Жастар әлеметтану проблемалары



Дата28.11.2023
өлшемі33,63 Kb.
#130939

Қарағанды Медецина университеті
Жастар әлеуметтану проблемалары

Орындаған: Қырықбай Камилла


Топ:1-002
Тексерген: Әли М.Т
Қарағанды-2022
Жоспар:



  1. Кіріспе




  1. Жастар проблемалары: мәдентиеті мен даму бағыттары




  1. Қорытынды




  1. Қолданған әдебиеттер тізімі

Кіріспе



Жастардың әлеуметтік проблемалары жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық проблемалардың көрінісі мен жалғасы болып табылады. Жастардың әлеуметтік проблемалары – бұл қоғамның өмір тіршілігі және де, жастар үшін де өмірлік маңызды, халықтың ерекше әлеуметтік – демографиялық топтың проблемалары, жас ұрпақтардың және олардың ұйымдарының жігерін ғана емес сонымен қатар қоғам мен мемелекет тарапынан нақты саясатты талап ететін шешімдер болып табылады.
Жастарды негізінен келесі проблемалар қатты ойландырады: жоғары немесе орта білім ала алмау; өз отбасын материалдық жағынан қамсыздандыру қиындықтары; өз мамандығы бойынша жұмысқа қамтылу мәселесі; баспананың болмауы. Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай дәл осы қиын шешілетін мәселелер жиынтығы отбасы ішілік келіспеушіліктердің пайда болуына, олардың тұрақсыздығына алып келеді.
Келешекте дұрыс қоғамды қалыптастыру үшiн төмендегідей бөтен мәдениет түрiн қабылдамаудың жолын шешу керек. Керiсiнше, өзiмiздiң қазақы дiлiмiз бен мәдениетiмiзге тән ерекшелiктерiмiздi тануға тиiспiз. Ұмыт қалған салт-дәстүрiмiздi қайта жаңғыртып, дамытып, өзiмiздiң қазақ деген атқа лайық мәдениеттi, оның салаларын қазiргi жастарға насихаттау керек. Бүгінде мектеп, университет және отбасы жастарға жай «бақылаушы» позициясын ұстанбаулары керек, керісінше, жеке адамның бүкіл қоғам мүддесін игеру үшін жарыс мүмкіншілігіне тең дәрежеде ұмтылу позициясын қамтамасыз ету керек. Жастар проблемасы қашанда қоғамның өзекті мәселелерінің негізі болып табылған. Әдебиетімізде жастар көп жылдар бойы жеке әлеуметтік-демографиялық топ болып қарастырылған жоқ. Тек 1960 жылдардан бастап «Жастар» түсінігіне анықтама беріле бастады, «Жастар» -жас айырмашылығы, әлеуметтік жағдайы және әлеуметтік-психологиялық ерекшелігіне тән әлеуметтік-демографиялық топ. Ал нақты жастар субмәдениетін қарастыру елімізде Кеңес одағы ыдырағаннан кейін жүзеге аса бастады, ескі жүйе құлдырап, жаңа постиндустриалды қоғамға қадам басу, яғни қалыптасқан құндылықтар мен ережелер өзгеріп, жаңа әлеуметтік қоғамға тікелей әсер еткен реформалардың қабылдануы барлық әлеуметтік топтарға, әсіресе жастар қауымына ықпалын тигізбей қоймады.
Қазақ халқы ежелден-ақ ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Тәрбие құралдарын таба білген. Батырлық та, даналық та осы тәрбиеден бастау алады. Өйткені, тәрбиенің өзі нағыз ұлттық құндылық.Қазақтың нақыл сөздері мен мақал-мәтелдері — тұнып тұрған тәрбие құралдары. Халқымыз «Көп сөз көмір, аз сөз алтын» деп бекерге айтпаған. Азда болса, мәнді, мағыналы сөзбен ұрпағын тәрбиелеп, психологиялық ерекшелігін сақтап, бірлігін қорғап, нығайтып, дамытып отырған. Сондықтан, ең дамыған 30 елдің қатарына ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып енсек, болашағымыз баянды бола түседі. Қазақ жастары — елдің болашағы. Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы — жастар тәрбиесіне көңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары да сан тарау. Солардың ішін¬де шешуші рөл атқаратын тәлімі мен тәрбиенің бір түрі — жастарды патриотизм үлгісінде тәрбиелеу маңызды іс саналады . Қазіргі кезде жастарымыздың арасында Отанды қорғауға деген саналы көзқарастың болмауы салдарынан әскер қатарында қилы келеңсіздіктер жиі кездесіп қалады. Сондықтан да балабақшадан бастап, мектепте, ЖОО-да және өзге де мекемелерде патриоттық тәрбие беруді қолға алудың қажеттігі айқын байқалуда. Тәрбиенің бұл түрі жас ұрпақты елін қорғауға, ұлттық әскер сапында адал қызмет атқаруға, азаматтық қасиеттерге баулиды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму барысында саяси-идеологиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруына сай жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру үкіметіміздің жаңа стратегиялық бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып саналады. Еліміздің географиялық орналасуы мен ұлттық-этникалық ерекшелігіне орай оқушыларға халықтық дәстүрге негізделген бабалар рухына сай тәрбие жүйесін құру қажеттілігі қазақстандық білім саласының маңызды проблемаларының бірінен саналады. Біздің назарымыздан осы мәселе де тыс қалған жоқ.
«Жастар субмәдениеті проблемасын анықтау үшін, ең алдымен, «жастар» деген түсінікті қарастыру керек, яғни жастардың басқа топтардан айырмашылығын, жастардың жеке қасиеттері мен құндылықтарын, жастарға тән іс-әрекет пен жас тұлғаға әсер ететін факторлармен танысу қажет. Адамның жас шағы — құндылықтар жүйесінің қалыптасуы мен әлеуметтік статусының алғышарты болып табылады. Сонымен қатар осы шақта жастарға жаңаға деген ұмтылыс, ерекше болып көріну, белсенді өмір салтын ұстану тән, сондықтан жастар арасында нормадан ауытқушылықтар, яғни әртүрлі ықпалдарға еліктеушілік, оның ішінде батысқа еліктеушілік, әртүрлі жастар субмәдениетіне ену көрініс табады. Яғни «Жастар субмәдениеті» дегеніміз жеке адам дамуының өтпелі сатысы, жастардың ресми емес қатынастары және олардың өздеріне ғана тән мақсаттарын табуы жеке субмәдениеттің қалыптасуының себебіне айналады, белгілі бір субмәдениет өкілдері киген киіммімен, сөйлеу мәнерімен, жаргондары және айрықша әуестенулерімен ерекшеленеді және үлкендер әлеміне, қоғамның ережелері мен құндылықтарына деген өзіндік қарсылықты білдіретінін көрсетеді. Мұндай топтарға жастар қай жолмен келеді немесе не әсер етеді дейтін болсақ, ол жастардың тікелей психологиялық ерекшелігімен байланысты, яғни ең алдымен, ата-аналары мен мектеп тарапынан болатын бақылаулардан босауға деген ұмтылыстан, эмоцияға аса берілгіштіктен, жасөспірімдік әсірелеушіліктен, өмірге қатысты ойларының тым мінсіздігінен, адамгершілік ұстанымдарының тұрақсыздығынан, жеке адами құндылықтарының қалыптаспауынан. Қазіргі жаһандану заманында елімізде жастардың өз орнын тауып, жеке әлеуметтік топ болып, дұрыс бағытта дамуы қиынға соғуда. Оларға нағыз өмір туралы нақты кеңестер беріп, уақытында өз өмірлік тәжірибемізбен бөлісіп, олардың бастан кешіргендеріне сыйластықпен қарауымыз қажет. Сондықтан отбасы жағдайы, мектеп қабырғасы жастардың қалыптасуының негізі болып табылғандықтан жастармен тең дәрежедегі позициясын ұстанып, тәрбиеге көбірек көңіл бөлгені дұрыс».
Жастардың әлеуметтік проблемалары жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық проблемалардың көрінісі мен жалғасы болып табылады. Жастардың әлеуметтік проблемалары – бұл қоғамның өмір тіршілігі және де, жастар үшін де өмірлік маңызды, халықтың ерекше әлеуметтік – демографиялық топтың проблемалары, жас ұрпақтардың және олардың ұйымдарының жігерін ғана емес сонымен қатар қоғам мен мемелекет тарапынан нақты саясатты талап ететін шешімдер болып табылады.Жастарды негізінен келесі проблемалар қатты ойландырады: жоғары немесе орта білім ала алмау; өз отбасын материалдық жағынан қамсыздандыру қиындықтары; өз мамандығы бойынша жұмысқа қамтылу мәселесі; баспананың болмауы. Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай дәл осы қиын шешілетін мәселелер жиынтығы отбасы ішілік келіспеушіліктердің пайда болуына, олардың тұрақсыздығына алып келеді.
«Жастар арасындағы әлеуметтік жұмыс табыстылығының маңызды шарты болып, жастардың әлеуметтік проблемаларының туындау «деңгейін» анықтау табылады.Ең алдымен әлеуметтік қызметкерлер мынадай екі мәселеге назарларын аудару керек: мектепте оқуын жалғастырып жатқан жасөспірімдер еңбегі және орта мектеп түлектерін жұмыспен қамту.«Қазақстан жастары» 2005-2007 жылдар аралығындағы жастар саясатына арналған бағдарламада мемлекеттік бюджеттен 3,8 млн АҚШ доллары бөлінген. Бұл көршілес Қырғызстанмен салыстырғанда 7 есеге асып түседі .Көршілес Өзбекстан Республикасында атышулы жастар арасындағы жұмыссыздықты шешу түгілі, мектеп бітірушілер үшін жоғары оқу орындарына түсудің өзі қиын мәселе. Колледждер саны шектеулі. Ал бізде ше? Грантта бағын жанбаса ақылы негізде білім алуға мол мүмкіндік бар. Ол мүмкіндік егер үздік оқуынмен көзге түссен мемлекет тарапынан бөлінген гранттар мен несиелердің иегері болуға да жағдай жасалуда.Көрші Ресей Федерациясында 1 тамыз 2007 жылы шәкіртақы көлемінің өсуі 1,25 есені көрсетті. Бізбен салыстыратын болса, тек қана былтырғы жылдың өзінде мемлекетімізде Елбасы қолдауымен магистранттарға 3 есеге ұлғайтылған шәкіртақы тағайындалған болатын. Ресей Федерациясының 2008-2010 жылдарға арналған 3 жылғы мемлекеттік бюджетінде білім беруге қаражат небәрі 19 пайызға ғана көтерілмек, оның ішінде 2009 – 9,5 пайызды құрайды екен.
Жастар шығармашылығына қолдау көрсетудің тағы бір қырына тоқтала кеткен жөн. «Ақылдың елден қашуы» деген мәселенің кез келген мемлекеттің болашағы үшін қауіпті екені түсінікті. Бұл жәйттің біздің елімізге де қатысы барлығын жоққа шығара алмаймыз. Осы тұрғыда, салдарына тікелей әсер етпегенмен де қор өзінің қолдау-көмегі арқылы бұл мәселенің себебін азайтуға, яғни дарынды жастардың ғылыми-шығармашылық ізденісін ұштауға өзіндік ықпал етуде деуге болады. Мәселен, аталған байқауларға қатысушылардың қай-қайсысы болсын еліміз өміріндегі нақты бір өзекті мәселелерге байланысты жан-жақты зерттеулер жүргізеді, шешу жолдарын өзінше негіздеп ұсынады. Жақсы идеялар жоба күйінде қалмайды, міндетті түрде жүзеге асырылады. Осылайша, байқау дарынды жастарға ізденіс ізсіз кетпейтіндігін, бағалы идеялар еленбей қалмайтындығын көрсетті. Өз елінің тағдыры мен болашағына бейжай қарай алмайтын әрбір адамның ой-арманы, талап-тілегі қашанда өз биігінен орын табатындығын сезіндірді деп ойлаймыз.Ғылым-білім, мәдениет пен өнер саласындағы талантты жастарды қолдауда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры орасан зор жұмысты атқарып отыр.Өйткені, Қазақ елінің атын үшінші мыңжылдық тарихына жазатын, аға толқынның ғылым мен мәдениеттегі өрелі жолын лайықты жалғастыратын да осы бүгінгі толқын — жастар болмақ.
Жастардың арасындағы субмәдениет туралы сөз қозғамас бұрын, алдымен бұл түсінік астарында не жатқандығын анықтап алу керек. Айқындап алуға деген қажеттілік қазіргі күнде тек «жастар субмәдениеті» ұғымына ғана қатысты емес, сонымен қатар «жастар», «субмәдениет» түсініктеріне де өзіндік талдау, түсіндірулердің көбейіп кеткендігінен туып тұр. Жалпы, субмәдениет — жас адамдардың ресми емес қатынастарының, олардың ерекше өмір сүру стилі мен тәртіптерінің, белгілі бір қағидалары мен құндылықтарының нәтижесі және «МЕН-ОЛАР» жүйесіндегі өздерін көрсетудің, дамытудың бір жолы.
Жастардың бейформалдық бірлестіктерге кіруінің бірнеше себептері бар:
1.Отбасындағы түсініспеушіліктер, отбасына қарсы шығу
2.Мектептегі үлгермеушілік және мектеп ұжымынан оқшаулану
3.Барлық адамдар сияқты юолуды қаламау
4.Тұрақталу қалауы, өзіне көңіл аудартқысы келеді
5.Криминалдың әсер етуі
