«Жасыл» экономика туралы жинақ
Комитет по водным рессурсам
Министерство сельского
хозяйства РК
Бұл құжат Еуропалық Одақтың қаржыландыруымен «Жасыл экономика
моделіне өту бойынша Қазақстанды қолдау» атты ЕО/БҰҰДБ/БҰҰ ЕЭК
бірлескен жобасы аясында дайындалған.Құжаттың мазмұны "Жасыл
экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясы" Заңды
тұлғалар бірлестігінің жауапкершілік пəні болып табылады жəне БҰҰ ДБ,
БҰҰ ЕЭК, Еуропалық Одақтың көзқарасы болып табылмайды.
«Жасыл» экономика дегеніміз не?
Қазіргі кезде қоғам «жасыл» экономика сөзінің мəнісін əр түрлі түсінеді.
Бірі бұл елдің табиғатын жақсартатын экономиканың жаңа салалары деп
түсінеді. Басқалары бұл сөзді табиғатқа көмектесуге жəне пайда келтіруге
бағытталған жаңа технологиялар ретіндегі экожүйенің өзіндік түрі деп
есептейді. Үшіншілері, бұл мақсаты экологиялық таза өнімдерді құру
болып табылатын дамудың жаңа кезеңіне ауысу деп есептейді.
Түсінікті анықтаудың барлық осы жолдары сөздің мағынасына өте жақын.
«Жасыл» экономика - бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен
қоғамның əл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану
өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика.
«Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған
(пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға жəне
сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.
Жасыл экономиканың негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар
жатыр. Мамандардың айтуы бойынша «жасыл» экономиканы дамыту,
көптеген постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған
экологиялық дағдарысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |