Жақсы ауданы, Беловодское ОМ Жиынтық бағалау тапсырмаларының шешімдері (Мұғалімдерге арналған көмекші құрал)
Физика
7-сынып
Дайындаған: Бекболат Еркегүл
2018ж. Әдістемелік ұсыныста 7-сынып «Физика» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының шешімдері көрсетілген. Бұл жиынтық бағалау тапсырмаларының шешу жолдары 7-сынып білім алушының «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу кезінде мұғалімнің уақытын үнемдеу мақсатында дайындалып құрастырылған.
Әдістемелік ұсыныс негізгі орта білім беру мектебінің физика пәні мұғалімдеріне арналған.
Әдістемелік ұсынысты дайындау барысында 7-сыныптың «Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар» тапсырмалары алынды.
Жақсы ауданы Беловод орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Бекболат Еркегүл құрастырған «Жиынтық бағалаудың шешімдері» атты мұғалімдерге арналған көмекші әдістемелік құралына П І К І Р
Әдістемелік құралда 7-8 сыныптарда физикадан жиынтық бағалау жүргізуге арналған тапсырмалар жинақталған. Тапсырмалар оқу бағдарламасының көлеміне сай және жалпыға білім беру стандарты талаптарының орындалуын көзделіп құралған. Тапсырмалар бөлімдер бойынша белгіленіп, тоқсандарға бөлінілуі қарастырылған. Жиынтық бағалау жүргізу үшін сапалы құрастырылған есептер мен тесттер, сонымен қатар сәйкестендіру амалына, оқушының логикаық ойын дамытуға, практикалық бағыттағы дағдыларын нығайтуға арналған тапсырмалар жоғары деңгейде және сапалы құрылған.
Әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектептерде физика мұғалімдеріне бөлім, тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмыстарын жүргізуге көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Пікір жазған бірінші санатты физика және информатика мұғалімі, білім беру бөлімінің әдіскер-менторы Меруерт Сағдатқызы Тохашева