«Бүгінде жастар саясаты тәуелсіз Қазақстан елінің басты басымдықтарының бірі болып табылады. Жастарға айрықша көңіл бөлген мемлекет қана саяси және экономикалық табысқа жете алады. Жастардың инновациялық әлеуетін тиімді қолдана білген мемлекет стратегиялық артықшылыққа ие болады. Сондықтан да елімізде жастарды жалпы қоғамдық үдерістерге қосу мақсатында ынталандыру шаралары іске асырылып, олардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін мемлекеттік деңгейде жағдай жасалуда. Елімізде жастар саясаты қалай жүзеге асырылып жатқанын баяндап өтейік. Жастарды жұмыспен қамту мәселесі. Мысалы, студенттерге жол ақысының жеңілдігінің қолданылуы, еліміздегі жас азаматтар мен жас отбасыларды жеңілдікті ипотекалық несиелеу, жас мамандарды жұмыспен қамтудағы жеңілдіктер, ауыл жастарына берілетін көпсалалы квота, ауылға барған жастарға көтерме көмектер, жетім балаларға және мүгедек жандарға көсетілетін көмек түрлерін атап өтуге болады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды. Бағдарламалар қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатыр. Осы бағдарламалар аясында республика аймақтарында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын назарларыңызға ұсына кетейік.
Жастар саясаты — ел ертеңін айқындайтын басым бағыт. Жастар саясаты жастардың білім, еңбек және жұмыспен қамту, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге, шығармашылық әлеуетін дамытуға, жастарды ауқымды әлеуметтендіру және патриотизм құндылықтарын қалыптастыру үшін жағдай жасауға бағытталған. Мемлекеттік жастар саясатының басты мақсаттарының бірі — еліміздің әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуына үлес қосуға, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға тәрбиелеу. «Мен біздің жастарға сенемін», — деген Н.Назарбаевтың үмітін жастар әрқашан ақтар.
Қорытынды
Қазақстан Республикасының Президенті және жастар саясатына тоқталсақ, біз, тәуелсіздік бесігінде тербеліп өскен бақытты қазақ елінің ұландары, мемлекетіміздің қазіргі жетістіктері – бұл партиямыздың басшысы, әлем таныған ірі саяси қайраткер, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан сан алуан реформалардың заңды нәтижесі екенін мақтан тұтамыз. Себебі, елімізде қазіргі таңда әр жас азаматтың толыққанды дамуына арналған жан-жақты тетіктер жасақталғандығы айқын көрініс табуда.
Еліміздегі жастарды тәрбиелеудегі мынадай кемшіліктерді атап өтуге болады:
Білім беруде, тәрбиеде ұлттық рухтың азаюы;
Жаңа әлем ескі сана мен жаңа сана тоғысында. Бұл тұста тарихи сананы көтеруіміз қажет;
Жастар арасында қоғамдық мәдениетін қалыптастыру, қарапайым конференция, дөңгелек үстел, кітапхана мәдениеті жеткілікті емес;
Жастармен биліктің санаспауы, диалог құра алмауы;
Жастарды тартуда қоғам жарқындылығының әсер ете алмауы;
Мәдени дәстүрлер адамдарды өз халқын, Отанын сезінуге, оларды мақтан тұтуға, құрметтеуге тәрбиеледі. Отбасында мейірімділік пен ізгілікке баулуды, үлкендердің кішіге, кішінің үлкендерге ілтипатын, еңбек ету дағдыларын қадір тұту, ұлттық мәдениетке үйрету, тарихын құрметтеу, жастарды жігерлілікке тәрбиелеу, туған жеріне деген сүйіспеншілік, оны қорғауға дайын болу, эстетикалық талғам мен көркем әдебиетті сақтаудың бәрі мәдени дәстүрлер негізінде орнайды. Әр кезеңде қоғам алға басқан сайын мәдени дәстүр де қалыспай, көнеден жаңаға өтіп отырады.

Пайдаланған әдебиеттер:


Нысанбаев Ә.Н. Егемендікке ие болу мен нығаюы жағдайындағы қоғамдық сананың эволюциясы және жаңа құндылықтар жүйесінің қалыптасуы// Тәуелсіз Қазақстан философиясы. Астана: Аударма, 2006.-544б
Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арналған оқулық. Алматы: Раритет, 102б.
Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық.2009 жыл Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС,344 б.
Дәурен Бабамұратов «Жастар проблемасы – болашақ проблемасы»
Наурызбай Ж. Научно-педагогические основы этнокультурного образования школьников,А,1997,с.320
Агафанов А.Н, Менлибаев К.Н. Социальная работа с молодежью: Учебное пособие.-Караганда: Издаетльство КарГУ, 2003г.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет