін зерттесе.

Соленоид (грек. solen – түтік және грек. іdos – түр) – ток жүретін оқшауланған сымнан оралған цилиндр тәрізді индуктивті орама.

  • Соленоидтың ішкі қуысының орта бөлігінде (ұзындығы Соленоид диаметрінен едәуір үлкен) магнит өрісі соленоид осіне параллель бағытталады және біртекті әрі бұл өрістің кернеулігі ток күшіне және орам санына (жуық шамамен) пропорционал болады.

Катушканың магнит өрісі:

  • Тогы бар катушканың маңайында магнит өрісі болады. Оны түзу токтың магнит өрісі сияқты темір үгінділері арқылы бақылауға болады. Тогы бар катушканың магнит өрісінің сызықтары тұйықталған.
  • Тогы бар катушка техникада магнит ретінде кеңінен қолданылады. Олар магниттік әрекетін едәуір өзгертуге болатындығымен ыңғайлы.

Токтың бағытын өзгертсе не болады ?
Катушканың полюстерінің бағытын қалай анықтауға болады ?

Соленоидтың магнит өрісінің күш сызықтарын анықтау

Оң қол ережесі:

Егер оң қолымыздың алақанымен соленоидты орап, төрт саусақты соленоидтың орамдарындағы токтың бағытымен қойсақ, онда бас бармақ соленоидтағы магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын көрсетеді.


Құралдардың қайсысы жақсырақ? Қай жерде қолдануға болады ? Таңдалған нұсқаны қалай жақсартуға болады ?

Электромагнит

Ағылшын инженері Стёр­джен­ттің ашқан жаңалығы өте қызықты болды. Ол мынандай демонстрация көрсетті: темір өзекшеге катушканы кигізді. Осы катушканың тармақатры арқылы ток өткен кезде магнит өріс өте қатты күшейді және маңайда жатқан барлық темір денелер осы құралға тартыла бастады. Бұл құрал «элек­тро­маг­нит» деген атқа ие болды.

Электромагнит

Элек­тро­маг­ни­т - ішінде темір өзекшесі бар катушка. Элек­тро­маг­нит сұлбада катушка сияқты белгіленеді тек үстінен горизонталь бағытта сызықшасы болады.

Видео роликтер көру Электромагнит https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/magnit-orisi/lesson/otkizgishter-tudyratyn-magnit-orisi Кранның жұмысы


http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/adb76c40-e74d-4a27-ad2e-ac2c5114347d/8_214.swf

Эксперименттік тапсырмаларды орындау (Қалыптастырушы бағалау)

Үйге атпсырма

Презентация. Конспект. Қайталау https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/magnit-orisi/lesson/otkizgishter-tudyratyn-magnit-orisi

Рефлексия



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет