Жасөспірімдерді мамандық таңдауда психологиялық-педагогикалық СҮйемелдеудің теориялық негіздері орындаған



бет1/3
Дата15.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#93168
  1   2   3
Байланысты:
Хамитова Г. С.мақалaa


ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДА
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
СҮЙЕМЕЛДЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Орындаған: Хамитова Г. С.
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., профессор Баймолдаев Т. М.
Алматы, 2021
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
«Педагогика және психология» институты
Білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттің басты міндеттерінің біріне оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауын психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесін іске асыру мәселесі жатады. Болашақта мемлекетіміздің тұтқасын ұстайтын азаматтардың болашақ мамандығын анықтауға бағыт-бағдар беру – бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында «Білім мен кәсіби іскерлік дағдылар – қазіргі заманғы білім беру мен кадрларды даярлаудың басты бағыты» екендігін айрықша атап өтті.
Жасөспірімдердің кәсіби өзін-өзі анықтауы бойынша жалпы білім беретін мектептерде педагог-психологиялық қолдау жұмыстарының бер не бірнеше рет жүргізілуі кәсіптік бағдар беру үшін жеткіліксіз. Өйткені, қазіргі еңбек нарығында көптеген жаңа мамандықтар бар және жыл сайын бұл тізімдер жаңа мамандықтармен толықтырылады. Алайда, орта мектеп оқушылары қазір бар жаңа мамандықтар туралы және өз қабілеттері мен әлеуетін жақсы біле бермейді. Сондықтан, бүгінгі таңда жасөспірімдер үшін кәсіби өзін-өзі анықтауды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу өте маңызды міндет.
Кіріспе
Мамандық таңдауды психологиялық-педагогикалық қолдау - бұл оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауы үшін психологиялық-педагогикалық жағдайлар жасауға бағытталған педагог-психологтың кәсіби қызметінің құрамдас бөлігі.
М. Р. Битянова мектептегі оқу процесінде психологиялық-педагогикалық қолдаудың міндеті-оқушының өзі таңдаған жол бойында өнімді қозғалысы үшін жағдай жасау, оған саналы жеке таңдау жасауға, жанжалдар мен қайшылықтарды сындарлы шешуге, оқушының өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін түсінуге, өзін және басқаларды қабылдауға көмектесу деп анықтайды
Мектеп оқушыларының амандықтар әлемі туралы кәсіби ақпараттандыру мен ағарту бағыты.
Оқушының кәсіби мүдделерін, бейімділігі мен мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған психологиялық диагностиканы ескере отырып, мамандық таңдауда жеке көмек көрсету мақсатында жүргізілетін кәсіптік кеңес беру.
Таңдалған мамандыққа сәйкес келетін лауазымдық нұсқаулықтарды, талаптар мен міндеттерді зерделеуден тұратын кәсіптік бейімдеу.
Оқушылардың жауапкершілік сезімін қалыптастыру мақсатында жүргізілетін кәсіптік тәрбиелеу.
Жалпы білім беру мекемесіндегі педагог-психолог қызметінің маңызды бағыттарының бірі кәсіптік бағдарлау жұмысы болып табылады, ол оқушының кәсіби таңдауы мәселелерін шешуге ықпал етуге бағытталған. М. Ю. Уваров кәсіби бағдар беру жұмысы мен сүйемелдеудің келесі бағыттарын анықтайды:
Мамандықтар әлемі және олардың динамикасы туралы білімнің болуы.
Нарыққа шығуы мүмкін әр түрлі қызмет түрлеріне қызығушылықтың қалыптасуы.
Әр түрлі қызмет түрлеріне қатысты олардың мүмкіндіктерін барабар бағалау.
Өз мүдделері мен қабілеттерін кәсіптер әлемімен байланыстыра білу.
Өзін-өзі танып білуге деген белсенділік.
Өз ниеттеріне қатысты пікірлердің тәуелсіздігі.
Жеке тұлғаның белгілі бір дәрежеде жетілуі
зерттеулерді талдау мамандық таңдауға психологиялық дайындық құрылымына келесі компоненттерді қосуға мүмкіндік береді:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет